«Шын жүректен…» ізгілік шарасы
Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды орнықты даму мақсатында халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Осыған орай Жетісу университетінде «Айналайын» балаларды қолдау орталығы мен университет арасындағы достық қарым-қатынастың 11 жылдығына арналған «Шын жүректен…» атты ізгілік іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара университеттің әлеуметтік жауапкершілік саясатының маңызды бағыты ретінде ұйымдастырылып, қоғамда қайырымдылық мәдениетін нығайтуға, балаларға жан-жақты …





