Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы
«Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы бакалавриаттың «6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі», «6В01709 — Шетел тілдері (IP)», «6В02301 – Аударма ісі» білім беру бағдарламалары, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық бағыттағы «7М01705 – Шетел тілі педагогтарын даярлау» магистратура бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттарды даярлайды.
Кафедраның мақсаты — шетел тілдерін жоғары деңгейде меңгерген, аударма және педагогика саласында дағдылары бар кәсіби мамандарды даярлау. Кафедра шетел тілдерін оқытуға, аударма әдістерін меңгеруге, пәнаралық және мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыруға, аударма саласындағы теориялық және практикалық дағдыларды дамытуға, лингвистикалық білімді тереңдетуге, аударма саласындағы кәсіби стандарттарды сақтауға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған.
2026–2027 оқу жылында кафедрада негізгі және бейінді пәндер бойынша 29 профессор-оқытушылар құрамы сабақ береді, олардың арасында: кафедра меңгерушісі — философия докторы (PhD) Д.М. Жабыкбаева; қауымдастырылған профессорлар (доценттер) — п.ғ.к., доцент С.М. Машанова және ф.ғ.к., доцент Э. Ли (қауымдастырылған профессор м.а.); ғылым кандидаты мен PhD дәрежесі бар 4 оқытушы — ф.ғ.к. Г. Шарипова, PhD А.К. Тоқтанова, PhD Г.А. Тлегенова, PhD М.Г. Ашимова; 13 оқытушы-дәріскер — А.Е. Тастемирова, Г.Қ. Байгуданова, Ш.С. Жаукумова, М.Х. Қылышпаева, С.А. Уалиева, Ш.М. Нусупова, Ш.С. Елеусизова, М.А. Маукебаева, А.Н. Мусабаева, С.Б. Дюсебаева, Г.К. Тұрабай, М.С. Қабылова, А.О. Есимбекова; 7 оқытушы-ассистент — Г. Тұрсын, М.М. Сүлейменова, А. Қайрбек, Л.К. Мырзахмет, А.Б. Байгожина, Б.Б. Нұрғожа, А.С. Рамазанова; сонымен қатар өндірістен 2 қосымша жұмыс істейтін оқытушы — С.Ш. Бактыбаева және Р.К. Туманбаев.
Студенттер саны: 2026–2027 оқу жылында «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасында 702 білім алушы оқиды, оның ішінде «Шетел тілі» бағыты бойынша («Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Шетел тілдері (IP)») — 507 студент, «Аударма ісі» мамандығы бойынша — 195 студент, ал «Шетел тілі педагогтарын даярлау» магистратура бағдарламасы бойынша — 34 магистрант білім алуда.
2024 жылы кафедра «6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» және «6В02301 – Аударма ісі» мамандықтары бойынша, 2025 жылы «6В01709 — Шетел тілдері (IP)» мамандығы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.
Материалдық-техникалық базасы: Кітапхана қоры Қазақстан жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының мақалалары, кітаптары, авторефераттары, диссертациялары мен еңбектерінің электронды базасымен қамтамасыз етілген. Студенттер мен оқытушыларға арналған оқу және жедел ақпарат университет веб-сайтында және оның порталдарында орналастырылған. Кафедра мен компьютерлік сыныптар интернетке және университеттің жергілікті желісіне қосылған. Ашық Wi-Fi аймақтары бар. Оқу процесі 5 оқу-әдістемелік кабинетпен (соның ішінде № 302, 303, 304 3 мультимедиялық лингафондық зертхана) қамтамасыз етілген. Мультимедиялық лингафондық зертханалар ағылшын, неміс, корей, қытай және түрік тілдері бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін пайдаланылады. Кабинеттер бағдарламалық жасақтамамен, лингафондық оқулықтары бар дайын қолданбалы сабақтармен, сондай-ақ кафедра оқытушылары дайындаған материалдармен жабдықталған. Университеттің әлеуметтік базасына акт залдары, конференция залдары, спорт залдары, жатақханалар, кітапхана және асханалар кіреді.
Ағылшын тілі кафедрасы 1996 жылы қыркүйекте І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетінде құрылған болатын. Кафедраның негізін қалаушы доцент,аға оқытушы Катенова М.Р болып табылады. 19 жылда кафедра ағылшын тілі мамандарының 14 түлегін ұшырған. Корей, қытай, неміс және түрік тілдері екінші тіл ретінде оқытылады.
