ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

Негізгі ақпарат

Журналистика кафедрасында қазіргі таңда  2 философия докторы (PhD)  Б.Ж. Каримова, М.Г. Ашимова,  ғылым магистрлері:  И.Албатыр,  А.Жазыбекова, Д.Мүлік және жұмыс берушілер: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК басшысы Р.Тұрғанбаев, «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Ж.Исаева жұмыс жасайды. Журналистика кафедрасының меңгерушісі: Философия докторы (PhD),  Каримова Бибигуль Жумашовна.  Журналистика кафедрасының  ғылыми әлеуеті – 40%.

2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ  БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ САНЫ

Білім беру бағдарламалары

Жалпы саны

Мемлекеттік грант

6В03201 –  «Журналистика» (бакалавриат) күндізгі бөлім

159

42

6В03202 –  «Қоғаммен байланыс» (бакалавриат) күндізгі бөлім

47

12

Жалпы

206

54

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

Журналистика кафедрасы білімгерлерінің дәрістері №1 оқу ғимаратында №131, 125, 126  интербелсенді тақталы арнайы жабдықталған аудиторияда (№202, №203, №204), №201 оқу телестудиясында, №205 оқу радиостудиясында, интерактивті тақталы кабинеттерде өтеді.

Журналистика кафедрасының тарихы
2009-2010 жж.

2009-2010 оқу жылында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасы құрамында 5В050400 – «Журналистика» мамандығы ашылды. 2014-2015 жж. Филология және журналистика кафедрасы болып жұмыс істесе, 2015-2016 оқу жылында 5В050400 – «Журналистика» мамандығы, 5В011800 – орыс тілі мен әдебиеті, 5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарын  қамтыған  дербес журналистика және филология кафедрасы болып құрылды.

2014 ж.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу  6В03201 (5В050400) – «Журналистика» кафедрасы 2014 жылы мамандандырылған аккредиттеуден, НАОКО (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі) рейтінгінен ұлттық аккредиттеуден өтті.

2015-2016 ж.

2015-2016 оқу жылында дуальді білім беру жүйесі бойынша жұмыс беруші Алматы облыстық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Жетісу» және облыстық қоғамдық-саяси «Огни Алатау» газеттері кіретін «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде журналистика кафедрасының филиалдары ашылды.

2017-2018 ж.

2017-2018 оқу жылынан бастап Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі базасында «Workshop» журналистика кафедрасының филиалы ашылды.

2018-2020 ж.

 6В03201 (5В050400) – «Журналистика» кафедрасы «Атамекен» рейтингінен 2018 жылы 24 ЖОО арасынан 10-орын, 2019 жылы 23 ЖОО арасынан 15-орын иеленді, 2020 жылы 23 ЖОО арасынан 17-орын иеленді.

2021 ж.

Журналистика және филология кафедрасы 2021 жылы «Журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламалары болып өзгертілді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының білімгерлеріне тәжірибелі журналист, танымал профессор-оқытушы құрамы дәріс жүргізді.

2020-2021 ж.

2020-2021 оқу жылы 6В03201 (5В050400) – «Журналистика» кафедрасы бойынша 3 тілдік (ЖПҚ-111) топ ашылды. Ол бойынша студенттер пәндердің 50 пайызын қазақ тілінде, 30 пайызын ағылшын тілінде, 20 пайызын орыс тілінде оқиды.

2021 ж.

2021 жылы маусым айында НАОКО (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі) рейтінгінен 6В03201 (5В050400) – «Журналистика» кафедрасы 6-орын иеленді.  

2022 ж.

2022 жылы 1 қыркүйектен бастап 6В03202 (5В051400) – «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы ашылды. 

2024 ж.

2024 жылы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті» ұйымдастырған Қазақстан Республикасы оқу пәндік олимпиадасында 6В03202– «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша Журналистика кафедрасының студенттері 3-орын алды.

Сонымен қатар, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламасының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 2-орынға ие болды.

2024-2025 ж.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінің  Журналистика кафедрасы 6В03201– «Журналистика» және 6В03202– «Қоғаммен байланыс» ББ бағдарламасы бойынша  2024 жылы мамандандырылған аккредиттеуден, НАОКО (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі) рейтингінен ұлттық аккредиттеуден өтті.

2025-2026 ж.

«Қожакеев әлемі» - көрнекті сатирик-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің 100 жылдық мерейтойына арналған Республикалық байқау ұйымдастырылды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығының студенттері «Тұран» университетінде өткен XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада І орын иеленді. 

білім беру бағдарламалары
Ғылыми-зерттеу қызметі

Журналистика кафедрасының ғылыми-зерттеу тақырыптары: «Журналистика саласы бойынша инновациялық бағыттағы кәсіби мамандарды даярлауда теория мен тәжірибені ұштастыру».

Журналистика кафедрасының оқытушылары келесідей ғылыми бағытта жұмыстар атқарады: журналистиканың теориясы мен практикасы, Медиасауаттылық, Конвергентті журналистика (Ж.Б. Есенбек, Б.Ж.Каримова, И. Албатыр, М.Ашимова).

Білім беру бағдарламаларындағы ПОҚ-тың авторлық куәліктері:

     

SCOPUS МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНА ЕНЕТІН ЖУРНАЛДАРДА  ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАҚАЛАЛАРЫ ЖАРИЯЛАНҒАН

ПОҚ аты-жөні

Мақала тақырыбы және журналдың атауы

PhD, оқытушы-дәріскер Б.Ж. Каримова 

Sustainable Development and Environmental Journalism: Implementing Societal Progress in Kazakhstan

EVERGREEN — Joint Journal of Novel Carbon Resource Sciences & Green Asia Strategy, Vol. 12, Issue 02, pp. 1310-1321, June, 2025

Ecological problems in mass media in Kazakhstan

Journal of Pharmaceutical Sciences and Research, 2018, 10(6), pp. 1422–1427

Ecological development through mass media

Man in India, 2017, 97(6), pp. 135–150


Features of state control in the media sphere and its influence on the development of regional media Journal of Digital Media and Policy
– 2026.
DOI: 10.1386/jdmp_00204_1
https://intellectdiscover.com/content/journals/10.1386/jdmp_00204_1

Оқытушы-дәріскер І.Албатыр

Application of Artificial Intelligence Technologies in Digital PR

Rotura – Revista de Comunicação, Cultura e Artes, 5(1) (2025) – P. 83-95.

PhD, оқытушы-дәріскер Ж.Б. Есенбек 

A comparative research pr activity of the republic of Turkey and Kazakhstan, «Middle East Journal of Scientific Research». ISSN: 1990-9233, Vol. 14. No. 8. 2013,

оқу әдістемелік жұмыс

     Журналистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырған оқу-әдістемелік семинарлар мен тренингтер өтті. Филология ғылымдарының кандидаты К.Н. Мысаева — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика кафедрасының өкілі — журналистика және ақпараттық білім беру бағыттарының студенттерімен бірлесе отырып, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері үшін «БАҚ-тағы өшпенділік тілі» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді.

     Үш жоғары оқу орнының студенттеріне арналған бұл іс-шараның негізгі мақсаты — өшпенділік тілі ұғымы, оның түрлері мен жіктелуі туралы кеңінен ақпарат беру болды. Студенттер медиажурналистика бойынша өткен мастер-класты аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды.

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» құрудың бірнеше кезеңі туралы баяндады. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламалары бойынша 2-курс студенттері (ЖК211, ЖК212, ЖПК211) Президенттің Жолдауын жан-жақты талқылады. Негізгі құжатта саяси реформаларды жүзеге асырудың әлемдік үлгісіне сүйене отырып, олар президенттің және оның жақын туыстарының өкілеттіктеріне қатысты нормаларды Конституцияда бекіту жөніндегі жаңа бастаманы қолдайтындықтарын білдірді.

