«Физика бойынша зертханалық жұмыстар» жаппай ашық онлайн курсын (ЖАОК) құру

 Жобаның атауы: «Физика бойынша зертханалық жұмыстар» жаппай ашық онлайн курсын (ЖАОК) құру.

Реферат:

Қазіргі заманғы қоғам ақпараттық бола отырып, білім алушылардан креативті, сыни ойлауға қабілетті, қоршаған әлемді белсенді және мақсатты түрде тануға дайын болуды, білім мен ғылымның, адам мен қоғам үшін еңбек пен шығармашылықтың құндылығын ұғынуды; қоршаған әлемді танудың ғылыми әдістерінің негіздерін меңгеруге дайын болуды талап етеді. Физика тұлғаның дамуының белгіленген нәтижелеріне қол жеткізуде айтарлықтай әлеуетке ие. Бұл физиканы зерттеу білім алушылар орындауы керек практикалық танымдық әрекеттердің кең спектрімен бірге жүретіндігіне байланысты. Физика бойынша орындалатын әрекеттің көп бөлігі білім алушылардың зерттеу мәселелерін шешуімен байланысты жүзеге асыра алады.
Қазіргі білім беру моделі негізінен білім алудың кері тізбегін қарастырады. Алдымен теория қарастырылады, оның өзегіне кіретін заңдар зерттеледі, содан кейін білім алушылар практикалық жұмыстар барысында зерттелген заңдардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік алады. Зерттеу іс-әрекетінің элементтерін физиканы оқыту процесіне жүйелі түрде қосу білім алушылардың зерттелетін материалды түсіну деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бірақ, өкінішке орай, физика сабақтарында практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру әрдайым мүмкін емес. Бұл проблема әсіресе физика пәнін қашықтықтан оқыту жағдайында өткір болып табылады, бұл зерттеу тақырыбын өзекті етеді. Әрине, физика курсының әртүрлі тақырыптары бойынша көптеген әзірленген виртуалды зертханалық жұмыстар бар, бірақ виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдану тәжірибелік дағдылардың қажетті деңгейіне жетуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан бұл жоба әлемдік практикада цифрлық білім беру ресурстарын дамыту бағытын анықтауды және физика бойынша зертханалық жұмыстарды орындау кезінде осы тәжірибені іске асыруды көздейді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, цифрлық платформалардың халықтың білім деңгейін арттыру әдісі ретінде бірқатар артықшылықтары бар. Бұл технологиялар еліміздің және әлемнің білім беру мекемелерінде әртүрлі салалардың беделді,жетекші мамандарынан лайықты білім алуды қиындататын кеңістік-уақыт шекараларын еңсеруге мүмкіндік береді. 
Қашықтықтан оқыту шеңберінде зертханалық жұмысты жүргізу тәсілі ретінде жаппай ашық онлайн курстардың артықшылығы жұмыс процесінде білім алушы видеодағы экспериментатормен қатар әрекет ететіндігінде: 1) білім алушы экспериментатордың іс-әрекеттерін бақылайды; 2) білім алушы экспериментатордың ұсынылған нұсқаулықтары бойынша зертханалық жұмысты өз бетінше орындайды; 3) білім алушыларға тікелей онлайн платформаға кіріктірілген сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. 
Онлайн-курс-электрондық оқыту технологияларын қолдана отырып және интернет арқылы ашық қол жеткізе отырып, жаппай интерактивті қатысуымен болатын оқыту курсы, қашықтықтан білім беру нысандарының бірі. Бейне, оқу және білім алушылардың өзіндік жұмыстары сияқты оқу курсының дәстүрлі материалдарына қосымша ретінде ашық онлайн-курстар – білім алушылар мен оқытушылар қауымдастығын құруға және қолдауға көмектесетін пайдаланушылардың интерактивті форумдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты: электронды оқыту технологияларымен классикалық оқыту түрлерін интеграциялау арқылы физика бойынша зертханалық жұмыстардың сапасын арттыру және ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Физика бойынша зертханалық жұмыстар» жаппай ашық онлайн курсын құру.

  Күтілетін нәтижелер:

  1. Қашықтықтан оқыту жағдайында негізгі мектептің физика курсы бойынша зертханалық жұмыстарды орындау процесіне талдау жүргізілетін болады;
  2. Алматы облысының физика пәні мұғалімдеріне арналған смартфондар мен зертханалық планшеттерді пайдалана отырып, физика бойынша зертханалық жұмыстарды орындау бойынша «Физика бойынша зертханалық жұмыстар» ЖАОК әзірленетін болады;
  3. «Электр және магнетизм» бөлімі бойынша зертханалық планшеттер жасалады;
  4. Алматы облысының физика мұғалімдеріне арналған «Физика бойынша зертханалық жұмыстар» ЖАОК пайдалану бойынша оқыту семинарлары мен вебинарлары ұйымдастырылады»;
  5. Алынған ғылыми нәтижелер Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index Web of Science базасына кіретін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақалада жарияланады;
  6. Авторлық құқықты тіркеу туралы куәлік алынады.

