Zhansugurov College

Басқарма Төрағасы — Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлымен кездесу

Маусым айының 12-сі күні «Zhansugurov college»-нің алтын қорына айналған түлектеріміз бен оқу ордасын биік деңгейге көтеріп жүрген оқытушылар қауымымен Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы — Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлымен кездесу өтті. Еңбегімен дараланған оқытушыларымыз бен табысты әрі белсенді түлектерімізді Ермек Әбілтайұлы құттықтап ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.Университет пен колледж түлектері арасындағы байланыс …

Басқарма Төрағасы — Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлымен кездесу Read More »

«ҮЗДІК СТУДЕНТ»

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялык ғылыми-зерттеу орталыты мен Үздік студенттер академиясынын ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген ТМД-ның, «ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауына «Zhansugurov college»-нің 122БҚ топ студенті Еркін Назерке Ерланқызы қатысып ІI дәрежелі диплом және төсбелгі, статуэткасымен марапатталды. Сонымен қатар, жетекшісі Арчабаева Сания Жанатовнаға Алғыс хат табысталды.

«MISS BUSINESS-2025»

14 мамыр күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде өткен «MISS BUSINESS-2025» облыстық кәсіпкерлік байқауында колледжіміздің білімгерлері Бейсембай Мадина, Тулеуханова Алтынай, Төлеуғазы Динара «Вице-Бизнес Ару» номинация жеңімпаздары атанды.

«Жұмысшы мамандығы – ел экономикасының тірегі»

2025 жылдың 13 мамыр күні Талдықорған индустриялық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы қалалық «Жұмысшы мамандығы – ел экономикасының тірегі» атты ғылыми-практикалық конференцияға колледжіміздің 404 Бқ топ студенттері Сағидолла Гүлнұр, Қайсар Әлия және 405 Бқ топ студенті Қасымбек Арайлым қатысып, арнайы сертификаттармен марапатталды. Жетекшілері: Арчабаева Сания Жанатовна.

“Мектепке дейінгі тәрбие” құзыреттілігінің бас сарапшысы

Worldskills Zhetysu-2025 кәсіби шеберлік чемпионатында “Мектепке дейінгі тәрбие” құзыреттілігінің бас сарапшысы А.Исмаилова жоғары кәсіби біліктілігін көрсеткені үшін Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Көлбаевтың Алғыс хатымен марапатталды! Құтты болсын!

“WorldSkills Zhetysu-2025”

Сәуір айының 21-25 күндері аралығында “WorldSkills Zhetysu-2025” кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Біздің колледжде Чемпионат екі бағыт бойынша өткізілді. Чемпионат нәтижесі бойынша «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша 1- орын Касымбек Арайлым, 2- орынды Масс Лилия иеленді, жетекшісі; Макеева К.М.«Мектепке дейінгі тәрбиелеу» құзыреттілігі бойынша 1- орын Рысбек Ақбота иеленсе, 2- орынды Серікбол Динара иеленді. Жемісті еңбектің жеңісі …

“WorldSkills Zhetysu-2025” Read More »

“АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ — 2025”

Ауыл партиясының 25 жылдығына орай “АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ — 2025” атты Республикалық турнирдің іріктеу жарысында «Zhansugurov college» — нің білімгерлері жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда:Ләңгі тебу:Ернұр Риза 1 — орын;Мұқанов Мақсат 3 — орын.Тоғызқұмалақ:Муратова Дильназ 2 — орын;Қаржаубай Абзал 2 — орын;Медетқызы Ажар 3 — орын.Арқан тарту:Манатұлы Нұрбол 3-орын;Байгалиева Амина 3-орын;Ғабитқызы Салтанат 3-орын;Тұрсынмағамбет Сымбат 3-орын.Садақ ату:Дүйсембай …

“АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ — 2025” Read More »

«STARTUP»

2025 жылғы «STARTUP» конкурсында озық ой мен жаңашылдық танытқаны үшін “Көрнекі оқыту” номинациясы бойынша “Сұрақ-жауап панель” жобасы марапатталды.Авторы: 407 ШБқ топ білімгерлері Бейсембай Мадина, Тулеуханова Алтынай.Жетекшілері: Ескендиров Б.Н., Жанузакова Б.Ж. “Экологиялық құрылыс” номинациясы бойынша “ECOGRID” жобасы марапатталды.Авторы: 407 ШБқ тобының білімгерлері Төлеуғазы Динара, Толегенова АягульЖетекшілері: Айнакузева Р.Б., Наурызбаева С.Н.

«TOYAMA KEN»

Ағымдағы жылдың 04-11 сәуір Жапония мемлекеті, Тояма қаласында кекушинкай каратэден «TOYAMA KEN» халықаралық турнирі өтуде.“КАТА” дисциплинасы бойынша. Аталған жарыста Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, “Zhansugurov college” 4 курс студенті Нұреке Ұлжан 🥇 орындарға ие болды.