Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасы
ПОҚ сандық және сапалық көрсеткіштері:
2025-2026 оқу жылы:
- кафедра меңгерушісі., философия докторы (PhD) Абуханова Ажар Базарбаевна;
- — п.ғ.д., профессор Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич;
- — п.ғ.к., қауымд. профессор (доцент) Борибекова Фарзана;
- — п.ғ.к., қауымд. профессор (доцент) Бакраденова Алтын Бакраденовна;
- — п.ғ.к., қауымд. профессор (доцент) Жолтаева Гульнар Нурболатовна;
- — п.ғ.к., оқытушы-дәріскер Ханина Надежда Николаевна;
- — п.ғ.к., оқытушы-дәріскер Курманбаев Амангельды Ахметович;
- философия докторы (PhD)., оқытушы-дәріскер Майлыбаева Гульмира Сабыровна;
- — философия докторы (PhD)., оқытушы-дәріскер Ансабаева Айнур Дуйсеновна;
- — магистр., оқытушы-дәріскер Тажинова Гульнар Амангельдиновна;
- — магистр., оқытушы-дәріскер Альменбетова Карлыгаш Жапсарбаевна;
- — магистр., оқытушы-дәріскер Кыстаубаева Ботагоз Кыстаубаевна;
- — магистр., оқытушы-дәріскер Байдилданова Марал Сейтжановна;
- — магистр., оқытушы-дәріскер Чункенова Сымбат Сабитовна;
- — магистр., оқытушы-дәріскер Исатаева Әсел Алимкожақызы;
- — магистр., оқытушы-ассистент Мухашева Меруерт Бауыржановна;
- — магистр., оқытушы-ассистент Абишева Айзия Сейлхановна
- — аға лаборант Шатырбаева Гульнар Жакыповна.
2025-2026 оқу жылында оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасында қызмет атқаратын профессор оқытушылардың штаттық құрамы – 20, қоса атқарушылар – 3.
Олардың ішінде:
- ғылым докторлары және профессорлар ККСОН (ВАК) (докт.): 1 адам.;
- ғылым кандидаттары мен қауымд. профессор (доцент) ККСОН (ВАК): 5 адам;
- PhD докторлар: 4 адам.
Материалдық-техникалық жабдықтандыру (зертханалар).
Оқу үдерісінде 2 оқу зертханалары пайдаланылады:
- мектепке дейінгі және бастауыш білім беру зертханасы;
- Зертханалар зерттеу және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін қажетті арнайы жабдықтармен жабдықталған.
- Зертханаларда шетелдік және отандық ғалымдардың тәжірибелік көзқарастары талданып, білім беру тәжірибесі сараланады, шет елдердің және Қазақстанның білім беру саясатының тетігі анықталады.
- ҚР ҒжЖБ-нің және басқа да ұйымдардың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырыстары орындалады; іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізіледі.
Кафедра оқытушылары гранттық қаржыландыру аясында келесі жобалар бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүзеге асыруда:
- п.ғ.д., профессор Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич жетекшілігімен АР08856810 «Жаңартылған білім беру мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» гранттық қаржыландыру жобасы аясында білім беру мекемелерінде ендіру 2020-2022жж; AP08856810 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» 2023-2025жж;
- философия докторы (PhD) Майлыбаева Гульмира Сабыровна жетекшілігімен ЖТН AP08856314 «Оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтердің дайындығын қалыптастыру» гранттық қаржыландыру жобасы аясында білім беру мекемелерінде ендіру» 2020-2022жж; AP23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау». 2024-2026 жж.
Студент, магистрант, докторанттар ғылыми-зерттеу жұмысы байқауларына қатысады. Атап айтқанда соңғы 5 жылда Республикалық студенттер ғылыми зерттеу жұмысы байқауында жүлделі «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы студенттері жүлделі 1-2 орын иеленді. «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы студенттері 1-3 орын иеленуде. Студенттердің пәндік олимпиадасына қатысып «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы студенттері жүлделі 1 оын иеленді.
ЖОО-да арнайы курстарға арналған білім беру саласындағы мәселелері бойынша оқу-әдістемелік материалдар (авторлық курс бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар, оқу құралдары, монографиялар, электронды оқулықтар) «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарына арналып дайындалады. Сонымен бірге ғылыми-тәжірибелік семинарлар, ғылыми конференциялар, форумдар оқу-әдістемелік сараптамалар өткізіледі. Отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектері жинақталады; студент, магистрант және докторанттардың әзірлеген ғылыми, ақпараттық-әдістемелік материалдары оқу үдерісінде апробацияланады.
Білім беру ұйымдары, ЖОО-мен ынтымақтастық:
Соңғы үш жылда Мәскеу психоанализ интитуты (Ресей Федерациясы); Рейсей мемлекеттік әлеуметтік университет (Ресей Федерациясы); Анкара, Гази университеті(Туркия Республикасы); Акдениз университеті. Анталия қ(Туркия Республикасы); Улугдаг университеті. Бурса қ(Туркия Республикасы); Шейх Едебали атындағы Биледжик университеті (Биледжик қ., Туркия Республикасы); М. Танк атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті(Беларусь мемлекеті), Ереван қаласында орналасқан, п.ғ.к., доцент А. Авагян ұйымдастырған «Армав» үздіксіз білім беру орталығы(Армения мемлекеті); И. Арабаев атындағы Кырғыз мемлекеттік университетімен(Қырғызстан Республикасы) халықаралық ынтымақтастықта жұмыстар жасалуда.
Білім, ғылым, академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық байланысты жүзеге асыру негізінде келесі ЖОО-мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ);
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті(Алматы қ);
- Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті (Түркістан қ);
- Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті;
- Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті(Өскемен қ);
- «Alikhan Bokeikhan University».
Қала мен облыстың орта мектептері және мектепке дейінгі мекемелермен ынтымақтастық бірлестікте қызмет атқару жолға қойылған.
Ынтымақтастық бірлестік негізінде жетекші мамандарды тарту, ғылыми қаржыландыру аясында жүргізілетін жобаны жүзеге асыру негізінде ғылыми ақпаратпен алмасу, оқытушылар мен студенттердің ғылыми тағылымдамалары мен іс-сапарларын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.03.2005 жылғы №195 қаулысын орындау үшін жеке әдістемелер кафедрасының базасында 2005 жылғы 1 қыркүйекте (№97П бұйрық) құрылды.
Жеке әдістемелер кафедрасы 1997 жылы 11 наурызда (№29П бұйрық) музыкалық-педагогикалық факультеттің қайта құрылуына байланысты, мектепке дейінгі тәрбие әдістемесі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедраларының базасында оқу-тәрбие процесін оңтайландыру мақсатында құрылды.
1988 жылдың 7 қаңтарында "педагогикалық факультетті бөлу туралы" № I-II бұйрық негізінде педагогика факультетінде №2121 "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы есебінен студенттер контингентінің артуына байланысты 2 факультет ұйымдастырылды: мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту. Тиісінше, осы факультеттерде мектепке дейінгі тәрбие әдістемесі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедралары құрылды.
Кафедра түлектері:
Майлыбаева Гульмира Сабыровна - Педагогика және психология (мектепке дейінгі) мамандығы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Философии докторы (PhD)
Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі;
Ханина Надежда Никалаевна
Педагогика ғылымдарының кандидаты. Оқыту және тәрбиелеу
әдістемелері кафедрасының оқытушы-дәріскері,«Мектепке дейінгі педагогика мен психология» мамандығы;
Ансабаева Айнур
Дуйсеновна - "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы. Философия докторы (PhD); Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының оқытушы-дәріскері;
Тажинова Гульнар Амангельдиновна-"Мектепке дейінгі педагогика және психология" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Кыстаубаева
Ботагоз Кыстаубаевна- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы;
Альменбетова
Карлыгаш Жапсарбаевна- "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің кафедрасының оқытушы-дәріскері;
Байдилданова
Марал Сейтжановна -"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы;
Чункенова Сымбат Сабитовна -"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының магистрі, І. Жансүгіров атындағы ЖУ докторанты
Сарсекулова Диляра Мадиевна- "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистрі, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының оқытушысы.
Стамбекова Асель Серкебаевна – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы. Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, п.ғ.к;
Абишева Айзия Сейлхановна- "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығы, магистрі, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының оқытушы-ассистент;
Сейлгазинова Сандуғаш Айтмухановна - "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығы, магистрі
Алпысбаева Нургуль Саркытбековна – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы;
Алипбаева Анар Асхатовна – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының магистрі; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты;
Толегенова Назиля Куанышгалиевна – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, "Зерде" әдістемелік орталығының әдіскері»;
Омарова Айжан - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, Талдықорған қаласындағы НЗМ бастауыш сынып мұғалімі;
Рахимбекова Айгуль Танатовна - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының оқытушысы;
Нурмуханова Қарақат Доскеновна - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр;
Ли Инна Валерьевна- "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының магистрі; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты;
- 6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» - бакалавриат
- 6В01202 - Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу IP- бакалавриат
- 6В01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» - бакалавриат
- 7М01301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі магистратура ҒПБ
- 7М01201- "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу" магистратура ҒПБ
- 7М01202- "Мектепке дейінгі оқыту мен бала психологиясы" магистратура ҒПБ
- 8D01301 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі докторантура
Оқытушылар «Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімін үнемі ОӘК-мен, сабақ презентацияларымен, дидактикалық материалдармен, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмалармен толтырып отырады. Сондықтан студенттер, магистранттар, докторанттар барлық оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалдарға еркін қол жеткізе алады. Кафедрада оқытылатын пәндердің сапасын арттыру олардың әдістемелік қамтамасыз етілуімен байланысты. Студенттердің, магистранттардың, докторанттардыңтанымдық белсенділігін арттыру мақсатында оқу процесіне қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар, инновациялық технологиялар мен оқытудың жаңа нысандары мен әдістері енгізілуде (семинарлар, пікірталастар, тақырыптық зерттеулер, дөңгелек үстел, талқылаулар, жарыссөздер, іскерлік ойындар және т.б.).
2024-2026 жылға кафедраның ғылыми-зерттеу бағыты:
Мақсаты: Қазақстан жастарының азаматтық-патриоттық тәрбиесін «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде дамыту
- Жоғары оқу орнында инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру.
- Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге педагогтардың даярлығын қалыптастыру.
- Кафедраның ПОҚ халықаралық, республикалық, университетішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады. Кафедраның ПОҚ Республикалық және халықаралық басылымдарда жұмыстары ККСОН басылымдарда, Scopus, Thomson Reuters ғылыми журналдардың базасына енгізілген.
СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Ғылыми үйірмелер, ғылыми жобалар мен проблемалық топтар:
СҒЗЖ мақсаты маман-бакалаврларды даярлауда теориялық және практикалық деңгейлерді арттыру болып табылады. СҒЗЖ міндеттері- оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасында студенттердің танымдық қызметін арттыру, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жандандыру болып табылады; зерттеу әдіснамасы мен әдістерін оқыту; ғылыми зерттеулерге студенттерді қатыстыру; ғылыми және оқу үдерісінің бірлігін сақтау. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтар арқылы жүзеге асырылады.
Студенттер жыл сайын халықаралық және республикалық деңгейдегі студенттік ғылыми конференцияларға қатысады. «Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі» кафедрасында ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтар жұмыс істейді.
