2026 жылдың 19–21 мамыр аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан U-23 жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 17 облыс пен 3 қаладан 800-ге жуық спортшы қатысты.

Аталған додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті:

Омар Айбол – 1500 м қашықтықта І орын
Болатбекқызы Айана – 1500 м қашықтықта І орын
Омар Айбол – 5000 м қашықтықта І орын
Болатбекқызы Айана – 800 м қашықтықта І орын
Тумарбекова Дагара – 10000 м қашықтықта І орын
Нұрмәмет Ақбаян – 1500 м қашықтықта ІІ орын
Тумарбекова Дагара – 5000 м қашықтықта ІІІ орын
Нұрмәмет Ақбаян – 800 м қашықтықта ІІІ орын

📌 Болатбекқызы Айана Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.

📌 Болатбекқызы Айана мен Нұрмәмет Ақбаян U-23 жастар арасындағы Азия чемпионатына норматив орындап, іріктеуден өтті. Азия чемпионаты шілде айында Ордос қаласында, Қытай мемлекетінде өтеді.

Жаттықтырушысы — Сепбосынов Еркен Маратұлы, Жетісу облысының жеңіл атлетика федерациясының президенті, Жетісу облысының жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы және Дене шынықтыру және өнер факультетінің түлегі.