Гуманитарный Факультет

«БОСТАНДЫҚТАН АЙЫРҒАН БАТЫРМА»

ЖҚ-311 тобында топ кураторы Айсұлу Жазыбекованың ұйымдастыруымен «Бостандықтан айырған батырма» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кездесу барысында студенттермен заң талаптарын сақтау, әр әрекетке жауапкершілікпен қарау және түрлі арандатушы ақпараттарға ермеу туралы әңгіме өрбіді. Қазір ақпараттың жылдам тарайтын уақытында кез келген нәрсені ойланбастан қабылдап, бөлісе салу оңай. Алайда оның соңы күтпеген жағдайға әкелуі мүмкін екені айтылды. Куратор …

«БОСТАНДЫҚТАН АЙЫРҒАН БАТЫРМА» Read More »

Ұстазымыздың ерен еңбегі министрдің Құрмет грамотасымен марапатталды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне және Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өтті. Университет қызметкерлерін  Басқарма мүшесі – әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев құттықтап, білім беру жүйесін дамытуға үлес қосып, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар қызметкерлерге университет …

Ұстазымыздың ерен еңбегі министрдің Құрмет грамотасымен марапатталды. Read More »

Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында “Кітап пен уақыт:ой мен шабыт” тақырыбында білімгерлермен кітап оқитын ұлт жобасы аясында кездесу өткізілді.

2026 жылдың 30 қыркүйегінде Гуманитарлық факультет, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында “Кітап пен уақыт:ой мен шабыт” тақырыбында білімгерлермен кітап оқитын ұлт жобасы аясында кездесу өткізілді. Кездесу барысында кітап оқудың қазіргі студент өміріндегі орны, уақытты тиімді пайдалану және кітаптың адамға беретін шабыты мен ойы туралы пікірлер айтылды. Студенттік кезеңде кітап арқылы білім алуға, жаңа нәрсеге үйренуге …

Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында “Кітап пен уақыт:ой мен шабыт” тақырыбында білімгерлермен кітап оқитын ұлт жобасы аясында кездесу өткізілді. Read More »

«Құқық.Диалог.Медиа.Құрмет» атты зияткерлік квесті өтті.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, этносаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ «өшпенділік тілінің» алдын алу мақсатында «Құқық.Диалог.Медиа.Құрмет» атты зияткерлік квесті өтті. Квестке гуманитарлықт факультеттен «Жеті жарғы» командасы қатысты. Білімділік, тапқырлық және командалық бірлік таныта білген «Жеті жарғы» командасы 2 орын иеленді.

Гуманитарлық факультетте «Language Fair» тілдер жәрмеңкесі өтті 

Гуманитарлық факультетте «Language Fair» тілдер жәрмеңкесі өтті Гуманитарлық факультетте Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өзгеше форматтағы «Language Fair» тілдер жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті. Іс-шара әртүрлі халықтардың тілі мен мәдениетін насихаттауға, студенттердің достығы мен шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталды. Жәрмеңке аясында әр тілге арналған арнайы бұрыштар ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылып, ұлттық дәмдер ұсынылды. Жәрмеңкеде қазақ, ағылшын, қытай, түрік, …

Гуманитарлық факультетте «Language Fair» тілдер жәрмеңкесі өтті  Read More »

Жетісу университетінде АҚШ Бас консулдығының өкілдерімен кездесу өтті

10 қыркүйекте Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығының өкілдерімен және ETA (English Teaching Assistant) бағдарламасы аясында Америка Құрама Штаттарынан келген ассистент Alessandra Cabrera-мен ресми кездесу өтті.Бұл визит академикалық ұтқырлықты дамыту және тілдік құзыреттілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының студенттері мен оқытушылары үшін бұл: Ағылшын тілін ана тілінде сөйлейтін маманмен бірге жетілдіруге; Тілдік …

Жетісу университетінде АҚШ Бас консулдығының өкілдерімен кездесу өтті Read More »

Университетпен танысу: Гуманитарлық факультеттің шет тілдер кафедрасы 1-курс студенттеріне экскурсия ұйымдастырды

Жетісу университеті Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық факультетіне (шет тілдер кафедрасы) қарасты 1-курс студенттері үшін үлкен танысу экскурсиясы өтті. Бұл іс-шара жас түсушілерге жаңа ортаға тез бейімделіп, бір-бірімен және кураторлармен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Экскурсия барысында студенттерге университеттің бас корпусы көрсетіліп, оқу орнының құрылымы мен мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жастар заманауи кітапхананы, оқу …

Университетпен танысу: Гуманитарлық факультеттің шет тілдер кафедрасы 1-курс студенттеріне экскурсия ұйымдастырды Read More »

ҚАУІПСІЗДІК – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2026/09/АЙЖАН-АПАЙ-1.mp4 ҚАУІПСІЗДІК – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ ♦️ 23 қыркүйек күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен лаңкестік пен экстремизмнің алдын алуға бағытталған кураторлық сағат өткізілді. ♦️ Эдвайзер Шыныбекова Айжан Сахановнаның ұйымдастыруымен өткен кездесуде жастардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, радикалды идеологияның ықпалына түспеудің жолдары, сондай-ақ әлеуметтік …

ҚАУІПСІЗДІК – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ Read More »

Кураторлық сағат

https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2026/09/IMG_8869-2.mov САНАЛЫ ТАНДАУ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ ♦️ 21 қыркүйек күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті ББ 3-курс студенттерімен лаңкестік пен экстремизмнің алдын алуға бағытталған кураторлық сағат өткізілді. ♦️ Эдвайзер Есимбекова Динара Болатқызының ұйымдастыруымен өткен кездесуде жастардың ақпараттық қауіпсіздігі, радикалды идеологиядан сақтану, әлеуметтік желідегі ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау мәселелері қозғалды. …

Кураторлық сағат Read More »

Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Д.Г.Қаратаеваның «Заманауи әлемдегі экстремизм мен лаңкестік: қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік» тақырыбындағы кураторлық сағаты

23 қыркүйек күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультетінде ТҚҚ-311 (IP)тобы студенттерінің қатысуымен «Заманауи әлемдегі экстремизм мен лаңкестік: қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында кураторлық сағат өтілді. Іс-шараны эдвайзер Қаратаева Динара Ғалымбаевна ұйымдастырды. Кураторлық сағат барысында экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу, қауіпсіз қоғам қалыптастыру, құқықтық жауапкершілікті түсіну және жастардың саналы шешім қабылдауы мәселелері талқыланды. Сонымен …

Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Д.Г.Қаратаеваның «Заманауи әлемдегі экстремизм мен лаңкестік: қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік» тақырыбындағы кураторлық сағаты Read More »