Ғылыми үйірмелер: «Речевое развитие детей» жетекшісі п.ғ.к., доцент Ханина Н. Н.,» Ізденіс «проблемалық тобы жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Капенова А.А.,»Сөз этикасы » линвистикалық үйірмесі жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Бакраденова А.Б., магистр, аға оқытушы Таурбекова А.С. «Қамқор» студенттік еріктілер тобы жетекшісі философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м. а. Майлыбаева Г.С.
ҚР БҒМ қаржыландыратын гранттық жобалар
Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасында 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуда:
Зерттеу тақырыбы | Орындаушылар |
| AP23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерән кәсіби қызметке даярлау». | Жетекші: Майлыбаева Г.С. |
| AP196778345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту». | Жетекші: Ыбыраимжанов К.Т. |
| AP25795177 «Инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқыту технологиясы» | Жетекші: Мухашева М.Б. |
Scopus базасындағы Хирша индексі бар ПОҚ тізімі
№ | Оқытушының аты-жөні | Кафедра | Индекс Хирша немесе Scopus базасында индекс | Самоцитирование |
| 1 | Майлыбаева Г.С | Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі | 5 | 2 |
| 2 | Ыбыраимжанов К.Т. | Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі | 7 | 2 |
| 3 | Таурбекова А.С. | Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі | 3 | 1 |
| 4 | Мухашева М.Б. | Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі | 1 | 1 |
| 5 | Ансабаева А.Д. | Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі | 2 | 1 |
2011 жылдан бастап кафедра студенттері мен ПОҚ академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттер мен магистранттарға білімін жалғастыруға немесе ғылыми-зерттеу бағдарламасына қысқа мерзімді білім алуға қатысу жолымен шетелде ғылыми тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері І.Жансүгіров ат.ындағы ЖУ-ден білім алды:
2011 -2012 оқу жылында — Бегджанова Тэзегуль Ялкашбаевна, Цивилева Кира Олеговна;
2012-2013 оқу жылында — Морозова Евгения, Насупкина Екатерина;
2013-2014 оқу жылында — Суконина Наталья, Маслова Александра, Новикова Олеся, Зуболомова Владлена;
2014-2015 оқу жылында — Мосягина Светлана, Золотцева Наталья, Ефремова Елена, Макагонова Анастасия Сергеевна;
2015-2016 оқу жылында — Лещук Диана, Фадеева Анна, Гладких Евгения.
2013-2014 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 3 курс студенті Макагонова Анастасия Сергеевна К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік университетіде (Ресей) оқудан өтті.
2015-2016 оқу жылы сыртқы академиялық ұтқырлық аясында 5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенті Ли Инна Чехия қ. Оломоуц университетінде (Палацк) білім алды, ішкі академиялық ұтқырлық аясында 5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенті Ишелева Ирина Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқудан өтті.
2013-2014 оқу жылы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 6М010200 — «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының магистранты Алипбаева А.А. Варшава университетінде (Польша) оқудан өтті.
Erasmus KA1 бағдарламасы бойынша 6D010200 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс докторанты Жакипбекова Сауле Сотиялдиновна София университетінде Әулие Климент Охридский университетінде (Болгария) оқудан өтті
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан студенттер «Жаңа әлемдегі жастар және ғылым» республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция жұмысына белсенді қатысады.
2014 ж. 13-14 наурыз. Н.Суконина, В.Зуболомова «Духовно-нравственное воспитание младших школьников» атты баяндама жасады (жетекші Ханина Н.Н.). А.Маслова, О.Новикова «Оценка знаний младших школьников» (жетекші Ханина Н.Н.), 2015 ж. 10-11 сәуір 2 курс студенттері К.Д. Ушинский атындағы ЯМПУ (Ярославль қ.) Мосягина, Н. Золотцева, Е. Ефремова «Организация внеурочной деятельности владших школьников» (жетекші Ханина Н.Н.). Конференциялар материалдарында баяндамалардың тезистері жарияланды.
