Жаратылыстану пәндер кафедрасы
Жаратылыстану пәндері кафедрасы келесі білім беру бағдарламаларын дайындайды: 6В01506-Химия, 6В01514-Химия (IP), 6В01507-Химия-Биология, 6В01508-Биология, 6В01515-Биология (IP), 6В01509-География, 6В01506-География (IP), 6В01510-География-Тарих, 7М01505-Биология, 7М01506-География, 7М01507-Химия, 8D01503-Биология, 8D01505-География.
Қазіргі уақытта кафедрада г.ғ.д., профессор К.М.Баймырзаев, қауымдастырылған профессорлар (доцент): б.ғ.к. А.С. Бахтаулова, г.ғ.к. Е.А.Токпанов, г.ғ.к. Н.Н.Керімбай, оқытушы-дәріскерлер: б.ғ.к. Ш.Ж. Дауренбекова, б.ғ.к. Б.К.Оксикбаев, а/ш.ғ.к. А.М.Маусумбаева, PhD Б.С.Керімбай, х.ғ.к. С.А.Сыдықбаева, т.ғ.к. М.А.Джетимов, п.ғ.к. К.Н.Алдибекова, PhD Д.М. Мукашева, сондай-ақ магистр, оқытушы-дәріскерлер: С.М.Дюсембинова, Ж.С.Имангазинова, Т.К.Укушева, Л.К. Ыбраймжанова, А.К.Бутенова, А.М.Атабаева, оқытушы ассистенттер: С.А.Маманова, К.М.Тоқпаев, Р.К.Карипбаева, Д.Т.Джексембаев.
Кафедраның ғылыми дәрежелілігі 55% құрайды.
Жаратылыстану пәндері кафедрасында 200-ден астам студент оқиды. Кафедра Қазақстан Республикасының Білім беру стандарттары бойынша дипломды мамандар даярлайды. Олардың өндіріске, Қазақстанның әкімшілік, Білім беру және мәдени салаларына деген сұранысы жас мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін айғақтайды.
Түлектер: кафедраның көптеген түлектері мансаптық өсуге қол жеткізді. Мәселен, биология ББ түлектері Мұртазин Болат Талдықорған қаласының облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында маман болып жұмыс істейді, б.ғ.к. Дәулетбаева Сания және PhD Айтбеков Ринат қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сабақ береді.
География ББ түлегі Айдарханов Аян «Innovers Taldykorgan»жеке мектебінің бас директоры.
«Химия және биология» ББ түлегі Г.Мырзаханова докторлық диссертациясын қорғап, қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ биология кафедрасының доценті болып жұмыс істейді.
«Химия» ББ түлегі Қажымұханұлы Орал Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмыс істейді.
Жаратылыстану пәндері кафедрасында келесі түлектер жұмыс істейді: PhD, оқытушы-дәріскер Д.М.Мукашева, магистр, оқытушы-дәріскер Укушева т. к., магистр, оқытушы-дәріскер А.М.Атабаева, магистр, оқытушы-дәріскер А.К.Бутенова, магистр, оқытушы-ассистент К. М.Тоқпаев, магистр, оқытушы-ассистент Р.К.Карипбаева
Материалдық-техникалық жабдықталу: кафедраның материалдық-техникалық базасы оқу процесін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, оқу және ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған зертханалар, оқу сыныптары, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етілген және интернетке қол жетімді компьютерлік сыныптар бар. Білім беру бағдарламаларының зертханалық практикумдары қажетті жабдықтармен және оларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілген.
Кафедра құрылымына «химиялық оқу зертханалары», «биологиялық оқу зертханалары», «биологиялық мониторинг» зертханасы, «картография және әлеуметтік-экономикалық география», «жалпы жертану және геология» мамандандырылған кабинеттері және жылыжай кіреді.
Студенттермен сабақ өткізу кезінде оқытудың инновациялық белсенді және аудио-визуалды түрлері кеңінен қолданылады. Оқу процесінде виртуалды модельдер, құрылғылар, карталар мен анимациялар жиынтығы бар заманауи виртуалды зертханалар, интерактивті flash иллюстрациялары, зертханалық бейне тәжірибелері және т.б. қолданылады.
Кафедра 1990 жылы денешынықтыру және спорт факультетіндеанатомияжәнефизиологиякафедрасыретінде құрылды.Кафедрада5оқытушыжәне2зертханашы жұмыс істеді.1995жылы 03.03.40- «мектептегібиологиямұғалімі»мамандығыныңашылуыкафедраныңдамуынажаңасерпін берді.
Мамандықтың ашылуымен 1997 жылы 01.09.40.- «Экология және табиғатты пайдалану» анатомия және физиология кафедрасы университет ректорының бұйрығымен жаратылыстану кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра меңгерушісі болып белгілі ғалым, педагог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Смайл Нүсіп Наутайұлы тағайындалды.
