Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

1 Қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күнімен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамын шын жүректен құттықтаймыз!

Білім мен ғылым жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз, ұрпақ тәрбиесіндегі үлестеріңіз– ел ертеңінің іргетасы.Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс пен жеміс тілейміз!Әр шәкіртіңіз – сіздердің білімдеріңіз бен жүректеріңізден нәр алып, биік белестерді бағындыра берсін!Құрмет пен алғысқа бөлене беріңіздер!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 27 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Грузия Республикасы, Тбилиси қаласында өткен аралас жекпе-жек (ММА) спорт түрі бойынша Әлем чемпионатындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Медетова Айнұр 65,8 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Айнұрды айтулы жетістігімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Жеңістеріңіз жалғасын таба берсін! 🥉🇰🇿

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 27-29 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында өткен Еркін күрестен Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындарындаІлияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті: Үсен Елдос Жандосұлы 57кг салмақ дәрежесінде – ІІ орынИбраим Еділ Болатұлы 65кг салмақ дәрежесінде – ІІ орын Спортшыларымызды айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз!Жеңістеріңіз жалғасын таба берсін! 🏆🇰🇿

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

14 қыркүйек 2025 жылы Шымкент қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы марафон, жартылай марафон және 10 км шосседегі Қазақстан Республикасының чемпионатындаІлияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары үздік нәтиже көрсетті:Жартылай марафон – 21 км:Құдайберген Сания — І орынЖаңабек Есенбол — ІІ орын10 км:Омар Айбол — ІІ орынУниверситетіміздің абыройын асқақтатқан жеңімпаздарымызға …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

Қазақстан Республикасы Президентінің 8 қыркүйектегі жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің 8 қыркүйектегі жолдауына байланысты Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері С. Сочин ФКР 311 тобымен тәрбие сағатын өткізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 8 қыркүйектегі жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің 8 қыркүйектегі жолдауына байланысты Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері Б. сарсенбаев ДШҚ 413, 414, 415 топтарымен тәрбие сағатын өткізді.

«ЕРЛІК» әскери-патриоттық клубы

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – басты міндет!2025 жылдың тоғызыншы қыркүйек күні «ЕРЛІК» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен жастар арасында патриоттық сана мен Отан алдындағы борышқа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында маңызды кездесу өтті.Кездесуге Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник Дүйсебеков Мақсат Қуанышұлы және Жетісу облысының ардагерлермен жұмыс жөніндегі инспекторы, отставкадағы подполковник Асханбаев Талғат Биғабатұлы арнайы шақырылды.Іс-шара …

«ЕРЛІК» әскери-патриоттық клубы Read More »

Білім – болашақтың кепілі!

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауы жарияланған болатын. Осыған орай Дене шынықтыру және өнер факультетінде Жолдауды талқылау мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.Іс-шара барысында оқытушы-дәріскер Өзенбаев Мергенбай Рамазанұлы мен оқытушы-ассистент Абден Асылбек Қайратұлы студенттермен ашық пікір алмасып, ел дамуы жолындағы маңызды басымдықтарды атап өтті.Жастарды елжандылыққа, белсенді азамат болуға, білім мен еңбек …

Білім – болашақтың кепілі! Read More »

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауы

09.09.2025 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын талқылап, қолдау білдірді.Жиын барысында Жолдауда айтылған негізгі басым бағыттар мен ел дамуына қатысты маңызды бастамалар кеңінен сараланып, әлеуметтік-экономикалық өсімге бағытталған нақты қадамдарға оң баға берілді. Оқытушылар мен білім алушылар өз пікірлерін ортаға салып, әсіресе …

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауы Read More »

«Көшбасшы 2025» байқауының «Үздік жас спортшы»

«Көшбасшы 2025» байқауының «Үздік жас спортшы» номинациясы бойынша-дене шынықтыру және өнер факультетінің бірінші курс білім алушысы Азия чемпионы Әскербай Алихан Амангелдіұлы марапатталды.