     2025 жылғы 12 сәуірде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы, ректор Е.Бурибаев журналистика мамандығының 4-курс студенті Гүлнұр Баймұханға ғылымға қосқан үлесі үшін Алғыс хатын табыстады. Ғылыми жетекшісі Бибігүл Жұмашқызы Кәрімова. 

     2025 жылғы 24 қыркүйекте Еңбек күні қарсаңында Жетісу облысында түрлі сала мамандарына ерекше құрмет көрсетілді. «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Олардың қатарында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің журналистика кафедрасының 4-курс студенті Элмира Берікқызы Смағұлова да бар. Ол ақпарат саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат пен 100 мың теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды. Марапатты Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев табыстады.

     Журналистика кафедрасы «Академиялық» олимпиада ұйымдастырды. Жарысқа «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша 2–4 курс студенттері қатысты.

     Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер өздерін шығармашылық тұрғыда таныстырды. Екінші кезеңде журналистика бағыты бойынша білім алатын студенттер бір сағат ішінде «Қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында эссе жазды. Ал қоғаммен байланыс мамандығында оқитын студенттер түрлі компанияларға дағдарысты сәтті еңсеруге көмектесетін стратегияларды жан-жақты баяндады. Қорытынды кезеңде, үй тапсырмасына сәйкес журналистика мамандығының студенттері ұзақтығы 1–3 минут аралығындағы «Журналист күні» тақырыбында бейнеролик түсірді. Ал қоғаммен байланыс мамандығы студенттері «Қоғаммен байланыс маманы күні» тақырыбында фоторепортаж дайындап, таныстырды.

     Байқау нәтижесі бойынша, «Журналистика» номинациясында І орынды Шырын Асқатқызы, ІІ орынды Азамат Дәулетбаев пен Айдана Ардақызы, ал ІІІ орынды Оспанұл Аружан, Балааман Қадірсейт және Ақбота Мұратқызы өзара бөлісті. «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша І орынды Томирис Айсаева, ІІ орынды Дариға Мелисканова мен Асылжан Тоқсанбаева бөлісті. ІІІ орынға Өмірбек Нұрай, Әшим Томирис және Нұрсұлтан Тоқтасын ие болды.

     Іс-шараның басты мақсаты — студенттердің кәсіби дамуына ықпал ету, олардың шығармашылық көкжиегін кеңейту және болашақ журналистердің өзіндік ерекше стилін қалыптастыруға көмектесу. Жеңімпаз атанған студенттер алдағы ұлттық олимпиадаға қатысады.

     Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы әрі қоғам қайраткері Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл толуына орай, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Қожакеев әлемі» атты республикалық байқау ұйымдастырылды. Рухани-танымдық мәні жоғары бұл шара жас зерттеушілер мен шығармашыл жастардың ғылыми ізденісіне серпін беруді мақсат етті. Zoom және офлайн форматындағы шараға ғалым-ұстаздың әріптестері, еліміздің жетекші ЖОО-да еңбек етіп жүрген шәкірттері мен жас журналистер қатысты. Сөз алғандар темірдей тәртіп иесі мен талапшыл ұстаз болмысын, ерен еңбектерін жарыса айтып, жастарға әр қырынан таныстырды.

     Республикалық деңгейде өткен байқауға еліміздің 7 жоғары оқу орнынан 40 шақты білімгер қатысып, Темірбек Қожакеевтің ғылыми мұрасы, публицистикалық еңбектері мен шығармашылық көзқарасын терең зерделей отырып, үш бағыт бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылар өз баяндамалары мен зерттеу жұмыстары арқылы тұлғаның қазақ журналистикасы мен әдеби сынының дамуына қосқан үлесін жан-жақты ашып көрсетті.

