Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

Асхатты жеңісімен құттықтаймыз!

Алғашқы жүлде! Түркістан қаласында өтіп жатқан ХІІІ жазғы Универсиада ойындарында Жетісу университетінің студенті Асхат Болатбек дзюдодан қола медаль иеленді. Ол Дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті. 73 келі салмақта бақ сынап, университет қоржынына алғашқы жүлдені салды. ⚜️Асхатты жеңісімен құттықтаймыз! ТДМ #SDG #ЦУР

«Әскери-патриоттық клубтар арқылы болашақ Отан қорғаушы жастарды тәрбиелеу әдістемесі»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері К. Джанабаев пен оқытушы-ассистенті А. Жаңабай «Әскери-патриоттық клубтар арқылы болашақ Отан қорғаушы жастарды тәрбиелеу әдістемесі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы, клуб жұмысының тиімді әдістері мен жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыру жолдары талқыланды. Семинар мақсаты: Болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде әскери-патриоттық клубтардың рөлін арттыру, әдістемелік тәсілдерді …

«Әскери-патриоттық клубтар арқылы болашақ Отан қорғаушы жастарды тәрбиелеу әдістемесі» Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

20-27 мамыр 2025 жылы Иордания мемлекеті Аммана қаласында джиу-джитсу спорт түрінен Азия чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Талғатқызы ДанагүлЕресектер арасында ІІ-орынЖастар арасында ІІІ-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құралайды айтулы жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

12-23 мамыр аралығында Шри-Ланкада Бокстан Азия чемпионаты өтті. ⚜️ Жастар арасында өткен чемпионатта университетіміздің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Егінбайқызы Құралай жоғары дәрежеде өнер көрсетіп І орынды иеленді. ⚜️Құралайды айтулы жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ЦУР #SDG #ТДМ

 Дене шынықтыру және өнер факультетінде «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында шебер-сынып өтті.

2025 жылдың 20 мамырында Дене шынықтыру және өнер факультетінде «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» атты шебер-сынып ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – білім беру процесін заманауи технологиялар арқылы жетілдіру, мұғалімдердің креативтілігін арттыру және цифрлық құралдарды тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісу болды. Шебер-сынып барысында п.ғ.к. А.Куракбаева STEAM білім беру тәсілінің тиімділігін таныстырып, оқушылардың зерттеушілік …

 Дене шынықтыру және өнер факультетінде «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект арқылы оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында шебер-сынып өтті. Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

26–30 сәуір 2025 жылы Өзбекстан Республикасы, Ханабад қаласында өткен Гір спортынан Әлем Кубогінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Бражкина Анастасия 58 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құттықтаймыз!

20–26 сәуір 2025 жылы Қызылорда қаласында өткен бокстан VI жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 17 облыс пен 3 қаладан қатысқан 96 спортшының арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Егінбайқызы Құралай 81 кг салмақ дәрежесінде І-орынды жеңіп алды. Егінбайқызы Құралайды жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!Жаңа белестер мен биік жеңістер …

Құттықтаймыз! Read More »

«Буллинг және Кибербуллинг» тәрбие сағат

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Тохтаров «Буллинг және Кибербуллинг» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында қатысушыларға буллинг пен кибербуллингтің түрлері, себептері және оның жастар психологиясына тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, құқықтық жауапкершілік пен алдын алу жолдары талқыланып, студенттермен ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушылар арасында қауіпсіз орта қалыптастыру, бір-біріне құрметпен …

«Буллинг және Кибербуллинг» тәрбие сағат Read More »

«Репродуктивтік денсаулық»

24 сәуір 2025 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің медицина ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскері Г.Б. Галиева* «Репродуктивтік денсаулық» тақырыбында профессор-оқытушы құрамы және білім алушылары арасында семинар өткізді. Семинар барысында репродуктивтік денсаулықтың маңызы, оның сақталуы, жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен қарастырылды. Қатысушылар тақырып аясында сұрақтар қойып, белсенді пікірталас жүргізді.

AI Assistant