Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы
«Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы бакалавриаттың келесі — 6В01705 – «Шетел тілі: екі шетел тілі», 6В01709 — «Шетел тілдері (IP)», 6В02301 – «Аударма ісі» (1-4 курс) білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді даярлайды. Кафедраның мақсаты. Кафедраның негізгі мақсаты – шетел тілдерін жоғары деңгейде меңгерген, аударма саласында біліктілігі бар кәсіби мамандарды даярлау. Оқыту барысында шетел тілдерін меңгеру, аударма әдістерін игеру, мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру, аударманың теориялық және практикалық дағдыларын дамыту, лингвистикалық білімді тереңдету, аударма саласындағы кәсіби стандарттарды сақтау және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау көзделеді. Оқытушылар құрамы. 2025-2026 оқу жылында кафедрада 26 профессор-оқытушы негізгі және профильдік пәндер бойынша сабақ береді. Олардың ішінде: 2 қауымдастырылған профессор (доцент) – Машанова С.М., Шарипова Г.С., 1 PhD – Жабыкбаева Д.М., 14 оқытушы-дәріскерлер: Байгуданова Г.Қ., Тастемирова А.Е., Қылышпаева М.Х., Жаукумова Ш.С., Нусупова Ш.М., Елеусизова Ш.С., Уалиева С.А., Қабылова М.С., Маукебаева М.А., Мусабаева А.Н., Тлегенова Г.А., Тоқтанова А.К., Дюсебаева С.Б., Тұрабай Г.К. 7 оқытушы-ассистенттер: Сүлейменова М.М., Тұрсын Г., Қайрбек А., Доскельдина А.С., Омарбекова Г.М., Жұмахан М.Ж., Жалелова Ж.А., Мырзахметова Л.К. 1 аға лаборант – Бекишова Т.Ж. Студенттер саны. 2025-2026 оқу жылында «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасында 617 студент білім алуда. Оның ішінде: 233 студент – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша, 261 студент – «Шетел тілдері (IP)» мамандығы бойынша, 176 студент – «Аударма ісі» мамандығы бойынша. 2024 жылы кафедра «6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» және «6В02301 – Аударма ісі» мамандықтары бойынша, 2025 жылы «6В01705 –Шетел тілдері (IP)» мамандығы бойынша арнайы аккредитациядан сәтті өтті. Материалдық-техникалық база. Кафедра электронды базаға қосылған кітапханамен қамтамасыз етілген. Бұл база мақалаларды, кітаптарды, авторефераттарды, диссертацияларды және Қазақстан ЖОО профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерін қамтиды. Студенттер мен оқытушыларға арналған оқу және жедел ақпарат университеттің веб-сайтында және порталдарында орналастырылған. Кафедра мен компьютерлік сыныптар интернетке және университеттің жергілікті желісіне қосылған. Сондай-ақ, ашық қолжетімді Wi-Fi аймақтары бар. Оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін кафедрада 4 оқу-әдістемелік кабинет, оның ішінде 3 мультимедиялық лингафондық зертхана (№302, 303, 304) жұмыс істейді. Мультимедиялық лингафондық зертханалар ағылшын, неміс, корей, қытай және түрік тілдері бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған. Бұл кабинеттер арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен, лингвистикалық оқулықтармен және кафедра оқытушылары дайындаған оқу материалдарымен жабдықталған. Әлеуметтік база. Университеттің әлеуметтік инфрақұрылымы: актовый залдар, конференц-залдар, спорт залдары, жатақханалар, кітапхана және асхана бар. Бұл мүмкіндіктер студенттерге қолайлы оқу ортасын ұсынады.
Ағылшын тілі кафедрасы 1996 жылы қыркүйекте І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетінде құрылған болатын. Кафедраның негізін қалаушы доцент,аға оқытушы Катенова М.Р болып табылады. 19 жылда кафедра ағылшын тілі мамандарының 14 түлегін ұшырған. Корей, қытай, неміс және түрік тілдері екінші тіл ретінде оқытылады.
2012-2013 оқу жылынан бастап «Аударма ісі» мамандығының қосылуына байланысты кафедраның атауы "Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасы болып өзгертілді.
2019-2020жж. Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Шыныбекова Айжан Сахановна болды.
