ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖАРҚЫН ҚАДАМЫ
Журналистика кафедрасының «Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша ЖҚ311 және ЖҚ312 тобының өндірістік практика қорытындысына арналған конференция өтті. 2026 жылдың 12 қаңтары мен 21 ақпаны аралығында ұйымдастырылған практика өз мәресіне жетіп, білім алушылар атқарған жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап шықты. Студенттер практика барысында өңірдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдени мекемелерде тәжірибе жинақтады. Атап айтқанда, олар «Жетісу» …










