Zhansugurov College

Мухашев Ельдос Сламкулович – Сізді шын жүректен құттықтаймыз💐

Ағымдағы жылдың 14-16 наурыз аралығында Шымкент қаласында “Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” жетекшілері арасында “Пневматикалық винтовкадан ату мен автоматты жартылай бөлшектеп – жинаудан” өткен республикалық турнирінде Мухашев Ельдос Сламкулович “Автомат жинау” спорт түрінен 30-39 жас ерекшелігінде ІІІ орынды иеленді.Сізді шын жүректен құттықтаймыз💐

18 наурыз – «Ұлттық киім» күні 🇰🇿

Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Осыған орай республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңбері аясында “Zhansugurov College”-де 18 наурыз – «Ұлттық киім» …

18 наурыз – «Ұлттық киім» күні 🇰🇿 Read More »

«Мейірімді жан» акциясы🫶🏻

Қайырымдылық күніне орай «Zhansugurov college»-нің «Мейірім» еріктілер тобы оразаға орай адамдардың көңіл күйін көтеру мақсатында су мен құрма таратты.Сондай ақ, «Мейірімді жан» акциясы аясында ситуациялық сұрақтар қойылып, шоколадтар үлестірілді.

“Қызықты биология-2024”🥈

14.03.2024 жылы Авицена медициналық колледжінде “Жетісу облысының білім басқармасының” ММ “Әдістемелік орталығы” КММ ұйымдастырған “Қызықты биология-2024” атты жалпы білім беретін пәндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарының 2-курс білімгерлеріне арналған облыстық олимпиадасына қатысқан 201Мдқ тобының білімгерлері Рысбек Ақбота 2- орынды иеленді, Нүкен Бөпенай алғыс хатпен марапатталды.Жетекшілері: Карасаева Айжан Ивановна

«Жаңа Қазақстанның болашағы – көшбасшы жастар» 1-орын🥇

12 Наурыз күні «Жаңа Қазақстанның болашағы – көшбасшы жастар» атты облыстық пікірсайыс турнирінің қазақ лигасы бойынша «Zhansugurov college»-нің Оспанбай Мейрамбек 307 ШБқ және Құрманжанова Гүлім 304Бқ тобының студенттерінен құралған «Тұлғалар» командасы 1-орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Макеева Камшат Маулетовна.Біз Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Карасева Айжан Ивановна – Құттықтаймыз💐

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім беру жүйесіндегі адал еңбегі мен кәсіби міндетін абыроймен атқарып, сапалы білім берудегі жетістіктері үшін “Zhansugurov college”оқытушысы Карасева Айжан Ивановна Басқарма Төрағасы – Ректор м.у.а. Б. Таубаевтың алғыс хатымен марапатталды.Құттықтаймыз💐

Кенжебай Дарын 1-ші орын иеленді 🥇

1-4 Наурыз күндері Қарағанды қаласында Джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, 56 кг салмак дәрежесінде Кенжебай Дарын 1-ші орын иеленді. Греция мемлекетінде жастар арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды және ҚР-ның спорт шебері атағын алды.

Алғыс айту күні❤️

Көктемнің алғашқы күні -Алғыс айту күніне орай “Zhansugurov College” студенттері қайырымдылық іс шарасын ұйымдастырып, жақсылық пен мейірімділікті танытты.❤️