Zhansugurov College

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында дөңгелек үстел

19.02.2025 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында университет пен колледждердің ғылыми-зерттеу және практикалық қызметін интеграциялау тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Үстел теннис

Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен үстел теннисінен бағалау рейтингтік спартакияда жарысында «Zhansugurov college» құрама командасы жүлделі IІ орынды иеленді.

«AMANAT» партиясының атынан Алғыс хат

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне арналған дөңгелек үстел өтті. «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалының бірлесуімен өткен жиында ғылымдағы әйелдердің рөлі, олардың жетістіктері мен болашақ даму жоспарлары талқыланды.Іс-шара барысында «ZHANSUGUROV COLLEGE»-нің арнайы пәндер оқытушысы Уклинова Каршыга Едиловна «AMANAT» партиясының атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Kәсіби шеберлік байқауы

Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында “Білім беру” саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауында арнайы пәндер оқытушысы Омарова А.Н. жүлделі 1-орын иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды және де жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Искакова С.М. жүлделі 2-орынды иеленді! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!!!

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды, аталған іс-шараға колледжіміздің студенті — Қабланбек Меруерт Жетысу облысының атынан шақырту алды.

“Нашақор болмаудың 100 себебі”

“ Нашақор болмаудың 100 себебі” атты облыстық пікірсайыс турнирінің қазақ лигасы бойынша “Үздік сөз шебері” номинациясын 104 ШБқ топ студенті Асылбек Кәусар иеленді. Жетекшісі — Макеева К. М.

Шаңғы жарысы

30.01 — 03.02 аралығында Сарқан ауданында өткен Шаңғы жарысынан Жетісу облысының чемпионатында Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының 401 топ студенті Байгалиева Амина жүзден жүйрік атанып, жүлделі 1 орын мен 300.000 сыйақыға ие болды! Құттықтаймыз! Жұлдызы жана берсін!

Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама

Колледжіміздің 104 ШБқ топ студенті Медетқызы Ажар Қазақ күресінен 2008-2009 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жетісу облысы чемпионатында жүлделі І орын иеленді.Самбо күресінен 2007-2010 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жетісу облысы чемпионатында жүлделі ІІ орын иеленді. Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды. Жеңісімен құттықтаймыз!

«ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ»

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауына «Zhansugurov college»-нің 405Бқ топ студенті Қасымбек Арайлым Сабитқызы қатысып І дәрежелі диплом және төсбелгі,статуэткасымен марапатталды.Сонымен қатар,жетекшісі Сәкенова Ақмарал Қайратқызына да Алғыс хат табысталды.

AI Assistant