Қазақстан мен шетелден профессорлар мен доценттер (п.ғ.д. О.В.Плохотник, п.ғ.д. З.А.Мовкебаева, п.ғ.к. Г.А.Абаева, пс.ғ.к. А.Н.Аутаева) шақырылып, білімгерлерге дәріс жүргізді.
2014 ж. академиялық ұтқырлық шеңберінде Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің доценті, пс.ғ.к.В. Чистов «Бірінші сынып оқушысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы» пәні бойынша ағылшын тілінде курс оқыды. 2015-2016, 2016-2017 оқу жылдарыС. Аманжолова ат. ШҚМУ психология және коррекциялық педагогика кафедра доценттері Коккозева Кульчария Шамильевна, Северинова Елена Александровна, Стельмах Светлана Александровна виртуалды академиялық ұтқырлық аясында дефектология мамандығының студенттері мен магистранттарына дәріс оқыды және тәжірибелік сабақтар өткізді. 2014 ж. кафедра доценті Жолтаева Г.Н. «Жалпы білім беретін мекемелердің бастауыш сыныптарындағы психикалық дамуы тежелген балаларды интеграциялап түзете-дамыта оқыту» тақырыбында Дюссельдорф (Германия) қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті.
30.09.2018-04.10.2018 аралығында Дубай қаласында Еуроазиялық зерттеушілер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Білім, білім беру және оқыту» саласындағы ІІІ Халықаралық конференциясына І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті педагогика және психология факультетінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы қауымдастырылған профессоры(доцент)., PhD философия докторы Майлыбаева Г.С., қауымдастырылған профессоры(доцент)., филология ғылымдарының кандидаты Асылова Р.О., музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі м.а., қауымдастырылған профессор (доцент) Усенова А.К, оқытушы, магистр Тынысханова А.Т., «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс докторанты Жабыкбаева Д.М. қатысты. Конференцияда «Қазақстан мен Беларусь екі жақты мәдениет аясында жастардың ұлтаралық төзімділігінің мәдени-әлеуметтік қыры» тақырыбында баяндама оқылды. Конференция соңында қатысушыларға сертификат берілді.
2017-2018 оқу жылында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының магистранттары Ли Инна сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде Чехия, Оломоуц қаласында оқыды.
2018-2019 оқу жылының 1-ші семестрінде 5В010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының НР – 211топ білімгерлері Мухаметшина Маргарита мен Вереттенникова Алена К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей), ал 5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу көптілді оқытумен МДА-311 Бондарь Маргарита Владимировна Палацк университетінде (Чехословакия) білім алды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдың 6-16 қарашасында және 2019 жылдың 8-16 сәуірінде Қоқан қаласында (Өзбекстан) И.М. Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтында студенттерге келесі пәндер бойынша дәрістер оқылды: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамыту әдістемесі» және «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Педагогикалық психология».
Институт оқытушыларымен, белсенді студенттермен кездесулер ұйымдастырылды, шеберлік сыныбы өткізілді, тренинг өткізілді.
2019 жылдың 27 наурызында оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасында, І.Жансүгіроватындағы ЖМУ біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімімен бірге, психология ғылымдарының докторы, профессор Волдемар Колга (Эстония, Таллин университеті) «Мәдениет және адамның даралығын қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының практикалық базасының өкілдері қатысты: Талдықорған қаласындағы №1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация психологтары, балабақша меңгерушілері, №42, №45 балабақшалардың педагог-тәрбиешілері, сонымен қатар педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары және докторанттары қатысты.
Болон процесінің принциптерін және университеттің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында Педагогика және психология факультетінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасында онлайн-дәрістер мен семинарлар аяқталды.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына, 8D010200 — «Бастауыш білім берудің педагогикасы және әдістемесі» мамандығының докторанттарына және 7М01201 — «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының магистранттарына «Мектепке дейінгі мекеме басшысының психологиялық-педагогикалық дайындығы» пәнінен 2020 жылғы қазанның 5-нен бастап 30 қарашаға дейін Ибрагим Чечень университетінің доценті (Түркия), п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нургалиева Сания Айдархановна өткізді.