 Жобаның жетекшісі:

 Абдулаева Әйгерім Бекмұханбетқызы, 8D01502-Физика БББ 2 курс докторанты, жаратылыстану ғылымдарының магистрі – физиканы оқыту әдістемесі саласы маманы. 2017 жылдан бері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің физика кафедрасының оқытушысы қызметін атқаруда, 20-дан астам ғылыми басылымдардың, 3 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

ORCID 0000-0003-0089-7615. Профильге сілтеме https://orcid.org/0000-0003-0089-7615

Зерттеу тобының мүшелері:

Турсынбаева Динара Ахметовна, 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 2 жарияланым Web of Science және  Scopus деректер базасында, БҒССҚЕБК-15, халықаралық конференцияларда –19 мақала жарияланды, кітаптар 5, патент 1. Хирш индексі – 2 (Scopus).

Scopus ID 57189062234, 57200099252

Профильге сілтеме https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57189062234&eid=2-s2.0-85043635588

 Кадирбаев Мирас Жумабаевич – кіші ғылыми қызметкер.

 Ғылыми тағылымдамалар және біліктілікті арттыру     

  1. Абдулаева Ә.Б. Қолданбалы физика бойынша тағылымдама, Литва. Каунас. 25.05.2015-03.06.2015, Каунас технологиялық университетінің математика және жаратылыстану факультеті, 36 сағат.
  2. Абдулаева Ә.Б. Педагог кадрларды күшейтілген даярлау мақсатында, оның ішінде физика мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырма шеңберінде онлайн режимде біліктілігін арттыру, Алматы қ., 01.11.2016-20.12.2016, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты, 240 сағат.
  3. Абдулаева Ә.Б. Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы «Заманауи педагогикалық технологиялар», Алматы қ., 09.10.2017-06.11.2017, «Өрлеу «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, 240 сағат.
  4. Абдулаева Ә.Б. Білім беру саласындағы біліктілікті арттыру курсы, Португалия, Порто қ., 26.10.2017-05.11-2017 ISEP-Instituto superior de Engenharia do Porto, 240 сағат.
  5. Абдулаева Ә.Б. Деңгейлік бағдарламалар негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының ПОҚ оқыту бағдарламасы бойынша курстар, ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, 232 академиялық сағат көлемінде. 30.11.2018 ж.
  6. Абдулаева Ә.Б. Ғылыми зерттеулер әдіснамасы. 01.11.2020 – 07.12.2020.
  7. Абдулаева Ә.Б. Физика тәжірибелерде. 01.11.2020 – 07.12.2020.
  8. Абдулаева Ә.Б. Clarivate Вебинары. Ғылыми жарияланымдардың сапасы туралы: Web of Science және Антиплагиат. 22.04.2021 ж.
  9. Турсынбаева Д.А. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ педагогикалық шеберлігі орталығы, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту, жоғары оқу орындарының оқытушыларын даярлау курсы, 80 сағат. 03.05.2019 ж.
  10. Турсынбаева Д.А. Халықаралық онлайн тағылымдама «Университет 4.0. Цифровая трансформация», 72 сағат, 7-23 сәуір 2021 ж.
  11. Турсынбаева Д.А. Қазіргі физика дамуының кешенді және қолданбалы аспектілері. CONSULTING COMPANY, 72 сағат,05-26.05.2021 ж.

2015 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде жобаны орындаушылардың жарияланымдары мен патенттерінің тізімі

