«Дін – патриотизм діңгегі»

19.04.2021 жылы Жаратылыстану факультетінің 3 курс биология топ білімгерлері мен кураторы жаратылыстану кафедрасының аға оқытушысы А.Атабаева «Дін – патриотизм діңгегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Білімгерлер мен дөңгелек үстел барысында  дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің ағымдары мен имандылық, әдептілік туралы сөз қозғалды. Сөз барысында дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлу, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі тәрізді маңызды мәселелер аталып көрсетілді. Сонымен бірге бес парызды, тазалықты, иманның шарттары мен исламның шығу тегі, мақсаты, мазмұны сөз болды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған