Zhansugurov College

Макеева Камшат Маулетовна – Құттықтаймыз!

“Білім беру” саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік конкурсында жалпы білім беретін пән бойынша “Zhansugurov college”-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Макеева Камшат Маулетовна жүлделі ІІ орынға ие болды!Шын жүректен құттықтаймыз!

“Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген “ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ” атты халықаралық байқауына «Zhansugurov college»-нің 307 ШБҚ топ студенті Тулеуханова Алтынай Ерғанатқызы қатысып І дәрежелі диплом және төсбелгімен марапатталды.

Дизайн мамандығының оқытушысы Абдилдаев Мұратхан Дүйсенғалиұлы “Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдық мерейтойы мен Қоғам қайраткері Т. Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай “Суретші әлемі “ атты республикалық шығармашылық конкурс- көрмесіне қатысып “Сәндік қолданбалы өнер” номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын және 50 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды!

БАС ЖҮЛДЕ

“Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы”, “Қоғамдық келісім” және “Талдықорған жоғары медициналық колледжі” ұйымдастыруымен Мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері арасындағы “Тіл-барлық білімнің кілті” атты облыстық байқауында«Zhansugurov college»-нің “Шаңырақ “ командасы БАС ЖҮЛДЕ иеленді.Жетекшілері:Найманбаева Гульден Болатовна және Флейшавер Анжелика Владимировна

Облыстық интеллектуалдық байқауында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды

Жетісу облысының колледж студенттері арасындағы «Кәсіпкерлікті қолдау:Smart экономика» облыстық интеллектуалдық байқауында «Zhansugurov College» командасы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі арнайы пән оқытушысы Уклинова Қаршыға Едиловна.

«Worldskills Kazakhstan 2023»

Астана қаласында өткен «Worldskills Kazakhstan 2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша «Zhansugurov college»-нің студенті Қабланбек Меруерт «Үздік маман» медальонымен марапатталды.

“BILE ZhU 4”

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен “BILE ZhU 4” замануи би байқауына қатысып ІІІ орынды “Zhansugurov college”-нің “Black Fire»командасы иеленді🎊🎊🎊