2003 жылы І.Жансүгіроватындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен жаратылыстану кафедрасы екікафедраға қайта құрылды: Биология кафедрасы, Химия және экология кафедрасы. Химия және экология кафедрасының меңгерушісі болып х.ғ.к.,доцент А. К. Кенжебеков және биология кафедрасының меңгерушісі болыпб.ғ.к.,доцентА. С. Бахтаулова тағайындалды.
2006 жылдан бастап Биология кафедрасына «География» мамандығықосылып, кейін биология және география кафедрасы болып өзгертілді. 2008 жылы жаңа жаратылыстану-математика факультеті жанындағы факультеттер қайта құрылғаннан кейін география-экология және химия-биология кафедраларықұрылды.
2008-2010жж. география-экология кафедрасын магистр С.М.Дюсембинова, 2008-2009 жж. Химия-биология кафедрасын б.ғ.к. А.С.Акмуллаева, 2009-2013 жж. Химия-биология кафедрасын п.ғ.к.,доцент С.Б.Қоянбекова басқарды.
2013 жылдан бастап жаңа жаратылыстану-техникалық факультетінің құрылуына байланысты жаратылыстану пәндері кафедрасы құрылды.
2017 жылы қайта құрылуына байланысты Химия және биология кафедрасы құрылды.
2019 жылы жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау бағытына сәйкес кафедра жаратылыстану кафедрасы болып өзгертілді.
2013 жылдан 2021 жылға дейін кафедраны б.ғ.к. Б.К.Оксикбаев басқарды.
Университетті басқару жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын ЖОО-ның ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізіледі.Мәселен,2021-2022 оқу жылында Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы шешім і(№10хаттама)негізінде университеттің ұйымдық құрылымында мынадай өзгерістер болды: Факультеттердің автономиясын нығайту және олардың ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында университет факультеттері жоғары мектептерге, ал кафедралар білім беру бағдарламалары болып қайта құрылды. Жаратылыстану кафедрасы жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламалары (ББ) болып қайтақұрылды.
2021 жылдан 2024 жылға дейін жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша ББ жетекшісі б.ғ.к. Б.К. Оксикбаев болды.
2024 жылы университеттің жоғары мектептері мен ОП факультеттер мен кафедраларға қайта құрылды. Қазіргі уақытта жаратылыстану-техникалық факультетінің жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к. Б.К. Оксикбаев.
- 6ВВ01506 (5В011200) - Химия (Бакалавриат);
- 6В01508 (5В011300) - Биология (Бакалавриат);
- 6В01509 (5В011600) - География (Бакалавриат);
- 6В01510 (5В012900 ) - География-Тарих (Бакалавриат);
- 6В01507 - Химия-Биология (Бакалавриат);
- 7М01505 – Биология (Магистратура);
- 7М01506– География (Магистратура);
- 8D01503- Биология (Докторантура).
Білім беру сапасы мамандықтардың бәсекелестікке қаблеттерін қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Сондықтан оқу-әдістемелік жұмыстары қызыметінің басым бағыттарының бірі оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіру және жаңарту, білім сапасын бақылау болып табылады.
Оқу-әдістемелік жұмыстырдың жоспарында оқу-әдістемелік материалдарды дайындау; оқу үрдісінде техникалық оқыту құралдарын пайдалану; оқулықтар мен оқыту құралдарын шығару; әдістемелік семинарлар ұйымдастыру; дәрістер мен тәжірибелік-зертханалық сабақтарға инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу қарастырылған. Білім беру бағдарламаларының оқытушылары тақырыптық жоспарға сай оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтар мен монографияларды жарыққа шығарады.
Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларында жоғары білікті мамандар жұмыс атқарады. Білім беру бағдарламаларының оқытушылары университеттегі ғылыми-әдістемелік семинар отырыстарына және оқу-әдістемелік конференция жұмыстарына да үнемі қатысады
Білім беру бағдарламаларында негізгі іс-қызметі ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлауға бағытталған. Осыған байланысты жыл сайын білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс оқу жоспарлары дайындалады. Сонымен қатар, оқытушылар ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарға қатысады, жыл сайын оқу жылының басында Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жұмыс оқу бағдарламаларын жасайды.
Сонымен қатар, 7М01505-«Биология» және 7М01506-«Георгафия» білім беру бағдарламалары бойынша магистрлерді даярлау жүзеге асырылады. Ғылыми және педагогикалық бағыттың бітірушілері жалпы білім беретін, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқытушы, ғылыми-зерттеу институттарында аға және кіші ғылыми қызметкер, табиғатты қорғау және мониторинг мекемелерінде эксперт, сондай-ақ басшылық қызметтерінде жұмыс атқара алады.
Оқыту түрі — күндізгі, оқу мерзімінің ұзақтығы профилді бағыт бойынша мерзімі – 1 жыл және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша мерзімі — 2 жыл. Оқу үдерісін білім беру бағдарламасы қамтамасыз етеді, базалық және таңдаулы пәндердің жүргізуін, педагогикалық және кәсіби іс-тәжірибелерге басшылық етіп, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асырады.
8D01503-«Биология» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура даярланады.
Диссертациялық жұмыстарға ғылыми жетекшілігін отандық пен шет елдік профессорлар, ғылым докторлары жүзеге асырады.
Академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастық біліктілігі жоғары мамандар даярлауда, ғылыми зерттеу жұмыстарының басым бағыттарын құруда маңызды орын алады.
Академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан Республикасының мен алыс жақын шет елдердің жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарын шақыртып, оларға дайындайтын мамандықтардың білімгерлерді бір және оданда көп семестр оқуға жіберіледі. ҚР, ТМД елдерінің білімгерлерін қабылдап сапалы білім береді.
Шет елдердің жоғағы оқу орындары Лодзъ техникалық университетімен (Польша), Жилин университетімен (Словакия), Малайзия университетімен т.б жоғарғы оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен ғылыми-зерттеу, білім беру мен тәрбие мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық байланыс орнатқан.
2014-2015 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 5В011300-«Биология» мамандығының БҚ 311 топ білімгерлеріне Словакия мемлекетінің Жилин университетінің профессоры, доктор Мариян Жанига «Өсімдіктер және жануарлар экологиясы» пәнінен, Польша мемлекетінің Лодзъ университетінің профессоры, м.ғ.д. Эдита Борковска «Генетика» пәнінен дәріс оқыды.
2015-2016 және 2016-2017 оқу жылдарында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, б.ғ.д. Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна 5В011300-«Биология» мамандығының БҚ 311, БР311 топ білімгерлеріне «Өсімдіктер және жануарлар экологиясы» пәнінен дәріс оқыды.
2014-2015 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 5В011300-«Биология» мамандығының БҚА 311 топ білімгерлері Жүйрікбаева М.К., Құдайберген А.Ә., Лентаева А.Е., Улдахан Ш. Польша мемлекетінің Лодзъ университетінде білім алып қайтты.
2014-2015 оқу жылының екінші жарты жылдығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 5В011300-Биология мамандығының 3- курс студенттері Усерхан Сая және Шалкарова Еркежан бір академиялық кезең біздің университетте білім алып қайтса, аталмыш университетте біздің кафедрадан 5В011300-Биология мамандығының 3-курс студенті Советова Нұргүл білім алып келді.
2015-2016 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 5В011300-Биология мамандығының 3-курс студенттері Сатаев Мадияр, екінші жарты жылдығында Мукашева Құндыз Лодзъ университетінде (Польша) білім алып қайтты.
2016-2017 оқу жылының 1-жарты жылдығында 5В011300-Биология мамандығының 3-курс студенті Турсыбаева Талшын аталмыш университетте білім алып келді.
2017-2018 оқу жылының 2-жарты жылдығында 5В011200-«Химия» мамандығының 3-курс студенті Мерешкова Ксения Рига техникалық университетінде (Латвия) білім алды.
2018-2019 оқу жылының бірінші жартысында 5В011300-«Биология» мамандығының 3-курс студенті Турысбаева Айгерім мен 4-курс студенді Жумагалиев Алияр Малайзия мемлекеттік университетінде, 4-курс студенттері Болатхан Үміт және Орынғазы Айнур Польша мемлекетінің Лодзъ университетінде білім алды.
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылының бірінші жартысында Қостанай мемлекеттік университетінің 5В0101200-«Химия» мамандығының 3-курс студенттері Маханбетжан Мадина, Жәли Бекзада, Скендір Гүлмарал және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 5В011300-«Биология» мамандығының 3- курс студенттері Сапарбай Айдана, Тілеген Айтолқын, Шерманбет Асылзат білім алды.
2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 5В011300-«Биология» мамандығының студенттеріне Тарту университетінің (Эстония) профессоры, доктор Мари Ярвелайд «Иммунология» және «Нuman and animals physiology» пәндерінен дәріс оқыды.
2019-2020 оқу жылының бірінші жарты жылдығында Mevlana халықаралық бағдарламасы аясында кафедраның аға оқытушысы г.ғ.к. Тоқпанов Е.А. ғылыми жоба жұмыстарымен Түркия мемлекетінің Hacettepe университетіне іс сапармен барып келсе, аталмыш бағдарлама аясында 5В011200-Химия мамандығының 2-курс студенті Асубекова Назерке бір академиялық кезең Hacettepe университетінде білім алды. 5В011300-«Биология» мамандығының студенті Қабдығалиева Сағдана Польша мемлекетінің Лодзъ университетінде білім алды.
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2019-2020 оқу жылының бірінші жартысында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 5В011200-«Химия» мамандығының 2-курс студенті Курсарина Жайнар, 5В012900-География-тарих мамандығының 2-курс студенті Қажыкен Жәнібек І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде білім алды.
2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, б.ғ.д. Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна 5В011300-«Биология» мамандығының 3-курс білімгерлеріне «Өсімдіктер және жануарлар экологиясы», 7М01505-Биология білім беру бағдарламасының 2-курс магистрантарына «Биоалуантүрлілікті қорғау және сақтау» пәндерінен виртуалды дәріс оқыды.
2020-2021 оқу жылының екінші жарты жылдығына сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 5В011200-«Химия» мамандығының 3-курс ХПҚ-311 тобының білімгерлері Арқашқызы Еркежан, Тайлакова Аяулым, Жаирбекова Талшын Омск мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей Федерациясы), ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 6В01506- «Химия» білім беру бағдарламасының 2-курс ХПҚ-211 тобының білімгері Нұрахмет Таңшолпан Серікқызы Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде виртуалды білім алуда.
Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылының екінші жарты жылдығында жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі аға оқытушысы, б.ғ.к. Оксикбаев Берикжан Кылышбекович С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 8D01503-Биология мамандығының 1-курс докторанттарына «ҚР биоресурстарын тиімді пайдаланудың ғылыми аспектілері» пәнінен виртуалды дәріс оқуда. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің доценті, г.ғ.к. Сарқытқан Қастердің 7М01506-География білім беру бағдарламасының 2-курс магистрантарына «Information and communication technology teaching geographic disciplines at the university» пәнінен виртуалды дәріс оқуы жоспарлануда.
Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттарын қалыптастырудың құзыреттілігі сыртқы әлеуметтік-экономикалық ортаның жағдайын анықтайды және білім беру бадарламасының студенттерін оқыту және тәрбиелеуде инновация және шығармашылық үшін қолайлы жағдай тудыруға ықпал етеді.
Студенттер ғылыммен айналысуға және халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға қатысуға, отандық және шетелдік журналдарда өзінің ғылыми еңбектерін жариялауға, ғылыми жобаларға қатысуға, проблемалық үйірмелер мен клубтар жұмыстарына араласуға мүмкіншілктері бар.
Словакия мемлекетінің Жилин университетінің профессоры, доктор Мариян Жанига «Биология» мамандығының БҚ 311 топ білімгерлеріне «Өсімдіктержәне жануарлар экологиясы» пәнінен дәріс беруде, 2014 ж.
Польша мемлекетінің Лодзи университетінің профессоры, доктор Эдита Борковска «Биология» мамандығының БҚ 311 топ білімгерлеріне «Генетика» пәнінен дәріс оқуда, 2014 ж.
Биология мамандығы БҚА 311 тобының білімгерлері Жүйрікбаева М., Лентаева А., Құдайбергенова А. Лодзы университетінің профессоры М.Залевскиймен бірге, 2015 ж.
Биология мамандығы БҚА 311 тобының білімгерлері Лодзы университетінің оқытушылары Магдаленна Урбаник және Моника Кролмен (Польша), 2015 ж.
Биология мамандығы БҚА 311 тобы білімгерлерінің сертификаттары.
Эстония мемлекеті,Тарту университетінің профессоры, м.ғ.д. Мари Ярвелайд «Биология» мамандығының БҚ 311 топ студенттерімен, 2018 ж.
Польша және Малайзия мемлекеттерінде білім алған студенттер, 2018-2019 оқу жылы.
