Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Академиялық ұтқырлық аясындағы дәріс

Жаратылыстану-техникалық факультетінің «Экология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық аясында білімдерін шыңдауда. Оларға Камерино университетінің философия докторы Flavio Stimilli «Methods of environmental design-Ecological» пәні бойынша дәріс берді. Семинар «The blue gold in a changing climate: how a primary resource is becoming a mixed blessing for the sustainability of our modern societies» тақырыбында …

Академиялық ұтқырлық аясындағы дәріс Read More »

Құттықтаймыз!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев пен Гуманитарлық факультеттің қауымдастырылған профессоры Назгүл Байғабатова «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Мерекелік медальді Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев салтанатты түрде табыстады. «Бұл марапат – Сіздердің ғылым мен жоғары білім беру саласындағы адал еңбектеріңізге деген зор құрметтің белгісі. …

Құттықтаймыз! Read More »

«Асыл қазына университеті» жобасын іске асыру аясында «Қаржылық сауаттылық: құралдар, тәуекелдер және жеке жоспарлау» тақырыбында семинар

Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы Экономика және сервис кафедрасымен бірлесіп 2025 жылғы 19-20 маусымда «Қаржылық сауаттылық: құралдар, тәуекелдер және жеке жоспарлау»тақырыбында семинар өткізді. Семинар университет (55+) оқытушылары арасында қаржылық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында «Асыл қазына университеті» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Семинарға түрлі факультеттерден 18 оқытушы қатысты. Семинар барысында қаржылық қауіпсіздік негіздері және қаржылық …

«Асыл қазына университеті» жобасын іске асыру аясында «Қаржылық сауаттылық: құралдар, тәуекелдер және жеке жоспарлау» тақырыбында семинар Read More »

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында үздік үштікте!

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі  (IQAA – Ranking)  жүргізген Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі – 2025  қорытындысы бойынша  «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен қатар Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында ТОП-3-ке енді. 2025 жылғы институционалдық рейтингке республиканың 30 жоғары оқу орны қатысты. Студенттер, жұмыс берушілер мен түлектер …

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында үздік үштікте! Read More »

Жетісу университетінің қабылдау комиссиясы жұмысын бастады.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. 2025-2026 оқу жылына талапкерлерден жоғары оқу орындарына түсу, мемлекеттік білім гранты конкурсына өтініш беру, магистратураға кешенді тестілеу тапсыру, докторантураға оқуға түсу емтихандары бойынша өтініш пен құжаттар қабылдайды. Жаз бойы талапкерлерге 15 техникалық хатшы, 3 кеңес беруші қызмет көрсетеді. Университет басшылығы қабылдау комиссиясының маңызды кезеңдегі жұмысына ерекше назар …

Жетісу университетінің қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Read More »

ХІІІ жазғы Универсиада жеңімпаздарын құттықтау

Бүгін Жетісу университетінің ұжымы Түркістан қаласында өткен ҚР жоғары оқу орындары арасындағы ХІІІ жазғы Универсиада жеңімпаздарына құрмет көрсетті. Басқарма Төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев спортшы студенттерге және олардың бапкерлеріне алғыс айтты. «Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Универсиадаға еліміздің 76 жоғары оқу орны қатысты. Жетпіс алты университеттің ішінде Жетісу университеті 8 орыннан көрінді. Бұл үлкен жетістік. …

ХІІІ жазғы Универсиада жеңімпаздарын құттықтау Read More »

Ынтымақтастық жөніндегі меморандум

23.06.2025 жылы Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментімен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде тараптар бірнеше негізгі бағыттар аясында бірлескен жұмыстарды іске асыруды жоспарлап отыр. Олардың арасында – еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы …

Ынтымақтастық жөніндегі меморандум Read More »

Құттықтаймыз!

Жетісу университетінің білім алушылары топ жарды! 19–21 маусымда Алматы қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы VI жазғы ойындарында университетіміздің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері топ жарды. Атап айтсақ, 5000 м қашықтыққа жүгіруден Омар Айбол мен Құдайберген Сания І орынға, Нұрмәмет Ақбаян ІІ орынға ие болды. Университетіміздің абыройын асқақтатып, үздік нәтижелерге қол жеткізген …

Құттықтаймыз! Read More »

Құттықтаймыз!

22 маусымда Ақтекше ауылында өткен «Шаған Тау жарысы – 2025» марафонында Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижеге қол жеткізді.6 км қашықтыққа жүгіруден Омар Айбол мен Құдайберген Сания І орынға ие болды. Жеңімпаз студенттердің бапкері Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің түлегі, жеңіл атлетикадан Жетісу облысының аға жаттықтырушысы — Сепбосынов Еркен Маратұлы. #SDG …

Құттықтаймыз! Read More »

AI Assistant