Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

“Таза сессия”

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенттері А. Аннабигин және Е. Дүзжасаров “Таза сессия” акциясы аясында кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында студенттерге академиялық адалдық, әділ бағалау және емтихан тапсыру мәдениеті туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

“Таза сессия”

Дене шынықтыру және өнер факультетінің ФКР 311, ФКР 411 топтарының кураторы С.Сочин “Таза сессия” акциясы аясында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – студенттерге академиялық адалдық ұстанымдарын түсіндіру, әділ және ережеге сай емтихан тапсырудың маңыздылығын ұғындыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оқу үдерісінде жауапкершілік пен тәртіпті арттыру.

«Таза сессия»

2025 жылдың 9 желтоқсанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының ХГПр-111 студенттерімен топ кураторы оқытушы-ассистенті С.Матальцкий «Таза сессия» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.Кураторлық сағат барысында қысқы емтихан сессиясының ережелері түсіндіріліп, талаптары кеңінен талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.

“Таза сессия”

Дене шынықтыру және өнер факультетінің ДШҚ 116, 211, 212 топтарының кураторы М.Заманбеков “Таза сессия” акциясы аясында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – студенттердің бойында адалдық пен әділдікке деген саналы көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ емтихан кезеңінде академиялық тәртіп пен ережелерді сақтаудың маңызын түсіндіру.

Дене шынықтыру және өнер факультетінде «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында кездесу өткіздік.

Факультет деканы Утегенов Ерлан Казбекович, декан орынбасарлары және кафедра меңгерушілері қатысқан жиналыста бірқатар маңызды мәселелер қаралды:Күн тәртібіндегі сұрақтар:

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Астана қаласында өткен ересектер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыҚұрманбек Ақжолсерпе көтеруде – 152 кг,жұлқа көтеруде – 200 кгнәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды! 🥇 Ақжолды жеңсімен құттықтап, алдағы спорттық жарыстарда толағай табыс тілейміз!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 1–7 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ересектер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Әскербай Алихан жеңімпаз атанды. 🥇 Бұл — тынымсыз еңбек пен жанқиярлық жаттығудың жемісі.Алиханға алдағы спорттық жолында толағай табыстар тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Австралия мемлекетінің Голд-Кост қаласында өткен Кекушинкай каратэден Әлем КубогындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыНұреке Ұлжан әйелдер арасында Ката бағыты бойынша жеңімпаз атанды! 🥇 Бұл — табандылық пен үздіксіз жаттығудың жемісі.Ұлжанға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жапония астанасы Токио қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарында Грек-рим күресіненІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыӘбдрасіл Рамазан Алмасұлы 97 кг салмақ дәрежесінде жүлделі III орынды иеленді. Бұл жетістік – тынымсыз еңбек пен табандылықтың, жанқиярлық дайындықтың жарқын нәтижесі.Рамазанға алғысымызды білдіре отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз! 🇰🇿🥉

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» КММ әкімшілігі ашылу салтанатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің«Дене шынықтыру және өнер» факультетінің студенттеріне мекеме ішкі қабырғаларын көркем суреттермен әрлеп, ғимаратқа ерекше сән мен жылылық сыйлаудағы белсенді еңбектері үшін шынайы алғыс білдіре отырып, алдағы оқу жолдарыңызға және шығармашылық ізденістеріңізге толағай табыс тіледі!

AI Assistant