Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының арнайы пәндер оқытушылары, п.ғ.магистрлері А.Т.Исмаилова және Ж.М.Байдильданова 19 қазан күні Мдқ 101 тобымен «Бала – өмірдің гүлі, тәрбиеші – оның бағбаны» атты сайыс сабақ өткізді.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының арнайы пәндер оқытушылары, п.ғ.магистрлері А.Т.Исмаилова және Ж.М.Байдильданова 19 қазан күні Мдқ 101 тобымен «Бала – өмірдің гүлі, тәрбиеші – оның бағбаны» атты сайыс сабақ өткізді. Сайыс сабақтың мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының 1 курс студенттерінің таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын ояту мен мамандыққа кіріспе жасау болды. Студенттер 4 топқа бөліне отырып, сайыс сабақтың бағдарламасы бойынша: 1. Мамандықтары бойынша эссе жазып, оқыды 2. Көркем сурет салып, оны қорғады 3. Педагогикалық – психологиялық жағдаяттарды көрініс арқылы қойып, шешімін тапты 4. Өз өнерлерін көрсетті. Сайыс сабақтың қорытыныдысы бойынша: «Көшбасшы», «Шығармашыл топ», «Зерек топ», «Өнерлі топ» номинациялары табысталды. Студенттердің мамандықтарына деген танымдық қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктері жанарларында жанып тұрды