Шетелдік профессордың онлайн-дәрістерге қатысу нәтижелері бойынша докторанттар мен магистранттарға жүргізілген сауалнама академиялық ұтқырлықтың жеке тұлғаны дамыту үшін — басқа академиялық жағдайларда оқу тәжірибесін жинақтау үшін де, университеттегі оқу үдерісін жаңарту үшін де маңызды екенін көрсетті. Бұл біздің университеттің ғана емес, болашақ мамандардың бірыңғай еңбек нарығының қатысушылары ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.
Дәріс-семинар нәтижесінде магистранттар, докторанттар және профессорлық оқытушылар құрамына сертификаттар табысталды.
- Адамгершілік және патриоттық тәрбие модулі
- Рухани-адамгершілік, зияткерлік-шығармашылық, эстетикалық тәрбие модулі
- Инновациялық және корпоративтік тәрбие модулі
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру модулі

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич Қазақстан Республикасы Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, "Жоғары оқу орнының үздік педагогы "(2009 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталған. 100-ден астам мақалалар мен ғылыми - әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 1-монография, 3 оқулық, 3-оқу құралы.

Ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Асылова Раушан Омаровна 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің Құрмет грамотасымен марапатталды, сондай-ақ "ХХІ ғасыр педагогы" атағына ие болды.

Майлыбаева Гульмира Сабыровна – философия докторы PhD, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі 2017 - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері.

Ханина Надежда Николаевна өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.

Жетісу университетінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессор(доцент) м.а., философия докторы (PhD) Майлыбаева Гульмира Сабыровнаны Франция Конкорд Академиясының корреспондент мүшесі атанды. Париж. 2018ж

Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич п.ғ.д., профессор
ҚР Ғылым және жоғарғы білім минстрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгімен марапатталды. Куәлік № 0026.24 тамыз 2023ж.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas ǵalym» конкурсында «Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламаларының оқытушысы Мухашева Меруерт Бауыржановна және 1 курс студенттері Тоқтасынова Балжан, Серікбек Сандуғаш «Білім беру робототехникасы» атты ғылыми жобалары мақұлданды. Қаржыландыру сомасы – 1 400 000 теңге.
«Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламасының жетекшісі философия докторы PhD Р.С.Желдибаева «500 ғалым» жобасы аясында «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Тағылымдама 2024-2025 оқу жылында Иллинойс штатының орталығындағы Урбана-Шампейн қаласында орналасқан Иллинойс университетінің ең үлкен кампусында өтеді.

Академик Н. Базанова атындағы марапат иегері
2025 жылдың 6 наурызында Алматы қаласы, Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н. Базанова атындағы марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті атынан оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Майлыбаева Гульмира Сабыровна қатысып, академик Н. Базанова атындағы марапатқа лайықты деп танылды.
Майлыбаева Гульмира Сабыровна Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі еңбек өтілі барысында 400-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбектер авторы, гранттық қаржыландыру аясында бірнеше жобалардың ғылыми жетекшісі.
Борибекова Фарзана
қауымдастырылған профессор (доцент)
Ансабаева Айнур Дуйсеновна
Философия докторы (PhD), оқытушы-дәріскер
Бакраденова Алтын Бакраденовна
п.ғ.к.., доцент, қауымдастырылған профессор (доцент)
Жолтаева Гульнар Нурболатовна
п.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессор (доцент)
Майлыбаева Гульмира Сабыровна
философия докторы (Phd), қауымдастырылған профессор (доцент)
Фейзулдаева Салтанат Арасатовна
философия докторы (PhD), аға оқытушы
Байдилданова Марал Сейтжановна
педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер
Ыбыраимжанов Калибек турдыгазиевич
п.ғ.д., профессор
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