Білім беру бағдарламасының негізгі ғылыми бағыттары:
- Алматы облысының табиғи ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану жолдары.
- Адам организмінің физиологиялық күйін кешенді бағалау.
- Агроөнеркәсіптік кешен үшін биологиялық материалдар жасау саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер.
- Жаратылыстану бағытындағы педагог мамандарын даярлауда тиімді инновациялық технологияларды зерттеу.
Соңғы 5 жылда білім беру бағдарламаcының мүшелерімен 30 оқу, оқу-әдістемелік құралдар және 1 ұсыныс, 1 оқулық, 7 монография қазақ және орыс тілдерінде дайындалды. Импакт-факторлы журналдарда (Thomson Reuters, Scopus) 18 мақала шығарылды, 5 зияткерлік меншікке ұлттық патенттер алынды.
ПОҚ 5 жылдық мерзім ішінде ТМД-ның жетекші ғылыми журналдарында, атап айтқанда: Ресей жаратылыстану академиясының журналы экспериментальді білім берудің халықаралық журналы, қалпына келтіру медицинасының Жаршысы, Зоровье и болезнь, Высшая школа журналы, International journal of experimental education, European journal of natural history, International journal of applied and fundamental research, Australian Journal of Basic and Applied Sciences, International Journal ofr engenering RESEARSH and Applications, World Journal of Medical Sciences, The Journal of Agricultral Science, Journal of Вiotechnology, Journal of Engineering Research and Applications, Oecology Montana, Applied Biochemistry and Microbiology, Applied science end advanced materials international, Chemistry of Natural Compounds, In Vitro Cellular & developmental biology – Plant, European Online Journal of natural and Social Sciences, World Journal of Medical Sciences, Қазіргі жаратылыстану жетістіктері журналы, РФ, Мәскеу, Халықаралық қолданбалы және іргелі зерттеулер журналы, Ғылым жолы журналы т.б..
2016 жылында Талдықорған қаласының №25 орта мектебінде және Ескелді ауданының Б. Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде білім беру бағдарламасының филиалдары ашылды. Филиалдармен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылады, онда студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі қамтамасыз етіледі. Жоңғар Алатау ұлттық мемлекеттік паркінде, Алтын Емел және Оңтүстік-Шығыс аймақтық филиалының агрохимиялық қызметінің Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығында магистранттар жыл сайын өндірістік тәжірибеден өтеді.
Жоңғар Алатау, Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи парктерімен, «Генетика және цитология» ғылыми-зерттеу институтымен, «Микробиология және вирусология» институтымен, «Адам және жануарлар физиологиясы» институтымен ғылыми байланыс орнату бойынша келісім-шарттар жасалған.
Жыл сайын білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін оқытушылар жоспарлы түрде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Жыл сайын білім беру бағдарламаларының білім алушылары республикалық және халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Білім алушылар республикалық және халықаралық ғылыми конкурстарға қатысады. Сонымен қатар, студенттер мен магистранттар жыл сайын «Zhetysu StartUp» байқауына қатысады.
Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаcының топ кураторларының тәрбие жоспары 7 модуль бойынша құрылған:
- Азаматтық және патриоттық тәрбие беру модулі
- Әлеуметтік-психологиялық тәрбие модулі
- Адамгершілік және рухани тәрбие модулі
- Дене және еңбек тәрбиесі модулі
- Интеллектуалдық және шығармашылық тәрбие модулі
- Жемқорлыққа қарсы күрес және құқықтық тәрбие модулі
- Рухани жаңғыру жобасы бойынша тәрбие жұмысы және ұлттық тәрбие модулі
Осы аталған модульдер бойынша топ кураторлары тәрбиелік іс-шаралар өткізеді. Азаматтық және патриоттық тәрбие беру модулі бойынша «Ұстаз ұлы есім» тақырыбында іс-шара өтті.
Рухани жаңғыру жобасы модулі бойынша «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті.
«Айналайын» балалар үйінде «Қуанса бала қуансын!» тақырыбында қайырымдылық акциясын өткізді.
Интеллектуалдық және шығармашылық тәрбие модулі бойынша
«Қызыққа толы студенттік шақ» атты 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті.
Жемқорлыққа қарсы күрес және құқықтық тәрбие модулі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