  1. A. Tursynbayeva, G.B. Alimbekova,R.S. Kabatayeva, M.A. Zhusupov, N.A. Burkova, K.A. Zhaksybekova, F.B. Belissarova, A.S. Taukenova, Methodology of projection of wave functions of light nuclei on cluster channels on the example of quantum 11B{alpha-7Li}-system, Advanced Studies in Theoretical Physics, Vol. 10, 2016, no. 2, 89-97, http://dx.doi.org/10.12988/astp.2016.615, Bulgaria
  2. A. Filko, D.A. Tursynbayeva,I. N. Filko, Fixed points of vitrification equations, Mechanics of Composite Materials, Vol. 52, No. 3, July, 2016 (Russian Original Vol. 52, No. 3, May-June, 2016), 0191-5665/16/5203-0325 © 2016 Springer Science+Business Media New York, DOI:10.1007/s11029-016-9585-0
  3. Токбергенова У.К., Турсынбаева Д.А., Насыролла Н. Физиканы оқытуда оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру. ҚазҰПУ Хабаршысы, 2016 ж., 14-19, Алматы.
  4. Алимбекова Ж.Б., Турсынбаева Д.А. «Кванттық физика» бөлімі бойынша әр түрлі деңгейлік есептерді шығару.»Механикалық жүйелер мен физикалық процестерді математикалық модельдеу» III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Алматы, 18-19 қараша 2016 ж.
  5. Ерженбек Б., Сыдыкова Ж.К., Турсынбаева Д. Физикалық ұғымдарды қалыптастыру кезеңдері. П. ғ. д., физика профессоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі С. С. Маусымбаевтың 70 жылдығына арналған «Болашақ педагогтың кәсіби дайындығы: теория және практика» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция, Семей, 17.06.2017ж., б.245-249.
  6. Алимбекова Ж.Б., Турсынбаева Д.А. Интерактивтік технологияларды оқыту үдерісіне қолданудың негізгі әдістері. «Білім мен ғылымдағы математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар» VII Халықаралықғылыми – әдістемелік конференция,Алматы, 2015 ж., б.412 – 415.
  7. Алимбекова Ж.Б., Турсынбаева Д.А. Жаңа инновациялық технологияларды физика пәнін оқытуда қолдана отырып, оқушылардың дайындық сапасын арттырудың ғылыми – әдістемелік жолдары. «Ғылым, білім және инновациялар – «Қазақстан — 2050″ Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды факторлары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы,Талдыкорган, 2015 ж., б.36-39.
  8. Шоқанов Ә.Қ., Турсынбаева Д.А., Худайбергенова Ш.С. Нанотехнология негіздерін наноэдьюкатор II көмегімен оқып үйрену. «Ғылым, білім және инновациялар-«Қазақстан — 2050″ Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды факторлары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Талдыкорган, 2015 ж., б.254 — 256.
  9. Tursynbayeva D.A., Yerzhenbek B. Сontents and structure of physical theories in school. «Қазіргі заманғы ғылымды жүргізу-2017» XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 30 қараша-7 желтоқсан 2017 ж., Педагогикалық Ғылымдар. Шеффилд. Science and education LTD -108p. ISBN 978-966-8736-05-6.
  10. Турсынбаева Д.А., Ерженбек Булбул. Нынешнее состояние формирования понятий квантовой физики в средней школе.»Қазіргі заманғы ғылымды жүргізу-2017″ XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 30 қараша-7 желтоқсан 2017 ж., Педагогикалық Ғылымдар. Шеффилд.Science and education LTD -108p. ISBN 978-966-8736-05-6.
  11. Токбергенова У.К.,Турсынбаева Д.А., Ерженбек Б. Әдістемелік нұсқаулық. Физика 7. «Мектеп» баспасы, 2017 ж.,ҚР БҒМ.
  12. Мамбетакунов Е.М., Турсынбаева Д.А., Жанатбекова Н.Ж. Научно – методические основы формирования основных понятий квантовой физики в средней школе. ЖМУ Хабаршысы, № 2, 2018.
  13. Турсынбаева Д.А. Методика преподавания квантовой теории в естественно – математическом направлении средней школы.ҚазҰПУ Хабаршысы, № 4 (60), 2017 ж., б.178-183.
  14. Жусупов М.А., Жаксыбекова К.А., Турсынбаева Д.А. Методика выполнения квантовых расчетов. ҚазҰУ Хабаршысы, № 4 (63), 2017 ж., б. 48-51.
  15. Турсынбаева Д.А., Гребенец Н.А., Жапсарбай Ғ.А., Жеңіс А.Е., Кәкімжан А.Ж., Чалматаева М.Б. Альтернативные источники энергии: виды и использование. Materiály XVI Mezinárodnívĕdecko — praktickákonference «Dnyvědy», Volume 5 : Praha. Publishing House «Education and Science» -96 s, ISBN 978-966-8736-05-6, Praha Publishing House «Education and Science» 2020, 36-41 p
  16. Мамбетакунов Е.М., Турсынбаева Д.А., Жапсарбай Ғ.А. Физика пәнін қазақша оқулықтармен қамтамасыз етудің заманауи мәселесі. ЖМУ Хабаршысы, ISSN 2616-8901, №2(90) 2019, 31-35.
