Ескелді ауданының мектеп бітіруші түлектерімен онлайн кездесу

2021 жылғы 22 сәуір күні кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша  Ескелді ауданының Білім бөлімі мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен Ескелді ауданының мектеп бітіруші түлектеріне «ЛАЙЫҚТЫ  МАМАНДЫҚ – ТАБЫСТЫ ӨМІРДІҢ КІЛТІ» атты онлайн кездесу өткізілді. Іс-шараға Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының директоры С.Смагулова, факультет декандары, Zhansugurov College директорының орынбасарлары Б.Ескендиров және М.Тумабаева қатысты.

Кездесу барысында  университет, колледж, ҰБТ туралы  ақпараттар берілді. Кездесу соңында мектеп оқушыларының қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған