1 курс білімгерлерімен кездесу

2021 жылдың 3 қыркүйегінде гуманитарлық факультетінің деканы Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы 1 курс студенттерімен таныстыру онлайн-кездесуін өткізді. Кездесуде деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Тлегенова Гүлнұр Алмұхамбетқызы, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тумабаева Мадина Болатқызы, деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Рысдаулетова Ботагөз Тынысбекқызы сөз сөйледі.

Кездесуде факультет деканы бірінші курс студенттерін университетке түсулерімен құттықтап, олардың тамаша таңдауын атап өтті.

Кездесу «Ашық микрофон» форматында өтті, онда бірінші курс студенттері өз сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.