     Байқаудың қорытынды кезеңі 2026 жылғы 30 қаңтарда өтіп, нәтижелері ғылыми-тәжірибелік конференцияда жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша, «Ең үздік ғылыми жоба» аталымы бойынша I-орын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Мадина Мәдіге бұйырса, «Ең үздік баспасөз материалы»  бойынша I-орын  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білімгері Мерей Амангелдіге табысталды. «Ең үздік видео материалы» номинациясының жеңімпазы Жетісу университетінің 3-курс студенті Бейсенбек Айбек.

     Аталған іс-шара  Темірбек Қожакеевтің мол мұрасын жас буынға насихаттауға және ұлттық ғылым мен руханиятты дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

 

 

Әлеуметтік-тәрбие қызметі

Журналистика кафедрасының білімгерлері университет, жоғары мектеп ауқымында өткізілетін тәрбиелік бағыттағы іс-шараларға белсене қатысады. 

Студенттермен  тәрбие жұмысы төмендегі бағыттар  бойынша жүргізіледі:

  • Студенттер арасында саяси сауаттылықты қалыптастыру;
  • Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
  • Жастар арасында  жалпы адами және рухани  құндылықтарды қалыптастыру;
  • Азаматтық және патриоттық тәрбие;
  • Рухани-өнегелі, интелектуалды-шығармашылық, эстетикалық тәрбие;
  • Салауатты өмір сүруді қалыптастыруға қатысты тәрбие беру.                                     

 

       Облыстық «Жетісу» газеті редакторының орынбасары, спорт журналисі Р.Тұрғанбаев журналистика мамандығының студенттеріне дәріс оқыды.  «Мақала жазудың өзіндік қағидалары» тақырыбындағы дәріс 2-курс студенттерімен өткізілді.            

 

     Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің журналистика мамандығының 2 курс білімгерлері халықаралық жас ғалымдар қауымдастығының додасында топ жарды. Білім беру бағдарламаларының жетекшісі Жұмағали Бейсенбайұлының бастамасымен зерттеу еңбектерін дайындаған қос жеңімпаздың еңбегі 20-дан артық кіл мықты мақалалар ішінен үздік деп танылды.  «Тәуелсіздік қымбат ұғым» тақырыбында сынға түскен студент Мейрамбек Манарбекұлы мен Балауса Қасымханның шығармашылығы әділқазы алқаларының қолдауына ие болды.                                

 

     2025 жылдың  22 қазан күні Жетісу университеті, Гуманитарлық факультетінің Журналистика білім беру бағдарламасының  ЖҚ 311 топ  кураторы А.К. Жазыбекованың  жетекшілігімен «Декларацияның қабылданғанына 35 жыл» атты тағылымдық тәрбие сағаты өтті.   

     Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге еркіндікке ұмтылған ұлттың үнін жеткізген, ел тарихындағы ең маңызды беттерді еске түсіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.    Іс-шара барысында білімгерлер: тәуелсіздікке апарған тарихи оқиғаларға шолу жасады; егемен елдің іргесін қалаған тұлғалар еңбегімен танысты; еліміздің еркіндігі жолында төгілген тер мен еңбекке тағзым етті.  

     2025 жылдың 4 желтоқсанында  ЖҚ-112 топ кураторы Ілескен Әлбатырұлы «Таза сессия» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған топ студенттері №205 А аудиториясына жиналып, емтихан кезеңіндегі академиялық адалдық талаптары, студенттің жауапкершілігі және сессияны адал тапсырудың маңызы туралы толық ақпарат алды. Куратор студенттерді тәртіп пен адалдықты сақтауға, білімдерін өз еңбектерімен дәлелдеуге шақырды. 

 

журналистика кафедрасының жетістіктері

Халықаралық аккредитация туралы куәлік. 6В03201 (5В050400) – Журналистика және ақпарат саласы бойынша білім беру бағдарламаларына.

Түркістан қаласында өткен Республикалық 6В032 - "Журналистика және ақпарат" білім беру бағдарламалары бойынша XIV олимпиаданың жүлделі III орын иегері.

