«Aqyl Battle: Mastermind» интеллектуалды сайысы
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған 30 іс-шара аясында 2 курс білімгерлері арасында «Aqyl Battle: Mastermind» интеллектуалды сайысы өтті. Сайысты кафедра оқытушылары Г. Омарбекова мен М. Жұмахан ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – білімгерлердің сыни және креативті ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын жетілдіру. …










