Zhansugurov College

ҚҰТТЫҚТАУ!

“Zhansugurov college” 1 курс 104 топ “Бастауыш білім беру” мамандығының студенті Орынбек Сандуғашты “Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ұйымдастырған Қазақстан халқы тілдері күніне және «Қала күні» мерекесіне орай «Талдықорған – менің қалам» тақырыбында эссе жазу байқауында өз білімін жоғары деңгейде көрсетіп III дәрежелі диплом мен 10000 теңге сертификатын иеленуімен құттықтаймыз!

“Қала күні” мерекесіне орай қала көлемінде өткізілген пленэрде

“Қала күні” мерекесіне орай қала көлемінде өткізілген пленэрде Абдилдаев М.Д. жетекшілігімен колледжіміздің дизайн мамандығының төмендегі студенттері: Аманқос Ақбота,Илебай Медет,Шәкіртхан Анеля,Муханбет АружанЕрдосқызы Малика Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды

Мемлекеттік басқару академиясының оқытушыларының «Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыпта онлайн мастер-класс өткізілді

Құқықтану мамандығының оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушыларының «Қоғамда парасаттылық  мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыпта онлайн мастер-класс өткізілді.

Жер жанаты Жетісудың жүрегіне айналған киелі мекен Талдықорғанның облыс орталығы атанғанына 20 жыл толды!

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бір сөзінде :«Талдықорған аз уақыттың ішінде бой көтерген сұлу қала» дегендей, табиғатты теңдессіз, жеті өзенді тоғыстырған мекен Талдықорғанның облыс орталығы атанғанына 20 жыл толуымен құттықтаймыз! Сакральное место, ставшее сердцем Жетысу, отмечает 20-летие областного центра Талдыкоргана! В своем выступлении глава государства Н. А. Назарбаев отметил :«Талдыкорган-прекрасный город, построенный за короткое время», поздравляем …

Жер жанаты Жетісудың жүрегіне айналған киелі мекен Талдықорғанның облыс орталығы атанғанына 20 жыл толды! Read More »

Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында онлайн форматта «Сенім» клубының қыздары «Zhansugurov college»студенттерімен кездесті.

17.09.2021 ж.Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында онлайн форматта «Сенім» клубының қыздары «Zhansugurov college»студенттерімен кездесті. Студенттер санитарлық – эпидемиологиялық ережелерді, атап айтқанда маска режимін,адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты, қолды антисептиктермен өңдеу және тағы басқаларды сақтаудың маңыздылығын белсенді талқылады.

Когай Карина Самбо күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 орын иеленді!

“Zhansugurov college” Дене тәрбиесі және спорт мамандығының 1 курс студенті Когай Карина Самбо күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 орын иеленді! Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуыңыз көп болсын!