Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

Джиу-джитсудан ҚР чемпионаты

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білімгері М.Есмұрат  2022 жылдың 16-18 қыркүйек аралығында Алматы облысы Талғар қаласында джиу-джитсудан ҚР чемпионатында 46 келі салмақ дәрежесінде 1 орын иеленіп Абу-Даби елінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Бокстан шеберлік сағаты

20.09.2022 ж.  Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің  оқытушы-ассистенті,  магистр, бокстан ҚР спорт шебері А.Тохтаров І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына арналған  «Қорғанып қарсы шабуыл әдісін және жақын ара-қашықтықта оң-сол бүйірден соғу» тақырыбында дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 2 курс білімгерлерімен  шеберлік сағатын өткізді. Бейнеге сілтеме:

Жолдау

09.09.2022 жылы дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің   деканы  Е.Утегенов Қазақстан Республикасының Президентінің  1 қыркүйектегі  жолдауын талқылау мақсатында  жоғары мектептің оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу өткізді.

Жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білімгері  Омар Айбол Айдосұлы  2022 жылдың 06-09 қыркүйек аралығында   Алматы қаласында өткен 2005-2006 ж.т. жастар арасында (ұлдар) жеңіл атлетикадан ҚР чемпионатында 1500 м және 3000 м  1  орын иеленіп Кувейт елінде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Бейнеге сілтеме:

Жауынгерлік самбодан ҚР чемпионаты

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 3 курс білімгері  Турусбеков Аслан Қайратұлы  2022 жылдың 18-20 тамыз аралығында   Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында өткен 2002-2003 ж.т. жастар арасында (ұлдар) жауынгерлік самбодан ҚР чемпионатында 64 келі  салмақ дәрежесінде  1  орын иеленіп Грузия елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Білімгерлермен онлайн кездесу

22.08.2022 ж. сағат 15.00-17.00 дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің деканы 2022-2023 оқу жылының 1-5 курс білімгерлерімен жаңа оқу жылын ұйымдастыру бойынша білімгерлермен сұрақ-жауап түрінде онлайн кездесу өткізді. Онлайн кездесудің басты мақсаты 1 курс білімгерлеріне жалпы оқу үрдісі, жатақханаға орналасу тәртібі жайлы толық ақпарат беру.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 4 курс білімгері  Орманғали Данияр 2022жылы 25 маусымда өткен Республикалық «Шаған Тау» жартылай марафон жарысында 1 орын алып,Алтын медалін иеленді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 4 курс білімгері  Орманғали Данияр 2022жылы 25 маусымда өткен Республикалық «Шаған Тау» жартылай марафон жарысында 1 орын алып,Алтын медалін иеленді. Бейнеге сілтеме: https://youtube.com/shorts/29dlI-JF1As?feature=share

Халықаралық турнир волейболдан

14-20.06.2022 жылы Тәжікстан мемлекетінің  Душанбе қаласында өткен волейболдан халықаралық турнирде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгерлерінің ерлер командасы жүлделі 1 орын иеленуімен құттықтаймыз! Бейнеге сілтеме: