Жаңалықтар

КОНКУРС

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс – офицер  бос қызмет орнына конкурс жариялайды. Біліктілік талаптары:  1) құқық, экономика немесе қаржы саласындағы жоғары кәсіптік білім;  2) басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;  3) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы нормативтік …

КОНКУРС Read More »

«Welcome to Zhetysu university» студенттер қатарына қабылдау кеші

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  «Welcome to Zhetysu university» атты 1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Шараға Жетісу облысы мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева  қатысып, университет табалдырығын аттаған студенттердің білім жолына сәттілік тіледі.  Университеттің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев  жас білімгерлерді құттықтап, студенттік билет табыс етті. «Студенттік шақ – адам …

«Welcome to Zhetysu university» студенттер қатарына қабылдау кеші Read More »

2024 жылдың 11 қазанында “Jas Galym” атты университетішілік байқау өтті.

Педагогика және психология факультеті байқауға белсене қатысып, үш жобаны ұсынды: Барлық жобалар өзектілігі мен шығармашылық идеялары үшін комиссия мүшелерінің оң пікіріне ие болды. Қатысушылар өздерінің дайындық деңгейі мен ғылымды дамытуға деген ұмтылысын көрсетті. Қатысушылардың барлығына алғыс айтып, болашақ зерттеулер мен бастамаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!

Спортклуб жаттықтырушысы, Еркін күрестен ҚР спорт шебері Қанат Шонрақов Әлем чемпионатында II орын алды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Спортклуб жаттықтырушысы, Еркін күрестен ҚР спорт шебері Қанат Шонрақов 70 келі салмақ дәрежесінде Хорватияның Пореш қаласында өткен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатында жүлделі II орынға ие болып, күмістен алқа тақты. Жүлде құтты болсын! #SDG #ЦУР #ТДМ

Жұмыс туралы хабарландыру

Бос орындарға хабарландыру Лауазымы Біліктілік талаптары Ескерту Процестерді  цифрландыру және автоматтандыру бөлімінің инженер-программисті Жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмаған, тиісті оқыту саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім   Техникалық құжаттама, ақпараттық жүйелерді жобалау және модельдеу, әртүрлі платформаларда бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу тәжірибесі. Құрылымдық бөлімшенің қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу. Қосымша талаптар: MS SQL, JS, …

Жұмыс туралы хабарландыру Read More »

Профессор,философия докторы Sara Ruschioni-ның бейне дәрісі

07 қазан 2024 жылы профессор,философия докторы Sara Ruschioni АСТдд-211 студенттерімен «жәндіктер метаморфозы құбылысын терең түсіну»тақырыбында бейне дәріс өткізді. Жәндіктердің метаморфозы құбылысын терең түсіну өте маңызды, өйткені бұл көптеген түрлердің өмірлік циклдары мен эволюциялық динамикасын түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда бұл сабақ метаморфоздарды қарастырды, осы биологиялық құбылыстың эволюциялық сипаттамаларын зерттеді, омыртқасыздардағы дернәсілдік кезеңнен ересек түрге көшуі …

Профессор,философия докторы Sara Ruschioni-ның бейне дәрісі Read More »

Философия докторы Luka Mazzoni-ның бейне дәрісі

07 қaзан 2024 жылы философия докторы Luka Mazzoni АСТдд-211 студенттерімен бейне дәріс өткізді. Бұл сабақта ең маңызды цитрус жемістерінің жіктелуі сипатталған. Атап айтқанда, цитрустың үш ерекше түрі (Помело, мандарин және балқарағай), сондай-ақ ең маңызды цитрус будандары ұсынылды. Цитрус жемістерінен басқа,» субтропикалық » жемістер деп аталатын жемістердің басқа да маңызды түрлері бар. Олардың ішінде авокадо, манго …

Философия докторы Luka Mazzoni-ның бейне дәрісі Read More »

Практикалық оқу-жаттығу іс-шарасы

08.10.2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жаратылыстану-техникалық факультеті мен «Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті» бірлесіп, университеттің екінші оқу ғимараты аумағында «19 қазан – Құтқарушылар күні»мерекесіне арналған практикалық іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шарада ғимараттардың жоғарғы қабаттарынан зардап шеккендерді құтқару техникасы, жабдықтары мен құтқару тәсілдері көрсетілді. Аталған іс-шараға аталған оқу корпусының барлық студенттері мен оқытушылары ат салысты #SDG …

Практикалық оқу-жаттығу іс-шарасы Read More »

Мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбекұлымен кездесу

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде белгілі мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбекұлымен кездесу өтті. Жиынды жүргізген Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев қоғам қайраткерінің өмір жолына қысқаша тоқталып, студенттерге мағлұмат берді.«Мырзатай Жолдасбекұлы өздеріңіз білім алып жатқан шаңырақ — Жетісу университетінің іргелі білім ордасына айналуына көп қызмет еткен ғалым. 1977 – 1987 жылдары …

Мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбекұлымен кездесу Read More »

«ENACTUS WORLD CUP 2024»

Қазақстанда алғаш рет «Enactus World Cup 2024» әлем кубогы өтті 2-4 қазан аралығында еліміздің Астанасында «Enactus World Cup 2024» әлем чемпионаты өтті.Аталмыш шара студенттік кәсіпкерлікті дамыту, инновациялық жобаларды таныстыру және халықаралық байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Enactus — тек жаңа идеяларды көрсету алаңы ғана емес, сондай-ақ әр елдің студенттеріне тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынастар орнату мүмкіндігін …

«ENACTUS WORLD CUP 2024» Read More »

AI Assistant