Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Аккредитация

2025 жылдың 05-06 қарашасы аралығында Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы (CAААE) Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру деңгейлері бойынша 8 білім беру бағдарламасын мамандырылған аккредиттеуден өткізу рәсімін жүргізеді. #SDG #ТДМ #ЦУР

Студенттік Ассамблеяның ашылуы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жастар арасындағы көшбасшылықты, бастамашылдықты және ұлтаралық келісімді дамытуға бағытталған Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысып, түрлі этнос өкілдерінің бірлік пен патриотизм идеялары төңірегінде бірігуінің маңыздылығын атап өтті. Студенттік Ассамблеяның құрылуы жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мен этномәдени диалогты нығайту жолындағы …

Студенттік Ассамблеяның ашылуы Read More »

Сыртқы академиялық ұтқырлық

2025-2026 оқу жылында Құқық және экономика факультетінің Халықаралық құқық білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ақерке Дюсен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Лодзь университетінде (Польша) білім алып жатыр. А. Дюсен Лодзь университетінде таңдаған мамандығы бойынша білімін тереңдетіп, еуропалық құқықтық жүйені зерделеп, мәдениетаралық құзыреттілігін дамытып, сондай-ақ Польша және басқа да еуропа елдерінің мәдениетімен танысып қайтады. Академиялық ұтқырлық …

Сыртқы академиялық ұтқырлық Read More »

Республикалық ғылыми семинар

2025 жылдың 30-31 қазан күндері «Жетісу Дарыны» облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Өткеннен болашаққа: Тарихты жасанды интеллект арқылы зерттеу» тақырыбында республикалық ғылыми семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысына Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), т.ғ.к. Тлеубекова Гүлжан Бөлегенқызы мен PhD, оқытушы-дәріскер Калиева Бекзат Тынысбековна спикер ретінде қатысты. Гүлжан Бөлегенқызы «Шоқан Уәлихановтың жеке тектік құжаттарын жасанды интеллект негізінде …

Республикалық ғылыми семинар Read More »

«Таза Қазақстан» акциясы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға университет ұжымы, Жансүгіров колледжінің қызметкерлері мен студенттері белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аймақты қоқыстардан тазартты.Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың маңызды міндеті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұндай шаралар жастарды тазалыққа, еңбексүйгіштікке және жауапкершілікке тәрбиелейді. Жетісу университетінің ұжымы алдағы уақытта да осындай сенбіліктерді …

«Таза Қазақстан» акциясы Read More »

«Интербелсенді оқыту технологиясы: білімді болашаққа бірге!» атты хакатон

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Динара Есимбекова 4 курс білім алушыларымен «Заманауи педагогикалық технологиялар» пәні бойынша «Интербелсенді оқыту технологиясы: білімді болашаққа бірге!» тақырыбында хакатон өткізді. Хакатонның мақсаты: интербелсенді оқыту технологиялары аясында жасанды интеллект, STEM және CLIL технологияларының интеграциясын тәжірибе жүзінде ұсыну; студенттердің командалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, педагогикалық шеберлікті шыңдау; білім беру үдерісін …

«Интербелсенді оқыту технологиясы: білімді болашаққа бірге!» атты хакатон Read More »

«Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беруді педагогикалық сүйемелдеу» ресурс орталығы ашылды

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беруді педагогикалық сүйемелдеу» ресурс орталығы ашылды. Аталған орталық Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша AP23488199 – «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» (2024–2026 жж.) ғылыми және ғылыми-техникалық жобасы аясында жүзеге асты. Орталықтың мақсаты – …

«Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беруді педагогикалық сүйемелдеу» ресурс орталығы ашылды Read More »

Студенттер арасындағы Спартакиада

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге Студенттер арасында Спартакиада ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – Ұлттық Студенттік Лигаларға іріктеу жүргізу, студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жекелей спорттық шеберліктерін арттыру, факультеттер арасында спорттық-жолдастық қарым-қатынасты нығайту. Жарыс жеңіл атлетика (4х100м эстафета жүгіру), тоғызқұмалақ, гір көтеру (18кг), жүзу (50м), …

Студенттер арасындағы Спартакиада Read More »

Құттықтаймыз!

2025 жылдың 25–30 қазан күндері Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Әлихан Әскербай топ жарды. Әлихан 172 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында әлем, Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты. ◾ Жұлқа көтеруде — 144 келі, бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы жаңа әлемдік рекорд ретінде тіркелді.◾ Серпе …

Құттықтаймыз! Read More »