ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Факультеттің міндеттері: сапалы білім беруді ұйымдастыру арқылы Республикаға және аймаққа мектепке дейінгі және бастауышта оқыту мен тәрбиелеу, арнайы педагогика, педагогика және психология бағытындағы білім беру бағдарламаларының үш сатылық жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура) деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлау арқылы мемлекеттің білім беру саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мен жаңа заманауи жағдайға байланысты жаңғырту және жүзеге асыру болып табылады.
Студент
Магистрант
Докторант
ФАКУЛЬТЕТ БЛОГЫ
OpenTalks: «Жоба: бастауыш білім беруде ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау перспективасы».
Ғылым айы аясында 2024 жылдың 24 сәуірінде Педагогика және психология...
Read MoreИРН AP 19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» жоба аясында «Болашақ педагог мамандардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.
Педагогтардың кәсіби іс-әрекетінде зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылыққа жету жолдарын...
Read MoreФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ
Педагогика және психология факультетінің тарихы институт құрылған күннен бастап қызмет жасаған педагогика және психология кафедрасынан бастау алады. 1973 жылдың 10 шілдесінде педагогика және психология кафедра меңгерушісі қызметіне аға оқытушы Туркпенов Жолмухан Туркпенұлы тағайындалды.
1977 жылы осы кафедраның негізінде музыкалық-педагогика факультеті ашылып, факультеттің алғашқы деканы болып Қазақ КСР-на еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, доцент Манаспаева Аксулу Алимхановна тағайындалды.
1980 жылы музыка-педагогика факультеті негізінде музыка-педагогика және мектепке дейінгі педагогика факультеттері құрылды.
Факультеттің пайда болуы мен дамуына келесідей белгілі ғалымдар өз үлестерін қосты, декандар: А.А.Манаспаева (1973-1980жж), Р.Д.Когай (1980-1987жж), В.Н.Капралов (1987-1996жж), Д.Р Примбекова (1996-1998жж), Е.Ш.Темиров (1998-2008жж), Х.Т.Наубаева (2008-2015жж), С.А.Сочин (2015-2017жж), М.Т.Кантуреев (2017-2018жж).
2018 жылдың қыркүйегінен факультетті педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ыбыраимжанов Қалибек Турдыгазиевич басқарады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «02» мамыр 2019 ж. №432 бұйрығы негізінде 6D010000 – Білім (педагогикалық ғылымдар) (PhD) философия докторы дәрежесін тағайындау және бейіні бойынша докторлық диссертацияны қорғау диссертациялық кеңесі 6D010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 6D010300 – «Педагогика және психология», 6D010900 – «Математика» мамандықтары бойынша ашылды.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
"БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ"
- Бакалавриат 5В010200/6В01301
- Магистратура 6М010200/7M01301
- Докторантура PhD 6D010200/8D01301
"МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ"
- Бакалавриат 5В010100/6В01201
- Магистратура 6М010200/7M01301
« ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ »
- Бакалавриат 5В010300/6B01101
- Магистратура 6M010300/7М01101
- Докторантура PhD 6D010300/8D01101
« ДЕФЕКТОЛОГИЯ /АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА»
- Бакалавриат 5В010500/6B01901
- Магистратура 6М010500/7M01901
ФАКУЛЬТЕТ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Ханина Надежда Николаевна " Ы. Алтынсарин " Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін.
2014 жылы ОБ 5В010200" Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ACQUIN мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден өтті (2015 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін Германия, Байройт қ. сапа сертификаты).
2015 жылы 5В010200 "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ББ НААР бакалавриатының білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 18 ЖОО арасында 5-ші орынға ие болды. Бакалавриат білім беру бағдарламасы БСҚТҚА рейтингісінің нәтижесі бойынша 9 ЖОО арасында 3-ші орын алды.
2015 жылы ОБ 6М010200 "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" НААР магистратурасының білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 7 ЖОО арасында 1-орын алды.
2015 жылы 6D010200 -"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының PhD докторантурасы ашылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2018 жылғы "29" желтоқсандағы № 2058 /2019 жылғы"2" мамырдағы №432 (2022 жылғы 30 сәуірге дейін)/ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанындағы 6D010200 – Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі, 6D010300 – Педагогика және психология, 6D010900 – Математика мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық Кеңес ашылды.
Таурбекова Айнұр Сапашқызы Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.
Жақыпбекова Сәуле Сотиярдинқызы " Ы. Алтынсарин " өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін.
Сәуле Сотиялдақызы Жақыпбекова еліміздің ұрпағын тәрбиелеуге және білім беруге қосқан үлесі үшін "Қазақстанның үздік мұғалімі" орденімен марапатталды.
Зерттеу тақырыбы | Орындаушылар |
AP08856314 «Оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтердің дайындығын қалыптастыру». | Жетекші: Майлыбаева Г.С. |
AP08856810 «Жаңартылған білім мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру». | Жетекші: Ыбыраимжанов К.Т. |
AP08857092 «Организация довузовской подготовки лиц с ограниченными возможностями здоровья в системе инклюзивного высшего образования». | Жетекші: Жакипбекова |
2007 және 2011 жылы - с.ғ.д., доцент Аралбаева Рысжамал Кадыровна ;
2017 жылы - қауымдастырылған профессор м.а. (доцент), PhD Майлыбаева Гульмира Сабыровна;
2019 жылы - қауымдастырылған профессор(доцент), PhD Сапаргалиева Айжан Жанисовна;
2020 жылы - п.ғ.д., профессор Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич.
ДЕКАНАТ
Есимбекова Асылжан Омаровна
Педагогикалық ғылымдарының магистрі