Мұражайға экскурсия

Демалыс күні аясында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының ЮҚ-211,212 топтар, кураторы М.Д.Баженовамен бірге Алматы облыстық «Алтынемел» мемлекеттік мемориалдық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Білімгерлер қазақтың шоқ жұлдызы, ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ Шоқанның дүниежүзілік ғылымға өз заманында елеулі үлес қосқан еңбектерімен танысып, олардың әр кезеңде де жоғары бағаланатындығына көз жеткізді. Ш.Уәлихановтың туғанына 150-жыл толуына орай «Алтынемел» мемлекеттік мемориалдық мұражайы ашылып, бұл бірегей ғимаратты сәулетшілер А. Сейдалин, Б. Ибраев, С. Рустамбеков жасаған. Ш.Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметін жан-жақты ашып көрсететін мұражай экспозициясымен үйлесімді түрде үйлесім тапқан ғимараттың ерекше келбеті болып табылады.