«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

«Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары мен  жобаларын іске асырудағы университеттің ғылыми-әдістемелік, сараптамалық және білім беру қызметін ұйымдастыру және үйлестіру

Міндеттері
Қызметтері
ЖЕТІСТІКТЕР
2018

«Рухани жаңғыру – Қазақстанның серпінді дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып өткізілді. Конференцияға отандық жетекші жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің, соның ішінде Венгрия, Қытай, Латвия, Польша, Швейцария, Эстонияның жетекші ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

2019

2018-2020 жылдар аралығында «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығы 2 ғылыми жобаны сәтті жүзеге асырды:

  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру негізіндегі  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаһандану жағдайындағы диаспораның этномәдени бірегейлігі (Моңғолия және Қытай қазақтары негізінде)»
  • «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында жастардың азаматтық бірегейлігін қалыптастыру (Алматы облысы материалдары бойынша)» Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік-демографиялық және этносаралық салалардағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының призмасы арқылы қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайту» ғылыми жұмыстардың жиынтық жоспары аясында
2020

2019-2020 жж. «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығы қызметкерлерінің 4 монографиясы мен 3 оқу құралы жарық көрді.

«Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Балтық педагогикалық академиясының құрметті академигі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құрметті профессоры А.Қасабектің марапаттары

«Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының аға ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор К.Н. Аликенованың және «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Н.К. Байгабатованың марапаттары

2021
2022

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылғы тамыз айында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Цюрих университетінің (Швейцария) оқытушылары, постдокторанттары  мен білімгерлеріне арналған Жазғы мектеп ұйымдастырды. Жазғы мектеп аясында шетелдік білімгерлер 2 апталық интенсивті қазақ тілі курстарын өтті. «Туған жер» арнайы жобасы бойынша «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының директоры, т.ғ.к. Н.К.Байғабатова Цюрих университетінен келген қонақтарға «Zhetysu: the Land of Seven Rivers» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар,  Цюрих университетінің оқытушылары мен студенттеріне М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында шетелдік қонақтар Жетісу өлкесінің табиғаты, тарихы, қазақ халқының мәдениет нысандарымен танысты.

қызметкерлер

Тазабекұлы Жайық

Директор

8 (7282) 22-21-23

ішкі нөмір (1142)

 rzh.univer@gmail.com
ТОЛЫҒЫРАҚ

Исабаев Абимурат Кажимуратович

Аға ғылыми қызметкер

8 (7282) 22-21-23

ішкі нөмір (1142)

 rzh.univer@gmail.com
ТОЛЫҒЫРАҚ

Қашағанова Әлия Болатқызы

Кіші ғылыми қызметкер
8 (7282) 22-21-23
ішкі нөмір (1142)
 rzh.univer@gmail.com ТОЛЫҒЫРАҚ