








Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықты. Мемлекет басшысы көтерген кітап оқу мәдениетін дамыту бастамасын қолдау мақсатында «Банк Центркредит» Жетісу облыстық филиалының директоры университет кітапханасына көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының 80 данасын тарту етті.
Кітаптарды қабылдау барысында университеттің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға және оқу мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін банк ұжымына алғыс білдірді.
Мұндай игі бастамалар университет кітапханасының қорын байытып қана қоймай, студенттердің рухани-мәдени дамуына, ұлттық әдеби мұраны тереңірек танып-білуіне зор мүмкіндік береді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