2020 жылы кафедра меңгерушісі болып магистр Абьльгазиева Жанар Курманалиевна тағайындалған.
2020-2022жж аралығында "Шетел тілдері және аударма ісі"кафедрасының меңгерушісі Орынбаева Улсерик Қыдырбайқызы болды.
2023 жылдың 1-қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін "Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының меңгерушісі болып философия докторы (PhD) Жабыкбаева Динара Маратовна жүргізіп келеді.
- 6В01705 - "Шетел тілі: екі шетел тілі" бакалавриат
- 6В02301 - "Аударма ісі" бакалавриат
- 6В01709 - "Шетел тілдері (IP) бакалавриат"
- Жұмыс берушілермен бірлесіп жасалған элективті пәндер каталогы негізінде екі мамандықтың модульдік білім беру бағдарламалары қаралып, бекітілді. Мамандық бойынша элективті пәндер каталогы нарықтық экономика талаптарына және жұмыс берушілердің қалауына сәйкес жыл сайын өзгеріп отырады. Элективті пәндер каталогы университеттің ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуінде орналастырылған және студенттер электронды журнал беттерінде оқу жолдарын өз бетінше таңдайды.
- 6В01705 - "Шетел тілі: екі шетел тілі" білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндер каталогы"
- 6В02301 - "Аударма ісі" білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндер каталогы»
- 6В01709 - "Шетел тілдері (IP)" білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндер каталогы"
Оқу процесі кредиттік технологиялар бойынша оқыту арқылы ұйымдастырылады. Мамандық бойынша оқу-әдістемелік кешені 100% құрайды. Оқытылатын пәндердің сапасын арттыру әдістемелік қамтамасыз етумен байланысты. Оқытуда инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға байланысты. Студенттер кафедраның барлық пәндері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қажетті оқу материалдарымен қамтамасыз етілген. Оқу-әдістемелік материалдар, практикалық сабақтарға арналған нұсқаулықтар, электронды лекция курстары, электронды оқулықтар, тест тапсырмалары университеттің интернет жүйесінде орналастырылған. 2024-2025 оқу жылында кафедра оқытушылары: Жаукумова Ш.С. – «Кәсіби коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша практикум» тақырыбында, Тұрабай Г.К. – «Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда интернет ресурстарын пайдалану» тақырыбында, Дюсебаева С.Б. – «Бастауыш сынып оқушыларының шетел тілі бойынша коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың теориясы мен практикасы» тақырыбында, Уалиева С.А. – «Шетел тілі ретінде неміс тілі» («Deutsch als Fremdsprache») тақырыбында, Дюсебаева С.Б., Доскельдина А.С. – «Онлайн ортадағы коммуникативтік құзыреттілік» («Communicative competence in online environment») тақырыбында оқу құралдарын жарыққа шығарды. Сондай-ақ, кафедраның кейбір оқытушылары оқу материалдарын шығаруды жоспарлап отыр.
Кафедра оқытушылары барлық пәндер бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірледі: практикалық жаттығулар мен дәрістер, тезистер, тәжірибенің барлық түрлері. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа және 2, 3, 4 курс студенттерінің оқу күнтізбесіне сәйкес студенттер өндірістік (педагогикалық) тәжірибеден өтеді. Кафедра студенттерінің оқу-өндірістік (педагогикалық) практикасы аудан, қала мектептерімен жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Кафедрада тағылымдамадан өту бағдарламалары, практика есептері, бұйрықтары, студенттерге бағыт-бағдар беру және қорытынды конференция хаттамалары бар.
«Кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 20.04.2011 жылғы № 152 бұйрығына сәйкес кафедра консультанттары бекітілді. Топ консультанттары факультативтік пәндер бойынша студенттермен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, студенттерге жеке оқу бағдарламаларын жасайды, сонымен қатар оқу бағдарламасы бойынша ұсыныстар береді.
№ р/с | Автор, құрастырушы | Әдістемелік әдебиет атауы | Пән атауы, шифры | Шығару мерзімі |
1
| Тұрабай Гүлдана Келісқызы | Usage of Internet resources in the formation of intercultural communicative competence | Шетел тілі (магистратура ) | Мамыр, 2024 ж. |
2 | Тұрабай Гүлдана Келісқызы | For the formation of intercultural communicative competence of future foreign language teachers | Шетел тілі (магистратура ) | Мамыр, 2024 ж. |
3 | Жаукумова Ш.С. | Развитие профессионально- коммуникативных компетенций будущих учителей начальных классов |
| Маусым, 2024ж. |
4 | Дюсебаева С.Б. | Theory and practice of formation of foreign language communicative competence of primary school students | Современные педагогические технологии в начальном образовании (6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалавриат | Маусым, 2024ж. |
5 | Дюсебаева Самал Бериковна Доскельдина Айдана Серикболқызы | Communicative competence in online environment | 6В01301 – «Pedagogy and methodology of primary education» (bachelor’s degree) and 7M01301 – «Pedagogy and methodology of primary education» (master’s degree). | Желтоқсан 2024ж. |
Әдістемелік семинар
2024 жылғы 18 қазан күні Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушысы, Огайо штатында білім алып, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Қайрбек Арайгүл мен Омарбекова Гульжанның кафедраның ПОҚ-на арналған «Effective Assessment: Types, Rubrics, and Grading» атты семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты – оқытушылардың және студенттердің білімін әділ бағалауда қолданылатын рубрикалар мен бағалау әдістерін тиімді пайдалану жолдарын түсіндіру болды.
№ | Әдістемелік семинар атауы | Жауаптылар |
1 | Effective Assessment: Types, Rubrics, and Grading | Қайрбек А. Омарбекова Г.М. |
2 | Effective Strategies for Organizing Distance Learning in Higher Education | Қайрбек А. Омарбекова Г.М. |
Шетел тілі және аударма пәнінің білім беру бағдарламасы мұғалімдерінің ғылыми жұмысын ұйымдастыру ғылыми қызметті ұйымдастыру және дамыту жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кафедра оқытушылары SCOPUS, KKСОН, РИНЦ ғылыми журналдарында тұрақты түрде жарияланымдарын шығарып, халықаралық конференцияларға, ғылыми семинарларға қатысады, оқу-әдістемелік құралдар шығарады, облыс оқытушыларына оқу-әдістемелік семинарлар өткізеді. 2024-2025 оқу жылында РИНЦ – 17, халықаралық конференцияларда – 17, SCOPUS – 8, ККСОН — 4, ЖУ хабаршысы — 6 мақалалар жарияланды. Білім беру бағдарламасының оқытушылары жыл сайын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ (Алматы, Астана) және Әл Фараби атындағы ҚазҰУ бағдарламасы бойынша білім алып, кәсіби-педагогикалық қызметін жетілдіріп келеді.
Scopus базасындағы ғылыми журналдарда шыққан ғылыми мақалалар
№ | Оқытушының аты-тегі | Мақала атауы | Журнал атауы, номері, жылы, беті | Impact Factor, квартиль және процентиль |
1 | Dinara Zhabykbayeva Gulnar Kozhasheva Yekaterina Gavrilova Talgat Baidildinov Aivar Sakhipov | Development of professional competencies of students with distance learning technologies in the School-College-University system | Scientific Herald of Uzhhorod University Series Physics 2024(55):1227-1236DOI: 10.54919/physics/55.2024.122nt7 | — |
Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда шыққан ғылыми мақалалар
№ | Оқытушының аты-жөні | Мақала атауы | Журнал атауы |
1 | Ашимова Малика Гениевна Жабыкбаева Динара Маратовна Кабылова Мадина Серикболовна, Жалелова Жибек Анваровна | Развитие навыков произношения английских ударных гласных с помощью мобильного приложения Blue Canoe | Торайғыров университетінің Хабаршысы, Педагогикалық сериясы № 3. 2024,-С. 6-19 |
2 | Байгуданова Гульжанат Куйдайбергеновна | Структурные компоненты формирования иноязычной коммуникативной компетентности учащихся начальных классов с помощью интерактивных методов обучения | «Известия КазУМОиМЯ имени Абылай хана», серия «Педагогические науки», Том 74 № 3 (2024) |
3 | Тастемирова Алмагуль Ерболаевна | Anne Stevenson’s Poetry and Society | КИнЭУ Научно-производственный журнал . общественные науки, история, философия . – 2024. – №1 март 2024. – 99-118 стр. |
4 | Кылышпаева Мадина Хамитовна | Linguistic persona development of a philologist in the digital environment of the university | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы, Том 149 № 4 (149)/2024. С. 239-246 |
2024 жылдың 22 қазанында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультетінде «Ұлттық бірлік және көптілділік: Болашаққа көзқарас» атты тілдер фестивалі өтті. Іс-шараны Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы 1-4 курс студенттерінің белсенді қатысуымен ұйымдастырды. Фестиваль 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орай өткізілді. Фестиваль Қазақстан халқының бірлігі, көптілділігі және мәдени әртүрлілігін насихаттауға арналған алаңға айналды. Шара барысында студенттер елдегі тілдік және мәдени көптүрлілікке арналған шығармашылық нөмірлер ұсынып, тақырыптық викториналарға, презентацияларға және пікірталастарға қатысты. Қатысушылар мен қонақтар Қазақстанды мекендейтін түрлі этностардың дәстүрлерімен танысып, көптілділіктің заманауи қоғамдағы маңызы мен оның ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі туралы көбірек мағлұмат алды. Осындай бастамалар Қазақстанда өмір сүретін халықтардың мәдениеті мен тілдеріне деген құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ жастар арасында мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал етеді.