  17. Andasbayev , Tyrsunbayeva D., Zhakpayev К. Methodological formation of the basic concepts of dynamics for students using examples of tasks in the section «friction force». Қазақстанныңғылымы мен өмірі, №10 ISSN 2073-333X.
  18. Туркменбаев А.Б., Абдыкеримова Э.А., Турсынбаева Д.А.Физика сабағында проблемалық оқыту технологиясын қолдану. Қазақстанныңғылымы мен өмірі, №10, ISSN 2073-333X.
  19. ЖанатбековаН.Ж., АбдулаеваӘ.Б., ТурсынбаеваД.А., Борибекова Ф. Formation of scientific world view of students in laboratory work. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №10, ISSN 2073-333X.
  20. Жанатбекова Н.Ж., Турсынбаева Д.А., КожашеваЖ.О., Маметурдиева К.Ж. Электромагнитные переходы ядер в бозонной модели. Қазақстанныңғылымы мен өмірі, №10, ISSN 2073-333X.
  21. Турсынбаева Д.А., Жанатбекова Н.Ж., Абдулаева Ә.Б., Борибекова Ф. Методические основы формирования у учащихся основных понятий квантовой физики на примере для главы «координатное и импульсное представление». Қазақстанныңғылымы мен өмірі, №10, ISSN 2073-333X.
  22. Жанатбеков Н.Ж., Турсынбаева Д.А., Ақжолова А.А., Борибекова Ф. Методика введения понятия квантового состояния. Қазақстанныңғылымы мен өмірі, №10, ISSN 2073-333X.
  23. Ақжолова Ә.Ә., Жанатбекова Н.Ж., Турсынбаева Д.А., Абдулаева Ә.Б. Поляризация құбылысын тәжірибе жүзінде зерттеу әдістемесі. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №10, ISSN 2073-333X.
  24. Абдыкеримова Э.А., Туркменбаев А.Б., Турсынбаева Д.А. Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану арқылы физика сабағының тиімділігін арттыру. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №10, ISSN 2073-333X.
  25. Туркменбаев А.Б., Абдыкеримова Э.А., Турсынбаева Д.А. Физика сабағында оқушылардың өзіндік жұмысы. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №10, ISSN 2073-333X.
  26. Турсынбаева Д.А., Жайлаубаева Н.Н. Мектеп оқушыларына робототехника негіздері сабағына case study әдісін пайдаланып оқытудың ерекшеліктері. XIII Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары, іргелі және қолданбалы ғылым, 2018.
  27. Ақжолова А.А., Турсынбаева Д.А., Абдулаева А.Б. Атомдық физикадан есептер жинағы. Оқу құралы, «Жетісу университеті», 2020 ж., б.117.
  28. Ақжолова А.А., Сакибаева Б.Р., Турсынбаева Д.А. Структура и содержание исследовательской компетентности будущих учителей физики в педагогическом вузе. Білім мен ғылымның өзектімәселелері, №2 (70) 2020, Архангельск.
  29. Tursynbayeva D., Zhapsarbay G., Kakimzhan A. Teaching metods of dynamic laws in physics and matevatic profile schools. Қазақстанныңғылымы мен өмірі, №12/1 (147) 2020, ISSN 2073-333X.
  30. Tursynbayeva D., Zhakpayev K. Using the level metod for solving problems in the “First condision for equilibrium”. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №12/1 (147) 2020, ISSN 2073-333X.
  31. Молдабекова М.С., Абдулаева Ә.Б. Құрaмындa пропaны болaтын үшкомпонентті гaз қоспaсындaғы мехaникaлық тепе-теңдіктің орнықсыздығын Стефaн-Мaксвелл әдісімен зерттеу. ҚазҰУ Хабаршысы, №1 (56) – Aлмaты, 2016 ж. – б.44-48.
  32. Молдабекова М.С., Абдулаева Ә.Б. Кәсіби пәндер практикалық сабақтарында студенттердің зерттеу құзіреттіліктерін қалыптастыру. ҚазҰПУ Хабаршысы, №1 (57), 2017ж., б. 68-72.
  33. Жанатбекова Н.Ж. Абдулаева Ә.Б. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – бәсекеге қабілетті болашақ кепілі. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының баяндамалары, №3 (313), 2017 ж., б. 140-144.
  34. Жанатбекова Н.Ж. Абдулаева Ә.Б. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын физика пәнін оқытуда қолданудың тиімділігі. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №1 (74), 2019ж., б.222-225.
  35. Жанатбекова Н.Ж. Абдулаева Ә.Б. Білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңызы. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №10, 2019, б.33-39.
  36. Жанатбекова Н.Ж. Абдулаева Ә.Б.Computer science teaching technologies for students with limited opportunities. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №10, 2019, б.162-167.
  37. Жанатбекова Н.Ж. Абдулаева Ә.Б. Фотоэлементтің сипаттамаларын зерттеу барысында ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. Қазақстанның ғылымы мен өмірі, №10, 2019, б.228-234
  38. Пайдалы модельге Патент, № 4338 от 16.01.2020. Андасбаев Е.С., Тарихов Н.Т., Абдулаева Ә.Б., Тусупбаева М.Б., Турсынбаева Д.А. «Объектілерді визуалдауға арналған оқу-көрсету жүйесі». Тіркеу № 2020/0028.2.