Бітіруші түлек моделі
Еліміздің жоғары білім беру жүйесінде 1972 жылдан бері үздіксіз кәсіби мамандар даярлап келе жатқан Жетісу университеті биік академиялық дәстүрлер қалыптасқан орта. Университет осы күнге дейін 55 мыңнан астам білікті кадрларды дайындады. Бүгінгі университет түлектері әр салада көшбасшы атанып, жоғары табыстарға жетуде. Жарты ғасырдан астам уақытта Жетісу университетінің білімі — сапа көрсеткішіне, ал университет түлегі — жеңімпаз тұлға моделіне айналып үлгерді.
Бүгінгі университет білімгері мен түлегі тек озық маман ғана емес, өзгерістерге даяр, жаңашылдықтарға бейім, дербес ойлы тұлға. Болашақ кәсіп иесін оқытуда университет бірнеше құндылықтарға басымдық береді
- Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар
- Заманауи сапалы білім
- Тәжірибе мен дәстүр сабақтастығы
- Тұлғалық даму
- Тәуелсіз бағдар қалыптастыру
Түлектердің жетістіктері
Жетісу университетінің түлектері білім, ғылым, өнер, спорт салаларында айтулы жетістіктерге жетуде. Біздің білімгерлер республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. Қазіргі күнде университет түлектері мен студенттерінің тікелей қатысуымен бизнес жобалар ғылыми бастамалар орындалып жатыр. Осы арқылы Жетісу университеті еліміздегі білім және ғылым саласының өркендеуіне ықпал етіп келеді. Білімгерлердің жеңісті жолы жаңа жетістіктермен бедерленуде.
Манарханов Ерхан Ернұрұлы
Құқық және экономика факультеті Құқықтану БББ 1 курс
«EURASIAN JIU JITSU CUP 2025» халықаралық турнирінің жеңімпазы Евразия чепионы
Нурболатов Мухаммед Нұрланұлы
Құқық және экономика факультеті Құқықтану БББ 4 курс
JIU JITSU спорт түрінен Азия чемпионы
Байадилов Айбек Болатханулы
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 4 курс білімгері
«Жұлдызды рапсодия» халықаралық вокалдық байқауының 1-дәрежелі лауреаты
Сәрсенұлы Санат
Джиу-джитсудан спорт шебері
Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы,
ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Байзақ Дильназ
Бокстан спорт шебері
2022 жылғы Жарылқапов атындағы халықаралық турнирдің қола жүлдегері, 2020 жылғы ҚРК финалисті, 2019 жылғы ҚРК қола жүлдегері, 2019 жылғы Хайрулдинов атындағы халықаралық турнирдің финалисті.
Таңжарыққызы Мөлдір
Джиу-джитсудан спорт шебері
Джиу-джитсудан Қазақстанның 3 дүркін чемпионы,
Дзюдодан Қазақстан чемпионы
Штауб Эрих Сергеевич
Педагогика және психология жоғары мектебінің 4 курс білімгері
2022 жылғы 15 қазан күні Жезқазған каласында өткен «Бір ел» жастар жобасының аясында болган жайдарман ойындарының бас жүлде иегері
Медет Ернұр
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің 4 курс білімгері.
«ІЛИЯС ӘЛЕМІ» атты дәстүрлі республикалық студент-жастар фестивалі «Өлең деген – әр сөздің ұнасымы» атты мүшәйра ІІ орын Талдықорған, 2022 жыл
Бейімбетова Медина Біржанқызы
Жаратылыстану жоғары мектебінің 4 курс білімгері
«Рухтастар» байқауында «Нұрлы ақыл» номинациясының жеңімпазы, орын жүлдесі ретінде АМАНАТ партиясы Мединаға 300 000 теңге сертификат пен жеңімпаздың дипломын табыс етті.
Ерметаев Шыңғыс Ерікұлы
Құқық және экономика жоғары мектебінің 3 курс білімгері
1. ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының Алғыс хаты – 2022 жыл , ҚР президенті кандидатын сайлау барысында сенімді тұлға ретінде тіркелген
2. ЖУ университеті ректорының алғыс хаты 2021 жыл
3. ЖУ университеті ректорының алғыс хаты 2022 жыл
4. «Аманат» партиясының мүшесі, «Асар» еріктілер клубының мүшесі және университет ішкі саясатының белсенді мүшесі
Қанатбекұлы Айбек
Құқық және экономика жоғары мектебінің 3 курс білімгері
ЖУ университеті ректорының алғыс хаты 2022 жыл
Алғыс хат, Jetisu Jastary КММ-НІҢ Директоры А.Нуржановтан Мемлекеттік жастар саясатын жан жақты насихаттап, саяси тұрақтылық пен ұлттық бірліктің сақталуына қосқан үлесі үшін
Қ. Р. Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Б. Темірболатовтың Алғыс хаты
Алибай Арсен Жұмабекұлы
Құқық және экономика жоғары мектебінің 2 курс білімгері
1. ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының Алғыс хаты – 2022 жыл , ҚР президенті кандидатын сайлау барысында сенімді тұлға ретінде тіркелген.
2. Жетісу облысы бойынша 2023- үздік ерікті номинациасының иегері.