«Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілімен онлайн кездесу

2021 жылғы 19 мамыр күні сағат 15.00-де мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 2021 жылы магистратура 1, 2  курс және доктарантура 1, 2, 3 курс білім алушыларына ҚР БжҒМ қарасты «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ибраева Жанар Саметовна Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдесіндегі №319-ІІІ «Білім туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты еңбек өтемі бойынша «Zoom» платформасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ж.Ибраева, Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.а. Д.Калдияров, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу әдістемелік бөлімі, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы және магистранттар мен докторанттар қатысты.

Кездесудің мақсаты: міндетті үшжылдық еңбек өтемі туралы ақпарат беру.

Кездесу барысында жас мамандардың міндетті үшжылдық еңбек өтемі бойынша жұмысқа бөлу және жіберу қандай тәртіппен жүзеге асырылатыны туралы айтылды.Магистрантар мен  докторантардың еңбек өтемі бойынша қойылған сұрақтары қарастырылып толық ақпараттар  берілді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған