Жаңалықтар

Халықаралық байқау жеңімпазын құттықтаймыз!

«Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Валерия Пашаева Ресей Федерациясының Білім министрлігінің қолдауымен «Моя история» Қоры ұйымдастырған «Письмо Победы» халықаралық байқауына қатысып 1-орынға ие болды. Ауқымды халықаралық байқауға ТМД-ның 10 елінен және жақын шетелдің оқушылары мен студенттері қатысты. Байқауға түскен 550 өтінімнің ішінен Валерияның жұмысы жоғары бағаланып 49,25 ұпай жинады. Бас жүлде …

Халықаралық байқау жеңімпазын құттықтаймыз! Read More »

Құттықтаймыз!

25-26 шілде күндері Талдықорған қаласында Еркін және Грек-рим күресінен «Аңыздар айқасы» атты халықаралық ашық турнир өтті.Онда 35 жастан асқан, кезінде ел намысын қорғаған балуандар қайта бозкілемге оралды. 70 келі салмақ дәрежесінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Спортклубының жаттықтырушысы Қанат Шонрақов белдесуде жүлделі 1- орынды жеңіп алды. Қанат Шонрақов – Еркін күрестен ҚР спорт шебері, Әлем …

Құттықтаймыз! Read More »

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының қорытындысы бойынша Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жеңімпаздары анықталды: •    Байгабатова Назгуль Кажимуратовна – тарих ғылымдарының кандидаты, гуманитарлық факультетінің қауымдастырылған профессоры, «Гуманитарлық және өнер ғылымдары» бағыты бойынша. •    Телеуев Галым Байгазыевич – философия докторы (Ph.D), …

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

«Практикалық логопедия» микробіліктілік бағдарламасыбойынша оқыту

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы микробіліктілік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жұмыстарын жүргізуде. Биылғы оқу жылында орталық педагогика және психология кафедрасымен бірлесе білім беру ұйымдарының логопедтері мен арнайы педагогтарына, сондай-ақ «Арнайы педагогика» ББ түлектеріне арналған «Практикалық логопедия» атты микробіліктілік бағдарламасын құрастырды. Микробіліктілік бағдарламасы жеке, жылдам және қолжетімді дағдыларды дамытуға …

«Практикалық логопедия» микробіліктілік бағдарламасыбойынша оқыту Read More »

Жетісу университетінің әскери кафедрасының болашақ офицерлері Ант қабылдады!

Бүгін әскери кафедра студенттері үшін ерекше маңызды әрі тарихи сәт — ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шара кафедра басшысы Ерлан Джангожаевтың құттықтау сөзімен басталды. «Ант қабылдау – бұл тек рәсім емес, — Отан алдындағы адалдық пен сенімнің белгісі», — деді ол өз сөзінде. Өз кезегінде жас сарбаздар университет басшысы мен ұжымына сондай-ақ, сапалы білім мен …

Жетісу университетінің әскери кафедрасының болашақ офицерлері Ант қабылдады! Read More »

Ғылым және жоғары білім министрі Жетісу университетінің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне жұмыс сапарымен келді. Министрді университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев қарсы алып, оқу ордасындағы қабылдау комиссиясының жұмысымен таныстырды. Ведомство басшысы әр факультет бойынша құжат қабылдаушы мамандармен жеке-жеке тілдесті. Дене шынықтыру және өнер факультеті бойынша  талапкерлердің құжатын  қабылдаушы жауапты маман Марал Жұмабаева министрге …

Ғылым және жоғары білім министрі Жетісу университетінің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты Read More »

Облыс әкімінің орынбасары М.Көлбаев қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі қабылдау комиссиясының жұмысымен танысу мақсатында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев арнайы келді. Жалпы еліміз бойынша қабылдау комиссиялары жұмысын 20 маусымда бастаған. Маусымдық науқанның жұмысын тиімді ұйымдастыру барлық жоғары оқу орындары үшін өте маңызды. Жетісу университеті өңірдегі бірден-бір оқу орны болғандықтан бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды. Университет әкімшілігі қабылдау комиссиясының …

Облыс әкімінің орынбасары М.Көлбаев қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты Read More »

Құттықтаймыз!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің постдокторанты, PhD Гүлжан Хамитова MDPI (Multidisciplinary Digital Publishing Institute) ашық қолжетімді ғылыми журналдарға маманданған баспа үйі басып шығаратын Molecules журналына редактордың ассистенті болып тағайындалды. Molecules журналы Web of Science базасында Biochemistry and Molecular Biologу, Chemistry категориясы бойынша Q2 (Journal Citation Reports), ал Scopus базасында Organic Chemistry категориясы бойынша Q1 (CiteScore) …

Құттықтаймыз! Read More »

Сенат депутаты университет жұмысымен танысты

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Сенат депутаты  Амангелді Толамисов арнайы келді. Халық қалаулысы алдымен Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаевпен кездесіп, оқу орнының тыныс-тіршілігімен, қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.   Жұмыс сапары барысында Амангелді Ғабдылкәрімұлы университет  базасында ашылған Марке политехникалық университетінің филиалына да арнайы ат басын бұрды. Облысқа қажетті аграрлық сала мамандарын  даярлау,  қос дипломды білім беру …

Сенат депутаты университет жұмысымен танысты Read More »

AI Assistant