2012-2013 оқу жылынан бастап «Аударма ісі» мамандығының қосылуына байланысты кафедраның атауы "Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасы болып өзгертілді.
2019-2020жж. Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Шыныбекова Айжан Сахановна болды.
2020 жылы кафедра меңгерушісі болып магистр Абьльгазиева Жанар Курманалиевна тағайындалған.
2020-2022жж аралығында "Шетел тілдері және аударма ісі"кафедрасының меңгерушісі Орынбаева Улсерик Қыдырбайқызы болды.
2023 жылдың 1-қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін "Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының меңгерушісі болып философия докторы (PhD) Жабыкбаева Динара Маратовна жүргізіп келеді.
2024 жылы кафедра «6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» және «6В02301 – Аударма ісі» мамандықтары бойынша арнайы аккредитациядан сәтті өтті.
2025 жылы "6В01705 –Шетел тілдері (IP)" мамандығы бойынша арнайы аккредитациядан сәтті өтті.
2025 жылы кафедра меңгерушісі, PhD Д. Жабыкбаева және оқытушы-дәріскер С. Дюсебаеваның бастамасымен Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығының English Language Fellow бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылына Огайо штатынан келген Bronwin Shieber кафедраның оқу үдерісіне тартылды.
2026 жылдың 17 сәуір күні Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы бірлесіп «Teachers Teaching Teachers: Sharing What Works» халықаралық конференциясын өткізді. Іс-шараға отандық және шетелдік сарапшылар, ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.
2026 жылдың 30 сәуірінде Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының құрылғанына 30 жыл толуына орай кафедра түлектері мен кафедрада ұзақ жылдар еңбек еткен оқытушылардың қатысуымен мерекелік кездесу ұйымдастырылды.
АҚШ Бас консулдығымен ынтымақтастықты жалғастыру аясында 2026–2027 оқу жылында English Teaching Assistant (ETA) бағдарламасы бойынша Пенсильвания штатынан келген Alessandra кафедраның оқу үдерісіне тартылды.
- Бакалавиат
- 6В01705 - "Шетел тілі: екі шетел тілі"
- 6В02301 - "Аударма ісі"
- 6В01709 - "Шетел тілдері (IP)"
- Магистратура
- 7М01705 – «Шетел тілі педагогтарын даярлау» (Ғылыми-педагогикалық бағыт)
- Жұмыс берушілермен бірлесіп жасалған элективті пәндер каталогы негізінде екі мамандықтың модульдік білім беру бағдарламалары қаралып, бекітілді. Мамандық бойынша элективті пәндер каталогы нарықтық экономика талаптарына және жұмыс берушілердің қалауына сәйкес жыл сайын өзгеріп отырады. Элективті пәндер каталогы университеттің ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуінде орналастырылған және студенттер электронды журнал беттерінде оқу жолдарын өз бетінше таңдайды.
- 6В01705 - "Шетел тілі: екі шетел тілі" 2023
- 6В01709 - "Шетел тілдері (IP)" 2024
- 6В01709 - "Шетел тілдері (IP)" 2025
- 6В02301 - "Аударма ісі" 2025
- 6В01709 - "Шетел тілдері (IP)" - 2026
Оқу процесі кредиттік технологиялар бойынша оқыту арқылы ұйымдастырылады. Мамандық бойынша оқу-әдістемелік кешені 100% құрайды. Оқытылатын пәндердің сапасын арттыру әдістемелік қамтамасыз етумен байланысты. Оқытуда инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға байланысты. Студенттер кафедраның барлық пәндері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қажетті оқу материалдарымен қамтамасыз етілген. Оқу-әдістемелік материалдар, практикалық сабақтарға арналған нұсқаулықтар, электронды лекция курстары, электронды оқулықтар, тест тапсырмалары университеттің интернет жүйесінде орналастырылған. 2025-2026 оқу жылында кафедра оқытушылары: Жаукумова Ш.С. – «Кәсіби коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша практикум» тақырыбында, Тұрабай Г.К. – «Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда интернет ресурстарын пайдалану» тақырыбында, Дюсебаева С.Б. – «Бастауыш сынып оқушыларының шетел тілі бойынша коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың теориясы мен практикасы» тақырыбында, Уалиева С.А. – «Шетел тілі ретінде неміс тілі» («Deutsch als Fremdsprache») тақырыбында, Дюсебаева С.Б., Доскельдина А.С. – «Онлайн ортадағы коммуникативтік құзыреттілік» («Communicative competence in online environment») тақырыбында оқу құралдарын жарыққа шығарды. Сондай-ақ, кафедраның кейбір оқытушылары оқу материалдарын шығаруды жоспарлап отыр.
