Жастар орталығы

Жастар орталығының мақсаты – студенттердің азаматтығын қалыптастыру, отандық патриотизмді, қазіргі заманғы қоғам жағдайында жұмыс істеу және өмір сүру мүмкіндігін қалыптастыру; университет студенттерінің мәдени, шығармашылық және ұйымдастырушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау.

  • МІНДЕТТЕРІ
  • ҚЫЗМЕТТЕРІ
  • ЖЕТІСТІКТЕРІ
  • ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
МІНДЕТТЕР
  • Университетте білімгерлермен жүйелі жастар саясатын ұйымдастыру, тұлғаның интеллектуалды, мәдени, адамгершілік-эстетикалық, дене шынықтыру тұрғысынан даму қажеттілігін қанағаттандыруға арналған міндетті жағдайларды құру.
  • Студенттердің өзін-өзі тәртіпке шақыру, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, патриотизм, жоғары рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған тиімді университетішілік орта қалыптастыру.
  • Студенттердің оқу іс-әрекетінің жағдайына және режиміне сәтті бейімделуін, болашақ кәсіби қызметке психологиялық және құқықтық дайындығын қамтамасыз ету, сабақтан тыс уақытта студенттердің жеке басының және олардың шығармашылық әлеуетінің жан-жақты дамуына қосымша жағдайлар жасау.
  • Студенттік өзін-өзі басқарудың дамуына ықпал ету, студенттік қоғамдық бірлестіктер қалыптастыру, ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету (студенттік клубтар, еріктілер, өзге де жастар ұйымдары).
  • Жастардың толыққанды дамуы үшін мүмкіндік жасау және ұсыну.
  • Мемлекеттік органдармен, республикалық және халықаралық жастар ұйымдарымен ынтымақтастық, "Sanaly Urpaq"жобалық кеңсесінің бағыты бойынша жұмыстар ұйымдастыру.
  • "І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" КЕ АҚ-да білім алудың мәртебелілігі, университет дәстүрлерін сақтау және көбейту, оның тарихын, символикасын насихаттау.
  • Студенттердің құқықтарын қорғауды ұйымдастыру және "Қазақстан студенттер Альянсы" Республикалық студенттер қозғалысымен тығыз ынтымақтастық орнату; "Jas Otan" жастар қанатымен бірлескен жұмыс жүргізу.
  • Студенттік Ассамблеяны құру және оның жұмысын ұйымдастыру.
  • Қазақстан Жастар Конгрессімен тығыз қарым-қатынас орнату.
ФункциЯЛАР
  • Жоспарға сәйкес университет көлемінде іс-шаралар өткізу.
  • Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмыс істеуі үшін, студенттік бірлестіктердің құрылуына көмек көрсету және оның жұмысын үйлестіру.
  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға мотивация жүйесін құру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және «Салауатты университеттер» жобасына қатысу.
  • Студенттердің әлеуметтік сұрақтарын шешуде көмек көрсету (психологиялық көмек).
  • Университет шеңберінде іс-шаралар ұйымдастыру, жүргізу және қатысу, сонымен қатар ЖУ студенттік ұжымдарының студент жастармен жұмыс жүргізу бойынша ЖОО – аралық бірлестіктерімен жүргізілетін іс-шараларға қатысуына ықпал ету.
  • Жастар саясатына байланысты мәселелерді шешу кезінде университеттің барлық құрылымдық бөлімдерімен өзара байланыста болу.
  • Жастар саясатына қатысты профессор-оқытушылар құрамының біліктіліктерін жоғарлату мәселелері бойынша ұсыныстарды қарастыру, сәйкес тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер, конференциялар ұйымдастыру.
  • Өмірлік маңызы бар дағдыларды (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару және т. б.), жастардың құзыреттілігі мен дербестігін дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу.
  • Жастар арасында азаматтық пен патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
  • Жұмсалған шығындар сметасын бекітуге ұсыну.
ЖЕТІСТІКТЕР
"Birgemiz: Bilim - 2020" жалпы ұлттық жобасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық үшін алғыс хат
Еріктілік қызметі үшін алғыс хат
"JAS OTAN" ЖҚ мүшелері
Республикалық "ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2020"
"КӨШБАСШЫ - 2020"
"КӨШБАСШЫ - 2019"
"КӨШБАСШЫ - 2018"
"ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ" мүшесі
"Birgemiz: Bilim - 2020" жалпы ұлттық жобасын жүзеге асырудағы қызметі үшін алғыс хат
біздің қызметкерлер

ГУСЕНОВ  

БАРХУДАР ШАХГУСЕНОВИЧ

Орталық басшысы

+7  702 449 9156;
    Ішкі (1206)

 king_bara@mail.ru

КАЛИБЕК 

АСЕМ АБАЙҚЫЗЫ

Психолог

+7 747 451 2267

 jmu.jastar@mail.ru