Zhansugurov College

«TOYAMA KEN»

Ағымдағы жылдың 04-11 сәуір Жапония мемлекеті, Тояма қаласында кекушинкай каратэден «TOYAMA KEN» халықаралық турнирі өтуде.“КАТА” дисциплинасы бойынша. Аталған жарыста Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, “Zhansugurov college” 4 курс студенті Нұреке Ұлжан 🥇 орындарға ие болды.

“Бояулар құпиясы”

Білім алушылар арасында өткен облыстық “Бояулар құпиясы” атты жас суретшілердің шығармашылық байқауында “Үздік композициялық құрылым” номинациясымен 401Мдқ топ студенті Серікбол Динара марапатталды. Жетекшісі: арнайы пәндер оқытушысы А.Т.Исмаилова

“Ділмар” тележоба

Сөзге жүйрік, ойы ұшқыр жастарды біріктіретін “Ділмар” тележобасының үшінші маусымының республикалық кезеңінде Асылбек Каусар “IQAP” тобының спикері 1- орын иеленіп, 300000тг ақшалай сыйлық иегері атанды.

Жаңару күні

19 наурыз — Жаңару күніне орай Талдықорған қаласының “Көктем” скверінде 200 түп ағаш егілді. «Zhansugurov college»-нің студенттері белсенді қатысты.

Құрмет грамотасы

8-наурыз мерекесі қарсаңында жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнаған табысты еңбегі үшін колледж әдіскері Аубакенова Эльвира Абаевна және арнайы пәндер оқытушысы Омарова Алмагул Нурахметовна Жетісу облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру жүйесіндегі адал еңбегі мен кәсіби міндетін абыроймен атқарып, сапалы білім берудегі жетістіктері үшін Айнакузева Рита Бекишевна Құрмет грамотасымен, Байырбаева Бакытгуль Сеитовна Алғыс хатпен марапатталды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында дөңгелек үстел

19.02.2025 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында университет пен колледждердің ғылыми-зерттеу және практикалық қызметін интеграциялау тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Үстел теннис

Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен үстел теннисінен бағалау рейтингтік спартакияда жарысында «Zhansugurov college» құрама командасы жүлделі IІ орынды иеленді.

AI Assistant