Кафедра оқытушылары барлық пәндер бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірледі: практикалық жаттығулар мен дәрістер, тезистер, тәжірибенің барлық түрлері. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа және 2, 3, 4 курс студенттерінің оқу күнтізбесіне сәйкес студенттер өндірістік (педагогикалық) тәжірибеден өтеді. Кафедра студенттерінің оқу-өндірістік (педагогикалық) практикасы аудан, қала мектептерімен жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Кафедрада тағылымдамадан өту бағдарламалары, практика есептері, бұйрықтары, студенттерге бағыт-бағдар беру және қорытынды конференция хаттамалары бар.
«Кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 20.04.2011 жылғы № 152 бұйрығына сәйкес кафедра консультанттары бекітілді. Топ консультанттары факультативтік пәндер бойынша студенттермен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, студенттерге жеке оқу бағдарламаларын жасайды, сонымен қатар оқу бағдарламасы бойынша ұсыныстар береді.
№ р/с | Автор, құрастырушы | Әдістемелік әдебиет атауы | Пән атауы, шифры | Шығару мерзімі |
1
| Тұрабай Гүлдана Келісқызы | Usage of Internet resources in the formation of intercultural communicative competence | Шетел тілі (магистратура ) | Мамыр, 2024 ж. |
2 | Тұрабай Гүлдана Келісқызы | For the formation of intercultural communicative competence of future foreign language teachers | Шетел тілі (магистратура ) | Мамыр, 2024 ж. |
3 | Жаукумова Ш.С. | Развитие профессионально- коммуникативных компетенций будущих учителей начальных классов |
| Маусым, 2024ж. |
4 | Дюсебаева С.Б. | Theory and practice of formation of foreign language communicative competence of primary school students | Современные педагогические технологии в начальном образовании (6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалавриат | Маусым, 2024ж. |
5 | Дюсебаева Самал Бериковна Доскельдина Айдана Серикболқызы | Communicative competence in online environment | 6В01301 – «Pedagogy and methodology of primary education» (bachelor’s degree) and 7M01301 – «Pedagogy and methodology of primary education» (master’s degree). | Желтоқсан 2024ж. |
Әдістемелік семинар (2025-2026 оқу жылы)
2026 жылғы 23 қаңтар күні Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары мен Омарбекова Гульжан Муратқызы мен Мырзахмет Ляззат Канатбековнаның кафедраның гуманитарлық факультеттің ПОҚ-на арналған «Artificial Intelligence in Language Education an Translation: New Horizons» атты семинар өткізді. Семинардың барысында тілдерді оқыту және аударма саласында жасанды интелект технологияларын қолданудың мүмкіндіктері мен артықтшылықтары талқыланды. Атап айтқанда, Canva, Vrew, Heygen, Gemini платформаларының білім беру үрдісіндегі тиімділігі көрсетіліп, қатысушылар практикалық тапсырмалар орындады.
№ | Әдістемелік семинар атауы | Жауаптылар |
1 | Видеомейкер: Жасанды интелект дәуірі | Омарбекова Г.М. Мырзахмет Л.К. |
2 | Artificial Intelligence in Language Education an Translation: New Horizons | Омарбекова Г.М. Мырзахмет Л.К. |
«Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі білім беру бағдарламасы оқытушыларының ғылыми әлеуетін арттыруға, зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуге және кәсіби ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Кафедра оқытушылары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми жобаларға, әдістемелік семинарларға және біліктілікті арттыру курстарына белсенді қатысады.
2025–2026 оқу жылында кафедра оқытушылары 110 ғылыми мақала жариялады, оның ішінде:
10 — Scopus дерекқор жүйесіне кіретін журналдарда;
18 — ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда;
82 — басқа да отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда.
Жарияланған зерттеулер шетел тілдерін оқыту әдістемесінің, тіл білімінің, мәдениетаралық қатысымның және заманауи білім беру технологияларының өзекті мәселелерін қамтиды. Болашақта кафедра ұжымы ғылыми жарияланымдардың сапасы мен иқтибостылық (цитатталу) көрсеткіштерін арттыруды, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуді және зерттеу нәтижелерін білім беру үдерісінде тиімді қолдануды жоспарлап отыр.
| № | Авторлардың / оқытушылардың аты-жөні | Мақаланың атауы | Журналдың атауы, нөмірі, жылы, беттері | Импакт-фактор, квартиль, процентиль |
| 1 | Yessimbekova A.O., Taurbekova A., Shagatayeva Z., Zhatbekova N., Shakarim N. | Project-based learning via school-university collaboration: impact on general pedagogical knowledge in primary student-teachers | Frontiers in Education. – 2025. – Vol. 10. – P. 1-12 | — |
| 2 | Yessimbekova A.O., Zhakipbekova S., Petkova I., Shagatayeva Z. | Evaluation of Teacher Candidates’ Attitudes, Perceptions, and Opinions towards Artificial Intelligence and Project-Based Learning | International Journal of Information and Education Technology. – 2026. – Vol. 16. – № 4. – P. 1076-1088 | — |
| 3 | Yessimbekova A.O., Issabekova A., Almenbetova K., Shakirova A. | Evaluating an AI-Supported Revision Module for Project-Based Research in Teacher Education | The Electronic Journal of e-Learning. – 2026. – Vol. 24. – № 3. – P. 33-48 | — |
| 4 | Yessimbekova A.O., Taurbekova A., Ybyraimzhanov K., Mailybayeva G., Zhexembayeva Zh. | Effects of SRSD Plus Supervised Implementation on Preservice Primary Teacher’s Content Knowledge and Self-efficacy for Teaching Reading | Qubahan Academic Journal. – 2026. – Vol. 6. – P. 468-480 | — |
| 5 | Kylyshpayeva M., Kylyshpayeva S., Akizhanova D., Onalbayeva A. | The structure for cultivating a philologist’s linguistic identity via improvement of communicative abilities in language classes | Frontiers in Education. Section Language, Culture and Diversity. – 2026. – Vol. 11 | Q1, 76% |
| 6 | Mussabayeva A.N., Bakytzhanova A., Zhanzhigitov S., Bibekov K., Yelubay A. | Linguoconceptual Nature of Intellectual Parameters in Kazakh Legal Discourse | Forum for Linguistic Studies. – 2025. – Vol. 07. – Issue 07. – P. 146-157 | — |
| 7 | Kabylova М.S., Abishev N.A., Orynbayeva U.K., Zhumabayeva M.А. | Enhancing Interactive Skills of Pre-Service EFL Teachers: Is Video-Case-Based Reflective Training Instrumental? | Educational Process: International Journal. – 2025. – Vol. 15. – № e2025100. – P. 1-12 | — |
| 8 | Tlegenova G.A., Shukenay G.T., Shynybekova A., Zhumashay R., Agabekova B., Berkimbayeva S. | The Language of Colors: Symbolism of Hues in Kazakh Proverbs and Cross-Cultural Comparison | Theory and Practice in Language Studies. – 2026. – Vol. 16. – № 1. – P. 382-393 | — |
| 9 | Myrzakhmet L., Aizhan Sapargaliyeva, Gulim Shukenay, Zhadyra Zhexembayeva | Professional preparation of teachers to form foreign language culture as a condition of socialisation of schoolchildren | Educational and Developmental Psychologist. – 2026. – P. 1-15 | — |
| 10 | Ashimova M.G., Daulova Zh.T., Pangereyev A.Sh., Issaliyeva A.A., Iskaliyeva A.T., Nurpeisov N.Zh., Aristangaliyeva N.B. | Characterization of the Historical Figure Isatay Taimanov in Sherniyaz Zharylgasuly’s Poetry | Theory and Practice in Language Studies. – 2026. – Vol. 16. – № 8. – P. 2846-2854 | — |
Гуманитарлық факультетте ерекше форматта Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «Language Fair» тілдер жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара әртүрлі халықтардың тілдері мен мәдениетін дәріптеуге, студенттер арасындағы достықты нығайтуға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды. Жәрмеңке аясында әр тілге арналған арнайы бұрыштар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар қойылған мерекелік дастарқан жайылды.
Жәрмеңкеде қазақ, ағылшын, қытай, түрік, корей және неміс тілдері таныстырылды.
Іс-шара барысында студенттер әртүрлі тілдерде ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ қызықты интеллектуалды әрі интерактивті ойындар өткізіліп, қатысушылар түрлі халықтардың мәдениетімен, дәстүрлерімен және асханасымен танысты.
«Language Fair» мерекесі қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, студенттердің шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттырды.




«Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы халықаралық байланыстарды және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді түрде дамытуда.
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында бакалавриат студенттері шетелдік жетекші серіктес университеттерде семестрлік білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бакалаврлардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы тілдік тәжірибені кеңейтуге, халықаралық білім беру бағдарламаларын меңгеруге және білім алушылардың әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне ықпал етеді.
2026–2027 оқу жылының І жартыжылдығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «6В01709 – Шетел тілдері (IP)» мамандығының білім алушылары шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына білім алуға жіберілді:
Лодзь университетіне (Лодзь қ., Польша Республикасы): Исмазова Риана Рашидовна (2-курс), Садыкова Меруерт Жаркимбаевна (2-курс), Серікқызы Дәрия (2-курс), Ахмет Дастан Мұратұлы (2-курс), Жанат Аружан Данирқызы (2-курс), Берікқызы Айгерім (2-курс), Мейірхан Әмина Ерланқызы (2-курс), Асанбек Нұрай Ернатқызы (3-курс), Әлмуханбет Тұмар Жармұханбетқызы (3-курс).
Хатай Мустафа Кемаль университетіне (Антакия қ., Түркия Республикасы): Жумаділ Дариға Әділқызы, Ерсайынұлы Ернияз, Айдынқызы Шырайлым.
Нийде Өмер Халисдемир университетіне (Нийде қ., Түркия Республикасы): Серікханқызы Дамира, Аяпова Айнур Нурланқызы.
Шетелдік ғалымдарды тарту және оқу процесіне халықаралық тәжірибені кіріктіру аясында кафедрада шақырылған шетелдік профессор — философия докторы (PhD) Перизат Ертаева (Нийде Өмер Халисдемир университеті, Нийде қ., Түркия) жұмыс істейді. 2026–2027 оқу жылында PhD Перизат Ертаева кафедраның бакалавриат бойынша 4-курс студенттеріне дәріс және практикалық сабақтар жүргізеді.
"Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының оқытушы-дәріскері Уәлиева Сәуле Айтқалиқызы білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсетіп, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

"Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының оқытушы-дәріскері "Үздік жас ғалым - 2021", "Үздік халықаралық оқулық" жобасының 1-орын иегері Тұрабай Гүлдана Келісқызы марапатталады.

"Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының оқытушы-дәріскері Байгуданова Гүлжанат Құдайбергенқызы білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсеткені үшін aлғыс хатпен марапатталды.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығы "Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының меңгерушісі Д.М.Жабыкбаеваны педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қосқан үлесі, нәтижелі шығармашылық жұмысы үшін алғыс білдіреді.

"Шетел тілдері және аударма ісі" кафедрасының оқытушы-дәріскері "ТМД-ның үздік педагогы - 2021" атты халықаралық байқауының жеңімпазы атанған Тұрабай Гүлдана Келісқызы марапатталады.

«Деңгейлік онлайн платформа арқылы шетел тілінде тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру» жоба жетекшісі Дюсебаева С.Б., жоба орындаушылары Абдуалиева Р.Е., Доскелдина А.С., қаржыландыру сомасы: 1 300 000 теңге.

«Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының оқытушы-дәріскері Дүйсебаева Самал Берікқызы жоба жетекшісі ретінде «Жас ғалым – 2026» конкурсында 1 000 000 теңге көлеміндегі грантты жеңіп алды.
Жабыкбаева Динара Маратовна
Философия докторы (PhD), Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі
Тел. +7 (775) 649 61 63
d.zhabykbaeva@zu.edu.kz
Машанова Сания Медетбековна
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Тел. +7 (777) 363 39 30
saniya.mashanova@mail.ru
Байгуданова Гүлжанат Құдайбергенқызы
