Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

Құттықтаймыз!

🏆 Кезекті жеңіс ⚜️ І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 1-ші курс студенті Болатбекова Аяна, Түркістан қаласында өткен халықаралық марафон жарысында 1-ші орын алтын медальді жеңіп алуымен құттықтаймыз!

29.10.2024 ж Оқытушы-дәріскер С.Кунтуганована, 119 аудиторида , сағат14.10-15.00  Негізгі музыкалық аспап(домбыра)3 пәні бойынша  Мбқ311 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты 1.Ансамбльде кәсіби музыкалық күйлер мен шығармаларды меңгеру 2. Домбыра тартуда жоғарғы деңгейге жеткен күйшілерді білу. Ашық сабақта атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол!», «Қайран шешем»сияқты күйлеріне тарихи баяндама айтылды. С.Кунтуганована «Адай» күйін ансамбльде орындалу …

29.10.2024 ж Оқытушы-дәріскер С.Кунтуганована, 119 аудиторида , сағат14.10-15.00  Негізгі музыкалық аспап(домбыра)3 пәні бойынша  Мбқ311 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

22 – 26 қазан аралығында Индонезия мемлекетінің Депок қаласында әйелдер арасында индоорхоккей бойынша Азия Кубогінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 4 курс білімгері Олжабаева Дилназды І орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

“ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің “ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы ҚР ҚМ ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛЫҚ мектебінің әскери бөліне барып күн тәртібімен танысып, Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерінің мұражайын тамашалап қайтты.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Греция мемлекеті, Корфу аралында өткен кәсіпқой Гір спортынан ӘЛЕМ чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Бражкина Анастасияны ІІ орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

“ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің “ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында «Шағала» қойылымын тамашалап, рухани азық алып қайтты.

Дене шынықтыру  және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті М.Жумабева   ДҚ511  топ білімгерлерімен  ландшафт дизайн пәні бойынша  «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың ландшафттық аспектілері» тақырыбында 210 аудиторияда 12:20-13:10 ашық сабақ  өткізді.

Мақсаты: Ландшафттық композициялар жасау және оларды интерьерде пайдалану бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Ашық экологиялық жағдаяттар, микроклимат құру, кескінді жақсарту. Ландшафттық аспектілерді  зерттеу барысында екі негізгі міндет шешіледі; — студенттер мүмкіндіктерін зерттей отырып, ландшафт дизайны туралы түсінік алады және өзінің табиғи ортасын өзгертеді;- теориялық негіздерімен танысып алған білімдерін практикада қолданады.

AI Assistant