5В011300-Биология: БСҚТА 2-орын (2018 ж.), 1-орын (2019-2021 жж.)
5В011200-Химия: Атамекен ҰКП 3 - орын (2019 ж.)
5В011600-География: Атамекен ҰКП 1-орын (2019 ж.)

2018 жылы кафедраның қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Бахтаулова Алефтина Сембаевна «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы –2018» атағын иеленді.
2019 жылы кафедраның профессоры, Канаев Ашимхан Токтасынович «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы –2019» атағын иеленді.

Тоқпанов Е. А.
ҚР БҒМ құрмет грамотасы, 27.09.1994. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» ведомстволық төсбелгісі, 01.08. 2000. «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық төсбелгісі, 01.10.2017.

Ыбраймжанова Лаура Кайролдаевна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ybraymzhanova@mail.ru

Кыдырбаева Ардак Толегеновна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ardak_jgu@mail.ru

Исабаев Ануар Токтамысович
оқытушы ассистент, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
аnuar_1089@mail.ru


Оксикбаев Берикжан Кылышбекович
Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі, аға оқытушы, б.ғ.к.
++7(7282)25-44-79
(2217)
berikjan-kil@mail.ru

Баймырзаев Қуат Маратұлы
Профессор, г.ғ.д.
+7(728)222-00-91
baimyrzayev_km@zhgu.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ


Бахтаулова Алефтина Сембаевна
Қауымдастырылған профессор, б.ғ.к.
+7(7282)22-16-06
(1110)
bahtaulova@mail.ru

