Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Университет пен колледж студенттерінің ынтымақтастығы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің РЯЛняо(IP)-122 және РЯЛняо(IP)-212 топтарының студенттері А.Мелисова, Н.Бердигулова, Д. Ходжалакова, А.Акылбекова, А.Бектұрғанова, А.Тұрсұмбай, К.Чукаева, Д.Сташкова және Я. Авдыминова университет колледжінде кәсіби бағдар беру мақсатында «Ежелгі орыс әдебиетінің ескерткіштері» тақырыбында бірлескен сабақ өткізді. Университет студенттері «Игорь полкы туралы жыр» шығармасының поэтикасы жөнінде мазмұнды баяндама жасап, терең білімдерін, ғылыми көзқарасын және сыни ойлау …

Университет пен колледж студенттерінің ынтымақтастығы Read More »

ЖУ ғалымдары Дүниежүзілік конгреске қатысты

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің өкілдері 15–17 қазан аралығында Алматы қаласында өтіп жатқан инклюзивті білім беру жөніндегі алғашқы Дүниежүзілік — World Inclusion Congress (WIC 2025) конгресіне қатысты. Ауқымды шараға әлемнің 51 елінен 1500-ден астам адам: мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, халықаралық ұйымдар, педагогтар, сарапшылар және инклюзивті білім беру саласының көшбасшылары жиналды. Қазақстан атынан қатысушылардың …

ЖУ ғалымдары Дүниежүзілік конгреске қатысты Read More »

ZU Professions Fest 2025 «Мамандықты таңда – болашағыңды айқында!» хакатон өтті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ZU Professions Fest 2025 «Мамандықты таңда – болашағыңды айқында!» хакатон өтті. Осы шараға өңір мамандары, жұмыс беруші-сарапшылар, оқытушылар, студенттер және оқушылар қатысты. Қонақтарды Жетісу университетінің жас ғалымдарының инновациялық жобалары, ғылыми стартаптары, технологиялық шешімдері көрсетілген жетістіктер көрмесі қарсы алды. Қатысушылар кәсіби шығармашылық пен жаңашылдық атмосферасына толығымен еніп …

ZU Professions Fest 2025 «Мамандықты таңда – болашағыңды айқында!» хакатон өтті Read More »

Құттықтаймыз!

Наталья Борсенко атындағы арнайы грант иегері анықталды! Көктем мезгілінде ҚР Құрметті журналисі, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, облыстық «Жетісу» телеарнасының негізін қалаушы Наталья Борсенконы еске алу кеші өткен. Сол кеште марқұмның ұлы Максим Ноженко жетісулық талантты жасқа І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде журналистика мамандығында оқу үшін анасының атындағы арнайы білім грантын ұсынатынын айтып, сертификат табыстаған болатын. Бүгін …

Құттықтаймыз! Read More »

«Қазақтың тұңғыш ғалымы» ашық дәріс

Бүгін Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттың ұлы перзенті, ғалым, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш ғалымы» атты ашық дәріс өтті. Шарада Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Серив кіріспе сөз сөйлеп, этнограф-ғалымның ағартушылық көзқарасы мен ұлт болашағы жолындағы еңбегіне қысқаша тоқталды. Ашық дәрісте халықаралық …

«Қазақтың тұңғыш ғалымы» ашық дәріс Read More »

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттар! Сіздерді 2025 жылғы 17 қазанда сағат 16:00-де Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін семинарға қатысуға шақырамыз. Семинарда қарастырылатын тақырыптар:1. «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің хабаршысына» мақала ұсыну (OJS онлайн мақала беру жүйесі);2. Халықаралық ғылыми деректер базалары және іздеу жүйелері (Scopus, Web of Science). Ақпаратты іздеу принциптері. Өтетін орны: …

ХАБАРЛАНДЫРУ Read More »

Кітапханаға экскурсия

Ғ.Орманов атындағы кітапханада бірінші курс студенттеріне арналған таныстыру экскурсиясы өтті. Экскурсия барысында білімгерлер кітапхана құрылымымен, оқу залдарымен, кітап қорымен және электрондық ресурстармен танысты. Сонымен қатар, кітапхана қызметін пайдалану ережелері мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты білімгерлердің ақпараттық сауаттылығын арттырып, кітапхана мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағыт беру. Барша студенттерді кітапхана қызметін белсенді пайдалануға шақырамыз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Сенбілік

Жетісу университеті қала әкімшілігімен бірлесіп «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке университет ұжымы мен Жансүгіров колледжінің қызметкерлері және студенттері белсенді қатысып, белгіленген аймақты қоқыстардан тазартты. Табиғатты аялау оның байлығын сақтауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция жастарды тазалыққа баулумен қатар еңбекке тәрбиелейді. Қаланың тазалығына, көреюіне өзіндік үлес қосқан білім ордасының …

Сенбілік Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 7-8 қазан күндері Талдықорған қаласында жеңіл атлетикалық кросстан барлық жас ерекшеліктері арасында ҚР чемпионаты өтті. Оған 14 облыс және 3 қаладан 300-ге жуық спортшылар қатысты. Дүбірлі додада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері Жаңабек Есенбол, Омар Айбол, Нұрмәмет Ақбаян, Болатбекқызы Айана, Құдайберген Сания, Күнболатқызы Жансая бақ сынап, жүлделі …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

Волонтерлар форумы

Волонтерлікті дамыту мен қолдаудың жол картасы аясында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мақсатында жыл сайын республикалық волонтерлар форумы өтеді. Осыған орай «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастығы Жетісу облысында өңірлік форум және тренинг ұйымдастырды. Аталған шараға Жетісу университетінің командасы қатысып, жүлделі I орынды иеленді. Команда жетекшісі экология және ауылшаруашылық ғылымдар …

Волонтерлар форумы Read More »