Жаңалықтар

Ашық есік күні

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 27 қазан күні Жаратылыстану бағытын таңдаған Талдықорған қаласының жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Жиын университеттің №2 оқу ғимаратында өтті. Шараға 120-ға жуық болашақ жас білімгер қатысты. Ашық есік күнінде қатысушылар университет жүйесімен кеңінен танысып,оның ішінде жаратылыстану жоғары мектебінің жұмысын көріп, барлық білім беру бағдарламалары бойынша …

Ашық есік күні Read More »

Оқыту семинары

«Үздік ғылыми қызметкер-2023» Республикалық конкурсына  қатысушаларға арналған оқыту семинары Өтетін уақыты: 31 қазан 16:00 Өтетін орны: 313 аудитория Ұйымдастырушы: Ғылым және ғылыми жобаларды коммерциаландыру бөлімі Спикер: Карашолакова Л.Н.

Jas ǵalym-2024

2023 жылдың 27 қазанында «Jas ǵalym» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарының марапаттауы өтті. Байқау жеңімпаздарын І. Жансүгіров атындағы  Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор  Баймырзаев Қуат Маратұлы құттықтады. Байқауға 27 өтінім қабылданды, формалды белгілер бойынша 1 өтінім қайтарылды, қорғау үшін 26 өтінім іріктеліп, оның ішінде 9 жоба 2024 жылғы 1 …

Jas ǵalym-2024 Read More »

Ғылыми іс-сапар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша орындалып жатқан «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша ғылыми қызметкер Н.Мырзабек 16-23 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласына іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында «Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде», «Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында» және «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі», …

Ғылыми іс-сапар Read More »

Кеш

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Бір үйдің баласындай» атты кеш өтті. Шараны Жастар орталығы «Айналайын қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының» бүлдіршіндеріне арнайы ұйымдастырды. Кеште орталық балаларына белсенді студенттер мен еріктілер тобы концерттік бағдарлама ұсынды. Түрлі ойындар ойнатылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар бүлдіршіндерге сыйлықтар да табысталды. Мұндай шаралар өз кезегінде жастарды мейірімділікке, қамқорлыққа баулиды.

Хабарландыру

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті университетішілік “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023″ конкурсын жариялайды. Конкурсқа кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар ЖЖОКБҰ-ның профессор-оқытушылар құрамы (штаттағы оқытушылар), педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар оқытушылар қатыса алады. Конкурстың мақсаты: ЖЖОКБҰ профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби – педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін, кәсібилігін арттыру. Оқытушыларды …

Хабарландыру Read More »

Семинар

«Central Asian Law» жобасы бойынша онлайн-семинар 2023 жылғы 18 қазанда «Central Asian Law: legal culture and business environment in Central Asia» https://www.centralasianlaw.lu.se/cal-project жобасы аясында «Migration in Central Asia, and methods used to study it» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Спикер – Кембридж университеті әлеуметтік антропология департаменті Моңғолия және ішкі Азияны зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері, доктор Джозеф Пристли …

Семинар Read More »