2021 жылғы сәуірде "Журналистика және ақпарат" ББ бағдарламаларының 3-курс студенті Айтакын Айғаным Қазақстан Республикасының «Алтын кітап» атты жастар арасындағы республикалық байқауында жүлделі орын алды. Байқауды «Білім өркениеті» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

2023 жылы Баймұхан Гүлнұр Әбілфайыз Ыдырысов атындағы дәстүрлі байқауда «Үздік мультимедиялық жоба» номинациясы бойынша III орынға ие болды.

2023 жылы Каримова Бибігүл Жұмашқызы дәстүрлі «Ыдырысов оқуларын» ұйымдастыруға және  студенттерді қатыстыруға тартқаны  үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы Гүлнұр Баймұхан Серік Әбдірайымов атындағы байқауда «Үздік баспасөз материалы» номинациясы бойынша III орынға ие болды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XV республикалық пәндік олимпиадада «6В032-Журналистика және ақпарат» мамандығы бойынша «Үздік жаңалық» номинациясының иегері атанды.

Баймұхан Гүлнұр «Жұмаділов оқулары» байқауында «Үздік баспасөз жарияланымы» номинациясы бойынша III орынға ие болды. Бұл байқау жазушы, публицист, баспагер-редактор Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілді.

Әділханқызы Мақпал жазушы, публицист, баспагер және редактор Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығын насихаттауға арналған «Жұмаділов оқулары» республикалық байқауына қатысқаны үшін марапатталды.

Ішкі академиялық мобильділік бағдарламасы студенттерге терең білім беруде және тәжірибе алмасуда жемісті болып шықты. Осындай жақсы істердің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Журналистика кафедрасының 6В03202 «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Cabar Asia Media School курсын аяқтап, сертификат алды. Академиялық мобильділік бағдарламасы өз нәтижесін көрсетуде.

 

   

 

2024 жылы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламасы бойынша «Конвергентті журналистика» пәнінен өткен республикалық пәндік олимпиадада Баймұхан Гүлнұр, Әділханқызы Мақпал және Мұхитқызы Арайлым II орынға ие болды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің XV республикалық пәндік олимпиадасында «6В03214 – Қоғаммен байланыс» мамандығы студенттері III орын иеленді.

 

2024 жылы Әділханқызы Мақпал «Түркітілді журналистер қоры» ұйымдастырған «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Жұмыс берушілердің алғыс хаттары.

   

«Жыл практиканты» атты байқауда Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «6В03201–Журналистика» мамандығының 4-курс студенті Айнұр Рахимбекқызы I орынға ие болды.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Балауса Қасымханның білімге деген талпынысы мен ізденісі аудан басшылығы тарапынан жоғары бағаланды. Райымбек ауданының әкімі Б. Дүйсенбаев журналистика кафедрасының оқытушыларына студенттерге сапалы білім беріп, өз ісінің маманы етіп даярлағаны үшін арнайы алғыс хат табыстады.

Қазақстан Республикасының баспасөз күніне орай, «Аманат» партиясының Жетісу облыстық филиалы жас журналистерді Алғыс хатпен марапаттады. 

 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері, Қарағанды академик Е. А. Бөкетов атындағы университеттің филология факультеті журналистика кафедрасымен бірге, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өткен XVII республикалық топтық пәндік олимпиадада «6В03202-Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша III орынға ие болды. Сонымен қатар, білім сайысына қатысқан студентіміз Сәкен Зейнеп III орынға лайық деп танылды.

   

2025 жылы Талдықорған қаласында «Жетісу облысының үздік студенті» байқауында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультеті «Журналистика» кафедрасының 3-курс студенті Бейсембек Айбек «Үздік студент» атанды.

