Университет тарихы мұражайына бару туралы

2021 жылдың 15-18 қарашасы аралығында Дене шынықтыру және өнер факультетінің 1 курс студенттері университетіміздің тарихы мұражайына барды. «100 рет естігеннен бір рет көрген артық» деген қағиданы ұстанған олар мұражай жәдігерлерімен, Талдықорған педагогикалық институтының (ол кезде осылай аталған) 50 жылға жуық даму тарихымен танысты, университет қабырғаларында да әр уақытта қызмет еткен белгілі ғалымдар. атақты түлектержайында мағлұмат алды. Осы экскурсиядан кейін студенттер   өз университетіне деген көзқарастарын өзгертті және Жетісу университетіне түсу арқылы дұрыс таңдау жасағанын түсінді деп ойлаймын.  

Ұзақ жылдар бойы қызықты да мазмұнды экскурсиялар өткізіп, сол арқылы бірінші курс студенттерінің университет ортасына, жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне тез бейімделуіне ықпал етіп келе жатқан мұражай меңгерушісі Клара Арынқызына шексіз алғысымызды білдіреміз.