Жаңалықтар

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Ұстаздар мерекесі қарсаңында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Журналистика кафедрасының оқытушысы Әлбатыр Ілесбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Саналы ғұмырын білім саласына арнап, болашақ журналистерді даярлауға үлес қосып жүрген ұстаздың еңбегі мереке қарсаңында осылайша лайықты бағасын алды. Алғыс хатта оның білім мен ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі, абыройлы еңбегі мен адал …

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ Read More »

«БОСТАНДЫҚТАН АЙЫРҒАН БАТЫРМА»

ЖҚ-311 тобында топ кураторы Айсұлу Жазыбекованың ұйымдастыруымен «Бостандықтан айырған батырма» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кездесу барысында студенттермен заң талаптарын сақтау, әр әрекетке жауапкершілікпен қарау және түрлі арандатушы ақпараттарға ермеу туралы әңгіме өрбіді. Қазір ақпараттың жылдам тарайтын уақытында кез келген нәрсені ойланбастан қабылдап, бөлісе салу оңай. Алайда оның соңы күтпеген жағдайға әкелуі мүмкін екені айтылды. Куратор …

«БОСТАНДЫҚТАН АЙЫРҒАН БАТЫРМА» Read More »

Оқыту семинары

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде республикалық байқауға қатысушыларға арналған оқыту семинары өтті. Семинарды Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Л. Қарашолақова жүргізді. Қатысушыларға конкурс талаптарын, өтінім беру тәртібін, қажетті құжаттар тізімін және ғылыми жұмыстарды бағалау өлшемдерін түсіндірді. Семинар соңында қатысушылар байқауға қатысты сұрақтарына толық жауап алды. #SDG #ТДМ #ЦУР

«Кітап оқитын ұлт»: Студенттер Шоқан мұрасымен танысты

2026 жылдың 2 қазанында Физика-математика факультетінің «Информатика» мамандығының студенттері «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында танымдық сапарға шықты.Жоба аясында ұсынылған 15 көркем туындының ішінен студенттер қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романын оқып, ғұлама ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытқан болатын. Жастардың тарихи-мәдени танымын кеңейту мақсатында Физика-математика факультетінің деканы И. …

«Кітап оқитын ұлт»: Студенттер Шоқан мұрасымен танысты Read More »

Дүйсен Аңсабаев «Талдықорған қаласының құрметті азаматы»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Дүйсен Сандыбайұлы Аңсабаевқа «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл құрмет – ғалым-ұстаздың білім мен ғылымға, әдебиет пен мәдениетке, қоғамдық өмірге …

Дүйсен Аңсабаев «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» Read More »

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ҚҰҚЫҚТАНУ БОЙЫНША ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС АШЫЛДЫ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 1 қазандағы №696 бұйрығына сәйкес, «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ алғаш рет8D042 «Құқық» бағыты бойынша 8D04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі …

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ҚҰҚЫҚТАНУ БОЙЫНША ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС АШЫЛДЫ! Read More »

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2026-2027 оқу жылынан бастап Жетісу университетінің студенттері алғаш рет Түркия Республикасының Хатай Мустафа Кемаль университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Жаңа академиялық бағыт екі жоғары оқу орны арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып отыр.  Жаңа оқу жылының бірінші жартыжылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университеттің 9 білімгері Хатай Мустафа Кемаль университетінде білім …

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ Read More »

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

Гуманитарлық факультетінің  3-курс студенті Ш.Ержанқызы, Б. Есболатова,  Ж. Әбділмұратқызы, Т.Сейілхан,  Д.Серікханқызы, А.Аяпова академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінде білім алып жатыр.       Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге шетелдік жоғары оқу орнында білім алу арқылы кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, әлемдік білім беру тәжірибесімен танысуға және жаңа оқу ортасына бейімделу арқылы өз мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. …

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ Read More »

«Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне және Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өтті. Білім мен ғылым саласында еңбек етіп жүрген оқытушы-профессорлар мен университет қызметкерлеріне құрмет көрсетілген шарада ұстаз еңбегінің қоғам дамуындағы маңызы айрықша аталды. Университет қызметкерлерін  Басқарма мүшесі – әлеуметтік жұмыс және …

«Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын Read More »