«Ана тілім – асыл мұрам»

22-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Ана тілім – асыл мұрам» атты челленджді бастады.

 Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология факультеті «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттері бұл челенджді Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты студенттерінен қабылдап, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттеріне жолдады.