Дауренбекова Шолпан Жумабековна
оқытушы-лектор, б.ғ.к.
+7(7282)22-16-06
(2217)
shdaurenbekova@mail.ru


Маусумбаева Аида Макеновна
оқытушы-лектор, а/ш.ғ.к.
+7(7282)25-44-79
(2217)
аida_28.65@mail.ru

Канаева Зылиха Кожамкуловна
Қауымдастырылған профессор, х.ғ.к.
+7(7282)25-44-79
(2217)
zkk.da@mail.ru

Сыдыкбаева Сандугаш Аубакировна
оқытушы-лектор, х.ғ.к.
87017594636
(2217)
Sandugash78@mail.ru
Алдибекова Кулдархан Нурсапаевна
оқытушы-лектор, п.ғ.к.
+77752254088
aldibekova-gulden@mail.ru
ТОЛЫҒЫРАҚ

Дюсембинова Сауле Мырзабековна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
saule_dyusembinova@mail.ru

Имангазинова Жемисжан Саттыбековна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
gema.232@mail.ru

Мухитдинова Роза Абдыгалиевна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
mra050977@mail.ru

Кабдрахманова Айнур Канатовна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ainurkabdrahmanova@mail.ru

Укушева Толкын Калиаскаровна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ukushevatolkyn@mail.ru

Мукашева Данагул Мадияровна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
danagul.mukasheva.84@mail.ru


Ыбраймжанова Лаура Кайролдаевна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ybraymzhanova@mail.ru

Кыдырбаева Ардак Толегеновна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ardak_jgu@mail.ru

Исабаев Ануар Токтамысович
оқытушы ассистент, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
аnuar_1089@mail.ru


Оксикбаев Берикжан Кылышбекович
Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі, аға оқытушы, б.ғ.к.
++7(7282)25-44-79
(2217)
berikjan-kil@mail.ru

Баймырзаев Қуат Маратұлы
Профессор, г.ғ.д.
+7(728)222-00-91
baimyrzayev_km@zhgu.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ


Бахтаулова Алефтина Сембаевна
Қауымдастырылған профессор, б.ғ.к.
+7(7282)22-16-06
(1110)
bahtaulova@mail.ru

Дауренбекова Шолпан Жумабековна
оқытушы-лектор, б.ғ.к.
+7(7282)22-16-06
(2217)
shdaurenbekova@mail.ru


Маусумбаева Аида Макеновна
оқытушы-лектор, а/ш.ғ.к.
+7(7282)25-44-79
(2217)
аida_28.65@mail.ru

Канаева Зылиха Кожамкуловна
Қауымдастырылған профессор, х.ғ.к.
+7(7282)25-44-79
(2217)
zkk.da@mail.ru

Сыдыкбаева Сандугаш Аубакировна
оқытушы-лектор, х.ғ.к.
87017594636
(2217)
Sandugash78@mail.ru
Алдибекова Кулдархан Нурсапаевна
оқытушы-лектор, п.ғ.к.
+77752254088
aldibekova-gulden@mail.ru
ТОЛЫҒЫРАҚ

Дюсембинова Сауле Мырзабековна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
saule_dyusembinova@mail.ru

Имангазинова Жемисжан Саттыбековна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
gema.232@mail.ru

Мухитдинова Роза Абдыгалиевна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
mra050977@mail.ru

Кабдрахманова Айнур Канатовна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ainurkabdrahmanova@mail.ru

Укушева Толкын Калиаскаровна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ukushevatolkyn@mail.ru

Мукашева Данагул Мадияровна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
danagul.mukasheva.84@mail.ru


Ыбраймжанова Лаура Кайролдаевна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ybraymzhanova@mail.ru

Кыдырбаева Ардак Толегеновна
оқытушы-лектор, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
ardak_jgu@mail.ru

Исабаев Ануар Токтамысович
оқытушы ассистент, магистр
+7(7282)25-44-79
(2217)
аnuar_1089@mail.ru