2025 жылдың 6–7 қарашасында Ескелді ауданының «Тау Жетісу» демалыс аймағында әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін дамытуға бағытталған «Ақылды шешім – сенімді қадам» атты екі күндік оқу жобасы өтті. Жобаға Жетісу университетінің «Журналистика» мамандығының 2-курс студенттері қатысып, білімдерін арттырып, практикалық бағыттағы семинарларда құнды тәжірибе алды. Жобаға қатысқаны үшін журналистика кафедрасының 2-курс студенттері Оспанғали Аружан мен Рысбек Шырын арнайы сертификатпен марапатталды.

2025 жылы "Ғылым Декадасы - 2025" аясында студенттік ғылым саласындағы жетістіктері мен университеттің ғылыми мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Жас Қаламгер" ғылыми қоғамдастығына арнайы сыйақы берілді.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің шығармашылығын насихаттауға арналған «Қожакеев әлемі» республикалық байқауы ұйымдастырылды.

Студенттердің шығармашылық ізденісіне жол ашқан мазмұнды шараны өткізуге белсене атсалысқаны үшін ұйымдастырушыларға университет басшылығы атынан алғыс білдірілді.

Жетісу университетінде «Осы жұрт Ілиясты біле ме екен?» атты университетішілік хакатон ұйымдастырылды. Байқау қорытындысында Журналистика мамандығының II курс студенттері III орын иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды. Жетекшісі – Б.Ж. Каримова.

Жетісу университетінде Мағрипа Жылқыбаеваның «Жамбылдың жұмбақ әлемі» еңбегі бойынша интеллектуалдық байқау ұйымдастырылды. Байқау қорытындысында «Журналистика» мамандығының білім алушылары үздік нәтиже көрсетіп, І орын иеленді.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада І орын иеленді. «Тұран» университетінде өткен білім додасында «Қоғаммен байланыс» мамандығының студенттері Томирис Айсаева, Нұрай Өмірбек және Асылжан Тоқсанбаева бақ сынады.

«Креативті PR-маманы – заман талабы» тақырыбындағы олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен студенттер І дәрежелі дипломмен марапатталды. Команда жетекшісі – Бибігүл Каримова. Келесі жылы аталған жарыс І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өтеді.

РАДИОСТУДИЯ
ҚОНАҚПЕН ЖҮЗДЕСУ. Айтимов Болат Жолдасбекұлы (Заң ғылымдарының PhD философия докторы, профессор). Жүргізуші-Әділханқызы Мақпал
ҚОНАҚПЕН ЖҮЗДЕСУ. Жангелді Немеребай (Ақын. ҚР жазушылар одағының мүшесі). Жүргізуші-Әділханқызы Мақпал
ҚОНАҚПЕН ЖҮЗДЕСУ. Дулат Жарбасов (актер). Жүргізуші-Әділханқызы Мақпал
БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР

Каримова Бибигуль Жумашовна

Кафедра меңгерушісі, PhD

Тел.87052825681

Ішкі тел 1144

sultan-3@mail.ru

Толығырақ

Әлбатыр Ілескен

Оқытушы-дәріскер

Тел.87025918777

Ішкі  тел 1144

azamat_520@mail.ru

Толығырақ

Жазыбекова Айсулу Кенжетаевна

Оқытушы-дәріскер

Тел.87472247045

Ішкі тел. 1144

aisulu_8023@mail.ru

Толығырақ

Аманжолқызы Айдана

Лаборант

Тел. 87477514131

Ішкі тел. 1144

aidanaamanzholkyyzzy@icloud.com

Баймухан Гүлнұр Ермуханқызы

Редактор

Тел. 87769700718

Ішкі тел 1144

gulnur.baymukhan.04@bk.ru

Турганбаев Ришат Турганбаевич

Оқытушы-дәріскер

Тел.87053241524

Ішкі тел 1144

Rish1978@mail.ru

Толығырақ

Исаева Жазира Бектемисовна

Оқытушы-дәріскер

Тел. 87078269658

Ішкі тел 1144

Zhazira_isaeva@mail.ru