Zhansugurov College

«Заң мен тәртіп» атты облыстық пікірсайыс

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен «Zhansugurov College»-нің ұйымдастыруымен өткен «Заң мен тәртіп» атты облыстық пікірсайыс турнирінде «Zhansugurov College» құрама командасының ойыншылары Асылбек Каусар 204 ШБқ және Байғали Айнел 106 Шқ топ студенттері жүлделі І орын иеленсе,Жетісу облысының «Jetisy jastary» орталығының «Қазақстан Республикасы конституциялық құндылықтары — жастар үшін бағдар» тақырыбында өткен жастар арасындағы дебат турнирінде …

«Заң мен тәртіп» атты облыстық пікірсайыс Read More »

 «Zhansugurov College» студенттерімен маңызды кездесу өтті

«Zhansugurov College» студенттерімен маңызды кездесу өтті. Іс-шараға Талдықорған қаласының ювеналды полиция лейтенанты А.Ж. Утегулов, Талдықорған ҚПБ ҚҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Айнур Тлеухановна Кагазбекова, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының заңгері Айдарбек Билибекович Намазбаев және орталық психологі Индира Ибраимова қатысты.Кездесу барысында студенттерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу …

 «Zhansugurov College» студенттерімен маңызды кездесу өтті Read More »

 Кәсіптік бағдар 

“Zhansugurov College”-нің Құқық мамандығына оқитын студенттерге Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Бейлқызы МадинаҚазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Кадирберлина Гульзар Асетовна кәсіптік бағдар берді.

«Қыз тәрбиесі – адам тағдырын шешетін ұлы іс»

Жансүгіров колледжінде жастар арасында өзекті мәселелердің бірі — ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.Кездесу барысында мамандар жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы, жауапкершілік, өмірлік жоспар құру және дұрыс шешім қабылдау мәселелері бойынша пайдалы мәліметтермен бөлісті.

Ұлттық Студенттік Лига

Үстел теннисінен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері арасында Ұлттық Студенттік Лигасына іріктеу жарысында «ZHANSUGUROV COLLEGE» құрама командасы жүлделіІІ орынды иеленді.Жалпы командада орын алған білімгерлерЕлубаев Малик жүлделі ІІ орын,Құрман Азат жүлделі ІІІ орын жәнеТөкен Ақбота жүлделі ІІ орынды иеленді.Алған марапаттарыңыз құтты болсын!

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Талдықорған қаласының Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры Ақжол Саматұлымен «Құқықтану» мамандығының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сана мен адалдық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға аға прокурор жан-жақты әрі нақты жауап беріп, болашақ мамандарға маңызды құқықтық кеңестер берді.

Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол

«Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» тақырыбында 105 ШҚ және 108 ҚҚ топтарында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» қағидасы негізге алынып, білімгерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқық туралы мазмұнды мағлұмат берілді.

Ақпаратты-түсіндірмелі кездесу

«Zhansugurov College»-де білім алушылар жастар арасында өзекті мәселелердің бірі — ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы, жауапкершілік, өмірлік жоспар құру және дұрыс таңдау жасау тақырыптарында пайдалы мәліметтермен бөлісті.

Кешенді әдістемелік кеңес

Оқу жылына арналған жоспарға сәйкес кешенді әдістемелік кеңес ұйымдастырылып, онда өзекті әдістемелік мәселелер жан-жақты қарастырылды. Кеңес барысында шығармашылық топтардың, ПЦК төрағаларының және жас мамандар жетекшісінің жартыжылдық есептері тыңдалып, келесі жартыжылдыққа жоспарланған жұмыстарымен таныстырылды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне қатысты бірқатар маңызды әдістемелік сұрақтар талқыланды. Кеңес аясында колледж оқытушылары арасында «Ақылдылар айқасы» зияткерлік сайысы жоғары деңгейде өтті. …

Кешенді әдістемелік кеңес Read More »

Қысқы педагогикалық оқулар

«Колледжде білім сапасын арттырудағы цифрлық платформалардың рөлі» тақырыбында өткен қысқы педагогикалық оқуларда оқытушылар өзекті мәселелерді талқылады, тәжірибе алмасып, мазмұнды баяндамаларымен бөлісті. Оқулар барысында заманауи цифрлық платформаларды сабақта тиімді қолдану әдістері, білім алушылардың білім деңгейін арттыру жолдары және кәсіби даму мәселелері кеңінен қаралды. Педагогикалық оқуға қатысқан оқытушылар Алғыс хатпен марапатталды.

AI Assistant