Zhansugurov College

Облыстық интеллектуалдық байқауында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды

Жетісу облысының колледж студенттері арасындағы «Кәсіпкерлікті қолдау:Smart экономика» облыстық интеллектуалдық байқауында «Zhansugurov College» командасы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі арнайы пән оқытушысы Уклинова Қаршыға Едиловна.

«Worldskills Kazakhstan 2023»

Астана қаласында өткен «Worldskills Kazakhstan 2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша «Zhansugurov college»-нің студенті Қабланбек Меруерт «Үздік маман» медальонымен марапатталды.

“BILE ZhU 4”

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен “BILE ZhU 4” замануи би байқауына қатысып ІІІ орынды “Zhansugurov college”-нің “Black Fire»командасы иеленді🎊🎊🎊

“Саналы ұрпақ-2023” ІІІ-орын

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен “Саналы ұрпақ-2023” облыстық байқауында “Zhansugurov college”-нің “Самғау” командасы жүлделі ІІІ-орын және 200 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.Жетекшісі: Наурызбаева Сатыпалды Наурызбайқызы.

Джиу-Джитсудан ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

Кенжебай Дарын Біржанұлы “Zhansugurov college” 302 ДТқ тобының студенті Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде Джиу-Джитсудан өткен әлем чемпионатының 55кг салмақ дәрежесінде 5 кездесу өткізіп ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ атанды

“New Vision” мобилография байқауы, 1-ші орын

Талдықорған қаласындағы колледж студенттерінің шығармашылық қабілеттерін анықтау және олардың дарындылығын көрсетуге мүмкіндік беру, жылжымалы және бейне түсірілімді танымал ету мақсатында “New Vision” мобилография байқауында “Zhansugurov college”-нің төмендегі студенттері жүлдегер атанды:1 орын Дәурен Танат2 орын Оспанбай МейрамбекҚұттықтаймыз🏆

Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 90 жылдығына арналған Халықаралық көрме

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті “Zhansugurov college”-нің дизайн пәндері оқытушысы Абдилдаев Мураткан Дуйсенгалиевичтің ағаштан жасалған туындысы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 90 жылдығына арналған Халықаралық көрмеге Республикалық іріктеуден өтіп көрмеде таныстырылды.