Жаңалықтар

 «Телерадиожурналистика» пәні бойынша ашық сабақ өтті

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 408А аудиториясында «Телерадиожурналистика» пәні бойынша ашық сабақ өтті. Мақсат — білімгерлердің телерадиожурналистика саласындағы білімін жетілдіріп, тәжірибелік дағдыларын дамыту. Телеарнадағы жоспарлау тақырыбы аясында өткен практикалық дәрісті оқытушы-дәріскер І. Әлбатырұлы ұйымдастырып, өткізді. ЖҚ-211 білімгерлері сапалы телебағдарлама жасаудың қыр-сырын түсініп, дәріс бойынша қортындыларын ұсынып, дәріскердің ризашылдығына ие болды. Айта кетерлігі, аталған ашық …

 «Телерадиожурналистика» пәні бойынша ашық сабақ өтті Read More »

Семинар

Ғ. Орманов атындағы кітапханада «Инклюзивті білім беруге арналған онлайн мультимедиялық платформамен және қазақ-ағылшын және орыс-ағылшын тілдеріндегі билингвалды оқу басылымдарының платформасымен таныстыру» семинары өтті. Семинардың мақсаты – қатысушыларды платформаның функционалдық мүмкіндіктерімен, қолжетімді цифрлық ресурстарымен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған заманауи оқыту технологияларымен таныстыру. Іс-шараға «Эверо» баспа менеджерлері, кафедра меңгерушілері, оқытушылар және кітапхана …

Семинар Read More »

Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы

2026 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында «Қазақстандағы жасанды интеллект дәуіріндегі ғылымды дамыту» тақырыбында Elsevier Қазақстан халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Конференцияға Жетісу университетінің Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің қызметкерлері Самал Бейсенова, Талшын Жаирбекова қатысты. Іс-шара барысында ғылымды басқару мен қаржыландыру, ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, ғылымды цифрландыру және жасанды интеллектіні ғылыми қызметте …

Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы Read More »

Дөңгелек үстел

Физика-математика факультетінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектіні сабақта қолдану: идеядан тәжірибеге» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәжірибесімен алмасу, педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту және мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту. Дөңгелек үстелдің ашылуында университеттің цифрландыру және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, PhD докторы Т. Жұмағұлов …

Дөңгелек үстел Read More »

Хабарландыру!

Құрметті кафедра меңгерушілері және оқытушылар!Сіздерді Ғ. Орманов атындағы кітапханада өтетін «Инклюзивті білім беруге арналған онлайн мультимедиялық платформамен танысу» семинарына шақырамыз!Уақыты: 08.10.2026Сағат: 14:00Өтетін орны: Ғ.Орманов атындағы кітапхана, магистранттар мен докторанттар залы, 2-қабат #SDG #ЦУР #ТДМ

САҚ ЖҮРСЕҢ ТОҚ ЖҮРЕСІҢ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 205а аудиториясында ЖҚ 212 топ білімгерлері куратор Ілескен Әлбатырұлымен бірге әлеуметтік желідегі қауіпсіздік жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Басты мақсат – әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтап, әр салынған жазбаны ойланып жүктеуді түсіндіру. Кураторлық саяғат аясында «Шымкент қаласының дін  істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша түсірілген «Бостандықтан айырған батырма» атты бейнеролик назарға …

САҚ ЖҮРСЕҢ ТОҚ ЖҮРЕСІҢ Read More »

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен кездесу

Университеттің Психологиялық қызметі мен SANALAB студенттік клубы университетте білім алып жатқан ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге психолог пен студенттік клуб тарапынан көрсетілетін психологиялық қолдау туралы ақпарат берілді. Тіркеу офисінің директоры Н. Жанатбекова электрондық журналды пайдалану, емтихан түрлері және тапсырмаларды Smart-журналға дұрыс жүктеу тәртібін түсіндірді. Кітапхана қызметкерлері «Оқитын ұлт» республикалық …

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен кездесу Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылғы 16–30 қыркүйек аралығында Астана қаласында керлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Арайлым Аймұханбет жастар арасындағы аралас жұптар сайысында ІІІ орын иеленді. Арайлымды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! #SDG #ТДМ #ЦУР

Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026–2027 оқу жылындағы Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырысты Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.С. Бахтаулова ашып, жас ғалымдардың университет ғылымын дамытудағы рөлі мен жаңа ғылыми бастамалардың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы – Гуманитарлық факультет деканы Желдибаева Р.С. және кеңес мүшелері …

Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті Read More »

Жас ғалым AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумына қатысты

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, AP25794537 «Жасанды интеллект тілдік емес мамандық студенттерінің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі көмекшісі ретінде: рандомизацияланған зерттеу» жобасының жетекшісі Райгүл Желдібаева 2026 жылғы 2–3 қазанда Астана қаласында ұйымдастырылған AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумына қатысты. AI & Digital Bridge – Еуразиядағы жетекші технологиялық форумдардың және IT саласындағы …

Жас ғалым AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумына қатысты Read More »