2024 жылдың 26 қарашасында 2-3 курс студенттері арасында ағылшын, қытай, түрік және неміс тілдерінен «Foreign languages without borders» олимпиадасы өтті. Ағылшын тілінен олимпиада екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде қатысушылар тыңдалым, оқу және жазу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды орындады, ал екінші кезеңде жобалық жұмыстарын қорғады. Олимпиаданың мақсаты — дарынды студенттерді анықтау, олардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамыту, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру және оқуға деген қызығушылықты арттыру болды. Бірінші кезеңнің нәтижесінде 40 студенттен 10 студент екінші кезеңге өтті. Жобаларды қорғау нәтижесінде студенттер өздерінің тілдік және ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетті, жүлделі орындарға ие болып, 1, 2, 3 орындарға дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының студенттері Мулкибаева Маржан және Нуралы Олжас Jetysu Hub-тың ұйымдастыруымен өткізілген, Pizza Pitch атты IT жобалар байқауына қатысып, жүлделі үшінші орын алды.

Кафедрадағы тәрбие жұмысына тоқталатын болсақ оқу жылының басынан біздің білімгерлер де оқытушылар да өте белсенді! —Шахматтан Ректор кубогы жарысында Штқ 211 және ШТҚ 213 топтарының білімгерлері Махаматилла Зарина және Буркитбаев Бақытжан командалық есепте бірінші орынды алды.
-Дзюдодан Ректоры кубогы жарысында 3 ші курс білімгері Белқожа Бекжан 2ші орын алды
-Үздік өнер байқауында Би номинациясы және ән номицасия бойынша 1,2,3 ші орындарды толықтай біздің кафедра білімгерлері иеленді
-Таза сессия акциясы бойынша әр топ эдвайзері топтарымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тәрбие сағаттарын өткізді
-Лудоманияға қарсы Дюсебаева С.Б. және Доскельдина А.С. “Gambling addiction” тақырыбында Ted talks форматында ашық сабақ өткізді
-Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша видео байқау нәтижесі бойынша 3 курс білімгері Шаяхмет Шынардың жұмысы үздік деп танылып, 1 орынды жеңіп алды.



І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында 2023 жылғы 1 – 30 қараша аралығында «Шетел тілдері және аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 4-курс, ШТҚ 411,412 студенттеріне «Екінші шетел тілінің коммуникативтік тренингі (Түрік тілі)» курсы өтті. Курсты Түркия мемлекеті, Нийде Омер Халисдемир университеті түрік тілі және әдебиеті кафедрасының докторы (PhD) Ердинч Демирай жүргізді.
Ұйымдармен, серіктес ЖОО-лармен ынтымақтастық. Кафедраның басым бағыттарының бірі әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Сондай-ақ ТМД университеттерімен тығыз және нәтижелі ынтымақтастық бар. Сонымен қатар, І.Жансүгіров атындағы ЖУ Генуя университетімен, Италия; Ярославль университеті. Ушинский, РФ Ярославль; Теннесси техникалық университеті, АҚШ; Лодзь университеті, Польшамен ынтымақтастық орнатты.
