Қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы жастар тректері

Қазақстан халқының бірлігі күні мен Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2021 жылғы 23-24 сәуірде «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» РҚБ бастамасымен  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында (Талдықорған қ.) халықаралық қатысумен «ҚХА кафедраларының қызметіндегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша заманауи тректер» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн вебинар өткізілді.

Вебинар жұмысына мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың, жастар ұйымдарының өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, ҚХА кафедралары қауымдастығының мүшелері, қазақстандық 30 ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Спикерлер ретінде ҚР Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, ғылыми құрылымдардың өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдар қатысты. Вебинарға қатысушылар мен спикерлер ретінде Ресей, Түркия, Польша, Украина, Эстония, АҚШ, Италия, Қытай сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Оқыту әдістемелік, тәжірибеге бағытталған вебинардың негізгі мақсаты орындалып, ҚХА кафедраларының, ғылыми-білім беру құрылымдарының, Азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығын, жастар бағытындағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы халықаралық тәжірибені дамыту нысандары мен әдістерін талқылау, жоғары оқу орындары жастарын белсенді қосу бойынша мүдделі сындарлы әңгіме өрбіді.

Вебинар модераторлары – Калашникова Наталья Павловна, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» РҚБ төрағасы, саяси ғылымдарының докторы; Гусенов Бархудар Шахгусенович, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ-ның Жастар орталығының басшысы. Онлайн алаңда (2 күн ішінде 165 қатысушыны біріктірген) шығармашылық, ғылыми тәжірибе алмасу, ҚХА кафедраларының жастар ұйымдарымен, оның ішінде өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды жинақтау атмосферасын құрды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған