ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АБАЙ ӘЛЕМІ» ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУЫ ӨТІП, ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры екінші рет өткізіп отыр.

Байқаудың мақсаты студенттер мен магистранттарды Ұлы Абайдың шығармашылығын зерттеу жұмысына тарту және дарынды жас ғалымдарды қолдау болып табылады.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 100-ге жуық жастар қатысты. Конкурстық жұмыстарды кәсіби мамандар мен белгілі абайтанушылар бағалады.

Үздік ғылыми жұмыстар арасынан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, гуманитарлық факультеттің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының  студенті мен магистранттары жүлдегер атанды. Олар:

Студенттер арасында:

🔹 III орын және 200 000 теңге сыйақы – Касенова Талшын Талғатқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 – курс студенті;

Магистранттар арасында: 

🔹 II орын және 400 000 теңге сыйақы – Есмаханова Гульзира Нұрғалиқызы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистранты;

🔹ІII орын және 300 000 теңге сыйақы – Мухамадиева Сәния Сәрсенбайқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистранты.

Үздік ғылыми жұмыстар «Abaialemi.kz» порталында жарияланады.

Жүлдегерлерді құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!!!

Жаңалық сілтемесі: https://www.facebook.com/295944330458293/posts/5014755778577101/?d=n