6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ студенттері Талдықорған қаласының 30 мектебінде, сондай-ақ аудандарда педагогикалық практикадан өтеді. 6В02301-«Аударма ісі» ББ студенттері»Status» қалалық аударма бюросында, сондай-ақ «АҚБ Қайнар» ЖШС-де өндірістік практикадан өтеді.
2023-2024 оқу жылында «№ 12 орта мектеп –гимназия» КММ — де 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ филиалы ашылды.
Сыртқы академиялық ұтқырлық
№ | Студенттің аты-жөні | Мемлекет, оқу орны | БББ атауы, шифры | Шетелдік ЖОО-да оқу кезеңі |
1 | Сапар Гауһар Асланқызы | Польша Лодзь | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 25.09.2024-08.03.2025 |
2 | Рамазанова Әлия Есенейқызы | Польша Лодзь | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 25.09.2024-08.03.2025 |
3 | Русланқызы Ардақ | Польша Лодзь | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 25.09.2024-08.03.2025 |
4 | Генералова Адема Талгатовна | Польша Лодзь | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 25.09.2024-08.03.2025 |
5 | Тілеухан Құндыз Бексұлтанқызы | Польша Лодзь | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 25.09.2024-08.03.2025 |
6 | Молдажан Еркежан | Польша Лодзь | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 29.08.2024-24.12.2024 |
7 | Сұлтанғазықызы Аруза | Түркия, Чанаккале | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 18.09.2024-07.01.2025 |
8 | Ебелекова Толқын Сержанқызы | Түркия, Нийде Омер Халисдемир | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 25.09.2024-13.01.2025 |
9 | Туламатов Санжар Ойбекович | Оңтүстік Корея | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 29.08.2024-24.12.2024 |
10 | Қасымбай Аяулым Далелханқызы | Түркия, Анкара | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 11.09.2024-07.01.2025 |
11 | Жұмабек Асель | Түркия, Хаджеттепе | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 10.02.2025-08.07.2025 |
12 | Шаяхамет Шынар | Түркия, Хаджеттепе | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 10.02.2025-08.07.2025 |
13 | Абеу Шұғыла Ниязбекқызы | Түркия, Хаджеттепе | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 10.02.2025-08.07.2025 |
14 | Серікбай Жанерке | Түркия, Хаджеттепе | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 10.02.2025-08.07.2025 |
15 | Сайдулаева Диана Хаятуллаевна | Түркия, Хаджеттепе | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 10.02.2025-08.07.2025 |
16 | Бикулова Альмира | Түркия, Хаджеттепе | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 10.02.2025-08.07.2025 |
17 | Жамбыл Мадина | Түркия, Нийде Имер Халисдемир | 6В01705 – ИЯ:2ИЯ | 10.02.2025-08.07.2025 |
"Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының оқытушы-дәріскері Уәлиева Сәуле Айтқалиқызы білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсетіп, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

"Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының оқытушы-дәріскері "Үздік жас ғалым - 2021", "Үздік халықаралық оқулық" жобасының 1-орын иегері Тұрабай Гүлдана Келісқызы марапатталады.

"Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының оқытушы-дәріскері Байгуданова Гүлжанат Құдайбергенқызы білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсеткені үшін aлғыс хатпен марапатталды.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығы "Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының меңгерушісі Д.М.Жабыкбаеваны педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қосқан үлесі, нәтижелі шығармашылық жұмысы үшін алғыс білдіреді.

"Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының оқытушы-дәріскері "ТМД-ның үздік педагогы - 2021" атты халықаралық байқауының жеңімпазы атанған Тұрабай Гүлдана Келісқызы марапатталады.

«Деңгейлік онлайн платформа арқылы шетел тілінде тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру» жоба жетекшісі Дюсебаева С.Б., жоба орындаушылары Абдуалиева Р.Е., Доскелдина А.С., қаржыландыру сомасы: 1 300 000 теңге.
Жабыкбаева Динара Маратовна
Философия докторы (PhD), Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі
Тел. +7 (775) 649 61 63
d.zhabykbaeva@zu.edu.kz
Машанова Сания Медетбековна
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Тел. +7 (777) 363 39 30
saniya.mashanova@mail.ru
Байгуданова Гүлжанат Құдайбергенқызы
