2026 жылғы 30 маусым – 1 шілде аралығында Шымкент қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Ғұсман Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан XXXV халықаралық мемориалдық турнир өтті.
Аталған халықаралық жарысқа 11 елден 250-ден астам спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Болатбекқызы Айана 1500 метр қашықтықта І орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, ол осы қашықтықта Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін екінші рет орындап, Азия ойындарының нормативін де екінші мәрте орындады. Сондай-ақ, 800 метр қашықтықта ІІІ орынға ие болды.
Нұрмәмет Ақбаян 1500 метр қашықтықта ІІІ орын, ал 800 метр қашықтықта ІІ орын иеленіп, жарысты табысты аяқтады.
Бұл жетістіктер – студенттеріміздің тынымсыз еңбегі мен жүйелі дайындығының нәтижесі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда да жоғары нәтижелер мен жаңа жеңістер тілейміз!






