Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

12.01.2026 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 4 курс білімгерлерімен өндірістік- педагогикалық практика бойынша ұйымдастыру конференция өткізілді.

Конференция барысында білім алушылар өндірістік – педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері, оны өту мерзімдерімен, есептік құжаттаманың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптармен таныстырылды. Практиканы ұйымдастыру мәселелеріне, сондай-ақ кәсіби этика мен қауіпсіздік техникасын сақтау талаптарына ерекше назар аударылды.

12 қаңтар 2026 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Дизайн» білім беру бағдарламасының 3 және 5 курс білім алушыларына өндірістік практика бойынша ұйымдастыру конференциясы өткізілді.

Конференция барысында студенттерге өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері, өту мерзімдері, есеп беру құжаттарының құрылымы мен рәсімделу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, практика барысында кәсіби этика ережелерін сақтау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Педагогикалық және өндірістік-педагогикалық практикаға байланысты ұйымдастыру конференциясы өтті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,Дене шынықтыру және өнер факультетінде«Бастапқы әскери дайындық» және «Дене шынықтыру» білім беру бағдарламаларының 3–4 курс білім алушыларына арналған педагогикалық және өндірістік-педагогикалық практикаға байланысты ұйымдастыру конференциясы өтті. Конференция барысында практика кезеңінің мақсат-міндеттері түсіндіріліп, білім алушыларға әдістемелік нұсқаулықтар мен талаптар таныстырылды. Сонымен қатар, алдағы жұмыстардың бағыттары мен жауапкершіліктері нақты айқындалды.

Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі – 2026

2026 жылғы 8–9 қаңтар аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі – 2026 «Жасанды интеллект: қазіргі жағдайы, даму үрдістері және болашағы» тақырыбында ұйымдастырылды. Қысқы мектеп жұмысы 5 кезең бойынша өткізілді. Бағдарлама аясында 2026 жылғы 9 қаңтарда «Мастермайнд: болашақ еңбек нарығы және жасанды интеллект – жаңа құзыреттер мен кадрлар даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел …

Педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі – 2026 Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2026 жылдың 9–11 қаңтар күндері Астана қаласында жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жабық кешенде өткен ХХХV Қазақстан Республикасының чемпионатындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті: 🥇 Нұрмәмет Ақбаян — 800 м қашықтықта І орын🥇 Құдайберген Сания — 2000 м кедергілермен жүгіруде І орын🥉 Болатбекқызы Айана — 1500 …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Дубай қаласында өткен Азия ойындарында Бочча спортынан І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыАсқарбеков Қуаныш жүлделіІІ орын иеленді! 🥈Жетістігің жаңа жеңістерге жол ашсын!

ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыЕгінбайқызы ҚұралайдыЖастар (қыздар) арасында 2025 жылдың үздік боксшысы атануыменШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз! 🥊🥇

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жаңаөзен қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыХигай Кира 57 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл жеңіс — қажырлы еңбектің, төгілген тер мен табандылықтың жемісі.Кираны алдағы додаларда сәттілік пен толағай табыс тілейміз! 🥉