«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
«Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары мен жобаларын іске асырудағы университеттің ғылыми-әдістемелік, сараптамалық және білім беру қызметін ұйымдастыру және үйлестіру
- Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін жоғары деңгейде қалыптастыру және кадрларды даярлау процесін ізгілендіру мақсатында қоғамдық сананы жаңғыртудың бағдарламалық негіздерін университеттің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырылуын ғылыми-әдістемелік, сараптамалық, ақпараттық-танымдық сүйемелдеу;
- Университет студенттерін, магистранттарын, докторанттарын, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобаларын іске асыруға тарту арқылы бағдарламаланың негізгі құндылықтарын қоғамдық санада тиімді ілгерілету және нығайту;
- Университеттің негізі қаланған күннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихы мен қызметі туралы материалдарды жинақтау және экспонаттау;
- Мұражай материалдарын сақтау, зерделеу және насихаттау арқылы білімгерлер мен ЖОО қызметкерлері арасында университеттің үздік дәстүрлерін жалғастыру, оқу-тәрбие үдерісіне жәрдемдесу және Университеттің оң имиджін қалыптастыру;
- Жеке тұлғаны дамытуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, қазақстандық патриотизм қағидаттары негізінде тәрбиеленген, еліміздің дамуындағы стратегиялық мақсаттар төңірегінде топтасқан мықты, әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
- Университет білімгерлері мен профессор-оқытушылар құрамының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобаларын іске асыруға қатысуы бойынша мониторинг жүргізу, саралау және бағалау.
- Университеттің факультеттеріне және кафедраларына Орталықтың бейіні бойынша ғылыми және білім беру іс-шараларын өткізуде, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша білімгерлердің дипломдық жұмыстары мен жобаларын, магистрлік диссертацияларын даярлауда әдістемелік көмек көрсету;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» жобаларын іске асыруды жоспарлау, бақылау, ақпараттық, ғылыми-сараптамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу;
- Орталық қызметінің бағыттары мен өзекті мәселелері бойынша ғылыми-теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- Қоғамдық сананы жаңғыртудың бағдарламалық негіздерін университеттің оқу процесіне енгізу;
- Құжаттарды, естеліктерді, қолжазбаларды, жарияланымдарды, заттай ескерткіштерді, фотосуреттерді, суреттерді, аудио-бейнематериалдарды анықтау және жинау арқылы университет тарихы бойынша мұражай қорларын жинақтау;
- Университет тарихы бойынша мұражайда тұрақты көрме құру және музей экспозицияларын мәдени-ағартушылық, тәрбиелік бағыттарда пайдалану, сондай-ақ университет тарихына байланысты іс-шараларды дайындауда кеңес беру;
- Университет білімгерлері санасының жаңа моделін қалыптастыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде білім беру және тәрбиелік іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
- «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» жобалары мен негізгі бағыттарын БАҚ-да ақпараттық-сараптамалық сүйемелдеу арқылы кеңінен насихаттау және дәріптеу;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жауапты Алматы облысының жергілікті атқарушы органдармен, Өңірлік Сараптамалық кеңеспен және Жобалық кеңсесімен университеттің өзара іс-қимылын үйлестіру;
- Орталықтың саласы бойынша ғылыми, аналитикалық, сараптамалық, ақпараттық, әдістемелік материалдар дайындау және жариялау.
- «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары бойынша орындалған жұмыстардың есептерін, сондай-ақ ғылыми және сараптамалық ақпараттарды әзірлеп, тиісті мекемелерге уақтылы тапсыру.
«Рухани жаңғыру – Қазақстанның серпінді дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып өткізілді. Конференцияға отандық жетекші жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің, соның ішінде Венгрия, Қытай, Латвия, Польша, Швейцария, Эстонияның жетекші ғалымдары мен оқытушылары қатысты.
2018-2020 жылдар аралығында «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығы 2 ғылыми жобаны сәтті жүзеге асырды:
- ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру негізіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаһандану жағдайындағы диаспораның этномәдени бірегейлігі (Моңғолия және Қытай қазақтары негізінде)»
- «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында жастардың азаматтық бірегейлігін қалыптастыру (Алматы облысы материалдары бойынша)» Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік-демографиялық және этносаралық салалардағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының призмасы арқылы қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту» ғылыми жұмыстардың жиынтық жоспары аясында
2019-2020 жж. «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығы қызметкерлерінің 4 монографиясы мен 3 оқу құралы жарық көрді.
«Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Балтық педагогикалық академиясының құрметті академигі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құрметті профессоры А.Қасабектің марапаттары
«Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының аға ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор К.Н. Аликенованың және «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Н.К. Байгабатованың марапаттары
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылғы тамыз айында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Цюрих университетінің (Швейцария) оқытушылары, постдокторанттары мен білімгерлеріне арналған Жазғы мектеп ұйымдастырды. Жазғы мектеп аясында шетелдік білімгерлер 2 апталық интенсивті қазақ тілі курстарын өтті. «Туған жер» арнайы жобасы бойынша «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының директоры, т.ғ.к. Н.К.Байғабатова Цюрих университетінен келген қонақтарға «Zhetysu: the Land of Seven Rivers» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, Цюрих университетінің оқытушылары мен студенттеріне М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында шетелдік қонақтар Жетісу өлкесінің табиғаты, тарихы, қазақ халқының мәдениет нысандарымен танысты.